Хабарларға қарағанда, Ауған көтерілісшілерінің жетекшісі Гулбуддин Хекматияр өзінің ауған үкіметі мен халықаралық күштерге қарсы соғысын тоқтататынын мәлімдеді. Осы арада Азаттықтың Ауған қызметінің тілшісі Хельманд провинциясындағы Талибан кітапшаларының мазмұны Талибан қолбасшылары арасындағы алауыздықты көрсетеді.
Хекматиярдың атысуды тоқтату жөнінде жариялағаны туралы оның өзі қол қойған мәлімдеме мазмұнында айтылған. Ол мәлімдеме жекеменшік телеарнадан айтылып, ол бейсенбі күні Қабулдың барлық арналарынан айтылды. Онда Хекматиярдың исламшыл жауынгерлік тобы Хизб-е-Ислами қозғалысы саяси әрекеттерге қатысу үшін басқа мұсылмандарды өлтіру мен елді талқандауды тоқтатады делінген. Бұл жайында Талибан деген кітаптың ауторы, пәкістандық журналист Ахмед Рашид Азаттық радиосына берген сұхбатында, Хизб-е-Ислами жауынгерлері Хекматиярдың өзі видеотаспа арқылы көрінбеген бұл оқ атуды тоқтату мәлімдемесін ескереді дегенге және басқа да жайттарға өзінің күдікпен қарайтынын айтты:
“Егер ол рас болса түсінікті, ол Ауғаныстан үкіметіне өте үлкен қолдау болатын еді. Бірақ, Хекматияр соңғы бірнеше жылда ұстанымын бірнеше рет өзгертті. Үш ай бұрын ғана ол бірінші болып, билікпен достық қарым-қатынас құру мүмкіндігі туралы сөйледі, одан кейін ол өзінің ешқашан достық құрмайтынын айтты. Сондықтан, біз дәл қазір оның қай жерде тұрғанын білмейміз. Және менің пікірімше, ол айқын болмағанша, мүмкін Хекматиярдың өзі оқ атуды тоқтату туралы видеотаспа арқылы жарияламаса, мен әлі де Хизб-е-Ислами жауынгерлерінің соғысуды тоқтататынына өте күдікпен қараймын”.
Хекматиярдың Хизб-е-Ислами қозғалысы исламшыл моджахедтердің атауы бірдей екі қозғалысына қарағанда үлкен әрі көбірек радикалды. Хекматиярдың тобы бұрындары 1960 жылғы ауған қоғамында шіркеу бөлімдерін ашу мен Қабул университеттерінде Марксистік топтардың пайда болуына қарсылық танытқан мұсылман жастар қозғалысы болған. Консервативтік исламшылдар ретінде Хекматияр талибандарға дейін Қабул радиосы мен телеарнасынан музыка беруге тыйым салған. Хекматияр сонымен бірге, әйелдерге қатаң мұсылман киімін киюге нұсқау берген. 2001 жылдың соңында Талибан режимі құлағанда, Хекматияр соғысын жалғастырып Ауған үкіметі мен халықаралық қауіпсіздік күштеріне қарсы соғысты.
2006 жылы Хекматияр араб тілді “әл Жазира” теларнасынан шығып өз күштерінің әл Қаидамен бірдей соғысқанын қалайтынын айтқан. Хекматиярдың жақын одақтасы, 1990 жылға дейін оның өкілі болған Қуарибурахман Сайед Азаттықтың ауған қызметіне берген сұхбатында, бұл оқ атуды тоқтату мәлімедемісінің шынайылығына күмән келтіреді:
“Мен білетін Хекматиярдың бағыты мұндай емес, ол Ауғаныстаннан шетелдік күштер шығарылсын деген өзінің талабына қарсы келмейді. Ол үнемі Ауғаныстандағы халықаралық күштер шығарылғанда ғана үкіметпен сөйлесетін болам деп айтып келген”.
Ал, шілденің 15 күні Ауғанстанның Қорғаныс министрлігі Хизб-е-Исламимен бір қатарда жүрген 30 жауынгер қару-жарақтарын тастап, үкіметпен бірге ынтымақтастық құруға келісті деп хабарлаған.
Сонымен қатар, Азаттықтың ауған редакциясының тілшісі Салех Мохаммед өз хабарларында, Талибан қолбасшылары арасында бөлінушілік байқалғанын айтты. Оның айтуынша, сәрсенбі күні оның қолына Хельман провинциясындағы Талибан қолбасшысының Талибан жетекшісі Мулла Мохммад Омар мен оның жетекшілік кеңесін сынаған қолжазбасы түскен. Кейін бұл талибанның түнгі хаты деген жазба Хельмандтағы тайпа басшыларын таратылып, одан кейін хабарларға қарағанда Талибанның басқарушы кеңесі Пәкістандағы Кветта қаласында кездескен. Сөйтіп, осы айдың басында олар Талибан операцияларына жауапты ретінде ауған емес әл Қаида жасақтарын енгізу жөнінде шешім жасаған.
Ал, Хельмандтағы атын атамауды жөн көрген тайпа ақсақалдарының бірі ол қолжазбаны Азаттыққа оқып берген:
“Біз Мулла Омардың шешімдерін сынаймыз. Біз қандайда бір басқа қолбасшыны қабылдамаймыз. Егер олар осы бағытын жалғастырса, біз қозғалыстан шығамыз. Біз тек қана американдықтарға қарсы жихад ашқымыз келеді, біздің тілегіміз сол ғана. Және біз шетелдік күштерге қарсы соңына дейін соғысамыз. Бірақ, Кветтадағы Басқарушы Кеңестің жасаған шешімі қате шешім. Олар Талибан жетекшісінің орнына Өзбек немесе Шешенді тағайындағысы келеді. Мулла Мохаммед Омар, сен пуштундардың ешқашан құл болғысы келмейтінін білуің керексің. Біз шешен немесе өзбек қолбасшыларын қабылдамаймыз. Өзбек болмаса Шешен жақсы мұсылман ба, жоқ па ол әлі айқын емес. Олардың басқаруын қабылдағанша өлген артық. Егер осылай болса, біз тоқтатып, бәрін Муллах Омарға тастап кетеміз” деп жазылған екен ол хатта.
Журналист Рашид Мулла Омар немесе Талибан басшылығының басқа мүшелері ауған емес басқа азаматтың өз қозғалыстарын басқаруына жол береді дегенге сенбейді.