Тамыздың 18-інде өткен Парламенттік сайлауларда билік басындағы Нұр-Отан партиясының жеңіске жетуі ешкімді таң қалдырмады. Алайда, Мәжілістегі Қазақстан Халықтары Ассамблеясына бөлінген 9 орынның сыртындағы 98 депутаттық орынның бәрін жалғыз Нұр-Отанның иеленуі күтпеген жағдай болды. Парламентке "оппозиция" деп атауға боларлық бір де бір депутаттың енбеуі Қазақстанның сайлау тарихында алғаш рет болған құбылыс. Көпшілік үшін ендігі бір күтпеген жағдай Европадағы Қауіпсіздік Пен Ынтымақтастық Ұйымының сайлауларды бақылау бөлімшесі – Демократиялық Құрылымдар мен Адам Құқықтары бойынша Кеңсе, халықаралық стандарттарға сай келмегенімен, Қазақстандағы сайлауларда біршама оң өзгерістер байқалды деп мәлімдеуі болды. Азаттық радиосының Демократиялық Құрылымдар мен Адам Құқықтары бойынша Кеңсенің баспасөз уәкілі Урдур Гуннарсдоттир-мен бақылаушылардың жұмысы жөнінде сұхбаттасқан болатын.
Европадағы Қауіпсіздік Пен Ынтымақтастық Ұйымының сайлауларды бақылау бөлімшесі – Демократиялық Құрылымдар мен Адам Құқықтары бойынша Кеңсе атқаратын бақылау жұмысының мәнісін кеңсенің баспасөз өкілі Урдур Гуннарсдоттир былайша түсіндіреді:
"Мұны айнаны қойғанмен салыстыруға болар, болып жатқан істі барындай көресіз. Біз сайлау үрдісіне мүлде араласпаймыз – біз бұл үрдістің құрамдас бөлігі емеспіз, біз үшін бұл ерекше маңызды, өйткені кейде адамдар бізді сайлау полициясындай көріп, өз шағымдарын бізге айтып жатады."
Демократиялық Құрылымдар мен Адам Құқықтары бойынша Кеңсенің өкілі сайлауды бақылаудың қалай басталып, қалай түйінделетінін былайша түсіндіреді:
"Әр жолы бұл билік орындарынан келетін шақырудан басталады. Және біз әрдайым сол билікпен, яғни үкімет орындарымен байланыста боламыз. Бірақ сонымен қатар, біз баспасөзбен, үкіметтік емес ұйымдармен, қатарында оппозициясы бар, үкіметтігі бар, саяси партиялармен, сайлау әкімшілігімен және бірқатар адамдармен де байланыста боламыз. Біз сайлауға барлық тараптардан қарауға тырасамыз. Біздің топ елге алдын ала келеді, Қазақстанның жағдайында олар екі ай бұрын келіп, сайлауалды науқаны басталар-басталмастан өз жұмыстарын бастап кетті. Олар баспасөзді шолу арқылы түрлі саяси партиялардың қандай дәрежеде баспасөзде қамтылып жатқанын, қандай тұрғыда аталып жатқанын бақылаумен болды. Олар сайлау комиссиясымен байланыс құрып, дайындықтың қалай өтіп жатқанын бақылады. Аймақтарда олар сондағы саяси партиялармен, сондағы баспасөзбен, сайлауға қатысы барлардың бәрімен байланыс құрды. Олар сайлау алды науқаны қарай өтіп жатқанын, түрлі-түрлі деңгейдегі дайындық барысын бақылаумен болды."
Бұл ұзақ уақытқа келген бақылаушылардың жұмысы. Бұл жұмыстың нәтижесі жинақталып, қосымша мәліметпен толқытырылып, қысқа мерзімге келген бақылаушыларға үлестіріледі.
Сайлау күні бақылаушылардың не істейтіні жөнінде Демократиялық Құрылымдар мен Адам Құқықтары бойынша Кеңсенің өкілі Урдур Гуннарсдоттир былай дейді:
"Бақылаушыларымыздың бәріне назар аудару қажет мәселелердің ұзақ тізімі беріледі. Бұл тізім сайлау барысында қалыптасуы мүмкін мәселелердің бәрін қамтиды. Сайлау бекетіне жеткен кездегіден бастап – мәселен ондай жерде болмауы тиіс адамдар маңайда тым көп емес пе, үгіт-насихат қағаздары дауыс беру бекетіне тым жақын емес пе деген сияқты мәселелерден бастап, сайлау бекетіндегі жағдай, қанша кісі дауыс беріп жатыр, тізімде қаншасы бар, қандай да бір проблемалар туындады ма, тізімге қосылған адамдар бар ма, бүтін дауыс беру барысы қалай өтіп жатыр деген мәселелер қамтылады. Бақылаушылар осы мәселелердің бәрін тексеріп қолындағы екі беттік тізімде белгі соғып отыруы тиіс."
Гуннарсдоттир, сондай-ақ, бақылаушылардың бейтараптылығын сақтай отырып, түрлі сауалдар қоюға толық қақылы екенін де ата өтеді:
"Олардың сауал қоюға барлық құқығы бар, алайда олар бақылаушылар болғандықтан, олардың ешбір мәселеге қол сұғуына болмайды. Көптеген мәселелерді анықтауы керек болғандықтан, бақылаушылар кез келген адамға, сайлаушы бола ма, ел ішінен келген бақылаушы бола ма, сайлау комиссиясының мүшесі бола ма, кез келген адамға бұл тұрғыда сауал қоя алады. Алайда, олардың іске араласуына болмайды. Егер бұрыс бір жағдайды байқаса, олардың бұл жағдайды атап өтуіне болады, алайда оны тоқтатуға тырысуына болмайды. Өйткені, олар – бақылаушылар, сайлау үрдісінің құрамдас бөлігі емес, оны бақылаушы ғана."
Бұл толтырылған сауалдар тізімі дауыс беру күні барысында Демократиялық Құрылымдар мен Адам Құқықтары бойынша Кеңсеге жолданып отырады, мұнда бар ақпарат жиналғаннан кейін, Кеңсенің сайлау жөніндегі алдын ала есебіне негіз болады. Гуннарсдоттир өз сұхбатында Демократиялық Құрылымдар мен Адам Құқықтары бойынша Кеңсенің алдын ала есебі Қазақстандағы бұл жолғы сайлаудың ілгерілеу тұстары бар деп атап өтумен қатар, сыни пікірдің де айтылмай қалмағанын атап өтеді:
"Біз не көргенімізді айтуға міндеттіміз. Мәселен, оппозицияның өз көзқарасын сайлаушыларына жеткізуіне кей мүмкіндіктердің болғанын көрдік. Сонымен қатар, біз олардың бөгесіндерге де ұшырасқан тұстарын өз есебімізде айтарлықтай қамтыдық. Сайып келгенде, мәселе біржақты емес. Және әлбетте, елде екі ай болып, соншама адамды қатыстырғаннан кейін мәселені ақ-қара түрінде көрмейміз, есебімізде де бірнеше мәселеге назар аударылған.Егер есебімізді оқып шықсаңыз, жан-жақты суретті көресіз. Онда қай салада даму, қай жерде кері кетудің бар екені баяндалған."