Бахай діни қауымдастығын қорғайтын топ Иран ресмилері құпия түрде бахайлықтарды елдегі университеттерден шығаруға тырысуда, бұған біздің дәлеліміз бар дейді.
Бахай Халықаралық Қауымдастығының айтуынша, Иранның ғылым мен зерттеу және технология жөніндегі министрлігі елдің 81 жоғары оқу орнына жасырын хат жіберген. Әлгі хатта билік орындары университет жетекшілеріне “бахайлық студенттер оқудан шығарылсын” деп бұйрық берген, оның нұсқасы бізде бар, дейді аталған топ.
Иран үкіметі Бахай дінін ресми түрде мойындамайды.
Бахай халықаралық қауымдастығының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі Диане Алай “Фарда” радиосына берген сұхбатында өткен жылы Иран университеттеріне түскен бахайлық студенттердің жартысы оқудан шығарылды дейді.
Алай ханымның айтуынша, бұдан бұрын Иранның жоғары оқу орындарына тапсырылатын арыздарда жастар өз діндерін жазуы тиіс болатын. Иранда дискриминацияға тап болған бахайлықтар өз дінін жасыруға немесе жоғары оқу орындарында білім алудан бас тартуға мәжбүр еді, дейді Алай ханым.
“Осыдан екі жыл бұрын ресмилер университетке кіру арыздарын өзгерткен соң, бахайлық жастар емтихан тапсыру мүмкіндіктеріне ие болды. Өткен жылы 200 бахайлық университеттерге қабылданды. Алайда олардың 128 бір жылдың ішінде оқудан шығарылды”, - дейді Алай.
Оның айтуынша, университеттерден шығарылған бахайлықтардың ешқайсысы саяси әрекеттермен айналыспаған. Иран билігі оларға тек Бахай дінін қолдағандары үшін ғана одан әрі білім алуға мүмкіндік бермеген, дейді Диане Алай.
Бахай халықаралық қауымдастығының мәлімдемесінде министрліктің хаты бахайлық студенттерге елде дискриминация жасалмайды дейтін Иран ресмилерінің сөздеріне қайшы келеді делінген.
Аталған топтың айтуынша, жалпы Ирандағы 300 мың мүшесі бар Бахай қауымдастығына елде қысым жасалуда және олардың құқықтары шектелуде.
Бахай діні шиит мұсылмандарынан шығып Иранда 19-шы ғасырда пайда болған.
БҰҰ-ның бірнеше мекемесінде кеңесші мәртебесіне ие Бахай халықаралық қауымдастығы үкіметтік емес топ болып табылады.