Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысатын елдердің басшылары бүгін Бишкекте жыл сайынғы саммиттерін өткізді. Ресей, Қытай, Қазақстан және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінің басшылары "Ұзақ бағыттағы көршілес қатынастар келісіміне" қол қойды. Осылайша саммит соңында қабылданған құжаттың атауы жалпылама болып тұр. Ал саммитте негізінен қандай мәселелер талқыланды екен?
Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде қаралған басты мәселенің бірі – қуат көздерінің мәселесі, ұйым басшылары "біріккен энергетика базарын" құруға келісті. Бір сөзбен айтқанда, мұнай мен газға бай елдер қуат көздеріне мұқтаж елдердің дамуына қуат береміз деп міндеттеме алды. Ұйым декларациясы энергетика ресурстарын "экономика дамуының жалғасы және қауіпсіздік кепілі" деп сипаттайды. Осындай сарындағы келісімнің қабылдануына Ресей президенті Владимир Путин аса көп күш салды:
- Энергетика саласында әріптістікті ұлғайту барлық ұйым мүшелерінің мүддесіне сай келетін аймақтық жобаларға қатты қозғау салады. Энергетика диалогы, ұлттық энергетикалық концепциялардың үйлесімдігі, "энергетика клубының" құрылуы алдағы әріптестігіміздің басымдылықтарын айқындайды деп сенемін.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та саммит соңында қабылданған декларация және саммиттің өзі өте маңызды дейді:
- Келісім Шанхай ынтымақтастық ұйымының мәртебесімен қатар алдағы әріптестіктің күретамыр бағытын белгілейді, Шанхай құбылысын дамытудың басты бағдары болып табылады, алдағы бұындардың аймақтық әріптестігін кеңейтуді мақсат тұтады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібінде, сол сияқты, қауіпсіздік мәселесі талқыланды. Барлық тараптар терроризмге қарсы күресудің, заңсыз есірткі мен қару-жарақ тасымалына қарсы күресудің маңыздылығын атады. Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов Ауғанстанның жақын көршілері ретінде бұл елде зұлымдықтың өсе түскеніне алаңдаймыз, есірткі өндірісінің және есірткі тасымалының өсіп жатқанына, "Талибан" қозғалысының әскери қимылдарына алаңдаймыз деді. Саммитке бақылаушы ретінде қатысқан Ауғанстан президенті Хамид Қарзайдың назарына ілінетін сөз бұл жерде көп болды. Президент Путин Ауғанстан айналасында "есірткіге қарсы қауіпсіздік белбеуін" құруды ұсынды, Ауғанстандағы есірткі саудасының тамырын жою керек деді.
Саммитте, сонымен қатар, әскери әріптестік талқыланды. Ұйым шеңберінде мәдениет, денсаулық сақтау, байланыс, банк жүйесі және басқа да салаларда әріптестікті кеңейту қарастырылып отыр. Өзен суларын пайдалану, шекаралық өзендерге қатысты су құқықтары да тілге тиек етілді. Президент Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетін құруды ұсынды, дегенмен, мұндай университетке қандай міндет қойылмақ екені анық емес.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне бақылаушылар ретінде қатысқан кейбір мемлекеттердің басшыларының сөздерін атап кетсе жөн. Иран президенті Махмұд Ақмеденижат Америка Құрама Штаттарын тұспалдап, әлемнің бірнеше жеріне зымыраннан қорғану жүйелерін қойып жатқан ел қауіп төндіреді" деді. Иран президенті "энергетика клубы" құрылса мұнай мен газ министрлерінің кездесуін ұйымдастыруға көмектесеміз деді. Пәкістан сыртқы істер министрі Хуршид Касури Шанхай ұйымының мүшелігіне өткіміз келеді деді. Шанхай ұйымының саммитіне Түркіменстан президенті тұңғыш рет қатысты, жаңа президент Гурбанқұлы Бердімұхамедов елдің оқшаулану саясаты таусылғанын білдірді, Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты топтарға қатысқымыз келеді деді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті төрағалығы, яки 2008 жылдағы төрағалығы Тәжікстанға өтті. Одан кейін, 2009 жылы төрағалық Ресейге өтеді. Бұл жерде айта кететін жайт, ешкім сұрап жатпаса да, президент Путин ұйымның 2009 жылдағы саммиті Екатеринбург қаласында өтеді деп жариялап жіберді.