Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің немере-інісі, тәуелсіз журналист Жәмшид Кәрімов он бір ай психиатриялық ауруханада қамалып жатыр. Ол ағасы Ислам Кәрімов жүргізетін саясатты сынап, шетел басылымдарына мақала жазатын. Жәмшидің достары оның денсаулығы күрт нашарлап бара жатыр дейді.
Президент Ислам Кәрімовтің немере-інісі, тәуелсіз журналист Жәмшид Кәрімов Британияда орналасқан "Соғыс және бейбітшілік институты" деген қоғамдық ұйымға жұмыс істейтін. 40-жасар Жәмшид Өзбекстандағы адам құқықтарының мәселесі жайында мақала жазып тұратын. Жәмшид – Ислам Кәрімовтың туған ағасы, осыдан 18 жыл бұрын жол апатында қаза тапқан Арсланның баласы. Міне бір жылдай уақыт болып қалды, Жәмшид психиатриалық ауруханада қамалып жатыр, оның денсаулығы күрт нашарлап кетті деген хабар бар.
Жәмшид Самарқанд қаласының маңында орналасқан Жизақ қаласында тұрады, ол бірнеше ай арнайы қызмет орындарының бақылауында болды да, былтыр қыркүйек айында жоғалып кетті. Араға екі апта салып психиатриялық ауруханадан табылды. Ал оның алдында бір ай бұрын, былтыр тамыз айында өзбек ресми өкілдері Жәмшидтің паспортын тартып алған, Жәмшидке алысқа кетуге және шетелдерге телефон шалуға тыйым салынған болатын. Міне, былтырғы жылдың қыркүйек айынан бері ол оқшауланып, психиатриялық ауруханада жатыр. Жәмшидті туған шешесі, 71-жасар Маргарита ғана көріп тұрады. Алайда ол "Азаттық" радиосының тілшілерімен сөйлесуден бас тартты, билік орындарынан өзінің қорқатынын айтып, телефондарым тыңдаулы деді. Өзбек тілінде шығатын кейбір тәуелсіз интернет-сайттардың хабарлауынша, Жәмшидтің халі мүшкіл, денсаулығы нашарлап жатыр, өзіне-өзі қол салуды да ойлайтын көрінеді. Жәмшидтің жақын досы және әріптесі Ұлықбек Қайдаров оның денсаулығына алаңдап отырғанын айтады:
- Жәмшідтің жағдайы қатты нашарлап кетті. Бұл қабылдап жатқан дәрілерінің себебінен бе, жоқ басқа себептен бе білмеймін. Оның көзі жақсы көруден қалды. Газет оқыса оған көзәйнек киюге рұқсат етілмейді. Көзәйнегі тартып алынған, күніне шектеулі уақытқа ғана беріледі. Жәмшидті жақсы білемін.Ол көзәйнек киетін, бірақ көзім нашар көреді деп ешқашан айтпайтын. Бірақ қазір ол жақсы көре алмайды, оның жағдайы өте нашар. Мұны естіп, көңілім қатты қиналып отыр.
Жәмшид Кәрімовтің жағдайына бірнеше халықаралық демократиялық ұйым араша түсіп отыр. Халықаралық Пен-Клуб ұйымы Жәмшидтің қамалып жатқанына ешқандай заң негізі жоқ, Жәмшид адам құқықтарын қорғау қызметі үшін қудаланып жатыр деп мәлімдеді. Англия Пен-Клубы "Түрмеге қамалған жазушылар" комитетінің мүшесі, Британия ақыны Ричард Маккейн Жәмшидтің тағдырын өлең жолдарына да түсірді. Ричард Маккейн Өзбекстанда және көршілес елдерде адам құқықтарының кемсітіліп жатқанына батыс елдерінің үкіметтері көз жұмбау керек дейді:
- Өзбекстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда және Әзірбайжанда болып жатқан нәрселер біз білетіннен әлдеқайда жабулы күйде. Өзбекстанда адам құқықтары бұзылып жатыр деген жағдайдың түбіне жеткім келеді. Бұл өте маңызды, Батыс елдері мұны түсінсе жөн. Батыс елдері бұл елдерде тек қана мұнай мен газды көрмеу керек. Олар да кеудесінде жаны бар адамдар.
Нью-Йоркте орналасқан "Журналистерді қорғау комитеті" Өзбекстанда қазір кемінде бес журналист қамауда жатыр дейді. Оның бірі осы Жәмшид Кәрімов, ел президенті Ислам Кәрімовтің туған немере-інісі.