Иран мен АҚШ-тың Ирақтағы елшілері бүгін Бағдадта кездесіп, Ирақтағы қауіпсіздік жағдайын қалай жақсартуға болады деген мәселені талқылауда. Иран мен АҚШ ресмилері соңғы екі айдың ішінде осымен екінші рет кездесіп отыр. Олардың бүгінгі жиыны қандай нәтиже беруі мүмкін?
Иран елшісі Хасан Каземи-Қоми мен АҚШ елшісі Райан Крокердің бүгінгі кездесуінен үлкен алғажылжушылық болады дегенге бақылаушылардың көбі азғантай ғана оптимизм танытып отыр.
Мысалы, Ирақ парламентінің суннит мұсылман мүшесі Мисал әл-Алуси “Фарда” радиосына берген сұхбатында Иранға сенуге болмайды деп мәлімдеді.
“Бұл жиыннан нәтиже шығады деп ойламаймын. Біз Иранның лаңкестер мен қарулы адамдарды қолдауларын және Ирақта ғана емес сонымен қатар Ливан мен Сирияда және Хамасқа қатысты жемқорлықты қоштауларын тоқтатуға ниеттеніп отырғанын көрмедік. Сондықтан Иранның саясаты пайдалы емес өте агрессивті, ол Таяу Шығыстағы көптеген халықтың мүддесіне қайшы келеді. Сол үшін, бұл кездесуден нәтиже шықса, мен өте қайран боламын”, - дейді әл-Алуси.
Егер бүгінгі жиналыстан ешқандай алға жылжушылық болмаса, онда бұл дегеніміз Теһран өзінің ядролық бағдарламасын дамыту үшін тек қана уақытты өткізуге тырысып жатқан шығар, дейді әл-Алуси. Оның айтуынша, Иран АҚШ пен ирақтықтардың және бүкіл Таяу Шығыстың уақытын бекер кетіруде.
Бұндай айыптауларды Иран жоққа шығарып, біз Ирақта тұрақтылықтың болуын қалаймыз деп келеді. Бірақ Вашингтон Теһранды Ирақтағы толқуларды қолдайды деп айыптайды. АҚШ ресмилері Иранның сөзі мен әрекеті сәйкес келуі керек дейді.
АҚШ мемлекеттік департаменітінің баспасөз-хатшысы Шон МакКормак кеше журналистерге берген сұхбатында былай деп мәлімдеді:
“Иран өзінің іс-әрекетін өзгерте ме жоқ па және біз Ираққа қатысты мәселелерді талқылай аламыз ба? Міне осыны білу үшін біз бұл кездесуді өткізіп отырмыз. Осындай жиын маңызды, егер олар шынымен де Ирақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті және оның өркендеуін қалайтын болса, олар өз іс-әрекеттерін өзгертуге тиіс болады деп ойлаймыз. Ең болмаса, осы жөнінде біз ирандықтарға тікелей хабар жеткізе аламыз”, - дейді МакКормак.
Ал бұрынғы Иран дипломаты Мехрдад Хонсари “Фарда” радиосына берген сұхбатында мынандай пікірін жеткізді:
“Әрине бұл позитивті қадам. Бірақ, бұл келіссөзден нәтиже шығуы үшін және бір шешімге келуі үшін екі жақ та оны бірдей қалауы керек”.
Бәлки Иран мен АҚШ бір-бірінің талаптарын қолайсыз деп отырған шығар, дейді бұрынғы Иран дипломаты. Бірақ, АҚШ-та орналасқан Рутгерс университетіндегі профессор әрі үкіметтік емес АҚШ пен Иран Кеңесінің басшысы Хушанг Амирахмади осыған байланысты өзгеше пікір айтуда. Оның мәлімдеуінше, екі жақтың тағы да кездесіп отырғандығының өзі бірінші жиынның сәтті өткенін көрсетеді.
“Мен екі елдің бір-бірімен тікелей келіссөз өткізуге келіскенін оң бағалап отырмын. Яғни бұл дегеніміз, олар бір-біріне қарсы айыптауларын одан әрі жалғастырып жатса да, екі жақтың өзара алғашқы келіссөздерін позитивті бағалап отырғанын білдіреді”, - дейді профессор Амирахмади.
Ал бұл екі арада, осыдан бір апта бұрын Иран мемлекеттік телеарнасы қамауға алынған екі иран-американдық жөніндегі хабарды көрсеткен болатын. Онда Халеһ Есфандияри мен Киан Тажбахш Иран Ислам елін “тұрақсыздардыруға” әрекет еттік деп мәлімдеді. Вашингтонда орналасқан Удроу Уилсон халықаралық орталығындағы Таяу Шығыс бағдарламасының директоры Есфандияри ханым өзінің “Иран жүйесіне өте маңызды өзгерістер алып келетін және ол жүйені тұрақсыздандыратын әрекеттермен” шұғылданғанын айтты. Ал Сорос Ашық Қоғамында жұмыс істейтін Тажбахш оның ұйымы “ұзақ мерзімді мақсатқа ие екенін... үкіметтің өзгеруіне қысым жасауға бағытталғанын” айтты. Сонымен қатар, Иран билігі тағы басқа екі иран-американдықты, яғни Фарда радиосының тілшісі Парназ Азима мен Әли Шакери деген азаматтарды ұстап отыр.