Қазақстанда жақында доллар бағамының күрт өсіп, теңге құнының түсуі сейсенбі күні жарық көрген басылымдардың басым бөлігінде талқыланып, сарапшылар арасында түрлі пікір туғызған. Мысалы, кейбір банк қызметкерлері мұны елге кіретін валютаны әдейі кідіртті деп, кеден комитетінен көрсе, басқа экономист мамандар доллардың кенеттен өсуін жекелген адамдар қалтасын қалыңдату мақсатында «әдейі ұйымдастырлыған акция» деп отыр. Сонымен, бірге дүйсенбі күні "Нұрбанк" ісіне қатысты сот шешімінің шығуы да республикалық газеттердің назарын осы тақырыпқа қайта аудартқан.
«Күйеуімді іздеп әлемді шаралаймын». «Нұр банктің» бұрынғы басшыларының бірі, із-түзсіз жоғалып кеткен Жолдас Темірәлиевтің әйелі Армангүл Қапашеваның Венаға жасаған сапарынан соң «Время» газетіне берген алғашқы сұқбаты осылай аталады. Ол өзінің күйеуінің ұрлануына қатысы бар деп қазақстандық құқық органдары күдік келтіріп отырған Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевпен кездеспекші болған әрекетінен түк шықпағанын айтады. «Әлиев өзін-өзі торға қамады. Ол қарулы күзетшілермен және бейне бақылау камераларымен жасақтанып, үйінен аттап шықпайды», - дейді Армангүл Қапашева. Оның сөзіне қарағанда, Қапашеваның адвокаты Вольфганг Морингер Австрияның жоғарғы палатасына Рахат Әлиевті Қазақстанға беруден бас тарту туралы сот шешімін жоққа шығару туралы өтініш жасамақ. Бірақ, Армангүл Қапашеваның айтуынша, Рахат Әлиев жергілікті австриялық басылымдарға өзінің кінәсіз екендігін жеткізген. Бұл ретте Әлиев Алматыдағы «Нұр банк» ісі бойынша өткен арнайы жедел жасақ сарбаздарының ісін мысалға келтіріп, оларды банкке шабуыл жасауды ұйымдастырды деп айыптаған.
«Время» газеті «Нұр банктің» бұрынғы басқарма төрағасы Әбілмәжін Ғилымов және жедел жасақ тобының 4 сарбазының дүйсенбі күні толық ақталып шығуы арқылы «Нұр банк» ісіна ақыры нүке қойылды десе, «Жас алаш» газетіндегі «Нұрбанктің» ісіне нүке қойылды ма?» деген мақала істі болғандардың қалалық сотқа арыздауға мүмкіндігі бар екеніндігін ескереді.
«Жас алаш» газетіндегі келесі «Қазақстанда экономикалық дағдарыс болуы мүмкін бе?» деген мақалада Қазақстанда жақында 1 АҚШ долларының құны 140 теңгеге дейін көтерілгенін тілге тиек етеді. «Жұрт абыр-сабыр. Жаппай доллар сатып алу басталды да кетті. Қайдан шыққанын кім білсін, доллардың құны 200 теңгеге дейін жетеді-мыс деген» қауесет те бұрқ ете қалды» дейді мақала авторы. Алайда, экономист Оразәлі Сәбден газет тілшісіне берген сұқбатында доллардың құны артатындығы туралы пікірді негізсіз дейді. Себебі, оның пікірінше, доллардың құны мемлекеттік құрылымдар демалып, базар жұмыс істеген күндері күрт қымбаттап кетті. «Бұл күндері биржа жұмыс істемейді. Доллардың құнын күрт көтеріп жіберген – жекелеген валюта айырбастау орындары», - дейді экономист Оразәлі Сәбден.
Ал «Экпресс К» газеті Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының валюта базарындағы күрт өзгерістерге Қаржы министрлігінің кеден комитетін кінәлайтындығын хабарлайды. «Кеден комитеті елге әкелінетін барлық валютаны кеденнен өткізукезінде кідірткен деп айтылалып отыр» дейді «Экспресс К» газеті. Бірақ Кеден комитеті төраға орынбасары София Айсағалиева газетке берген түсіндірімесінде «долларды әкелуге тыйым салу таралы ақпараттың өтірік екендігін», «кеден де, үкіметте те ештеңеге тыйым салмағанын» айтады.
«Казкоммерцбанк» директорлар кеңесі төраға орынбасары Дәулет Сембаев «Время» газетіне қазақстандық төрт банктің тамыз айының соңында АҚШ-тан келген валютаны кеденнен уақытылы өткізіп үлгермегендерін тілге тиек етеді. «Олар бізге ақшаны банк қоймаларына апаруға рұқсат еткенімен, валютаны пайдалануға мүмкіндік бермеді. Арнайы рұқсатты тек мерекеден кейін алдық», - дейді «Казкоммерцбанк» басшыларының бірі Дәулет Сембаев. Оның айтуынша, «кейбір банктердің өз филиалдары мен айырбастау бөлімшелерін валютамен қамтамасыз ете алмағандықтан, басқа валюта айырбастаушылар доллар бағамын көтеріп жіберген».
Бірақ Кеден комитетінің «Литер» газетінде жарияланған мәліметтеріне сүйенсек, тамыздың 21-30 күндері аралағында жәй күндердегіден 18,6 пайызға доллар артық әкелінген. Қазақстанның даму институтының президенті Сагбат Спанов «Литер» газетіне берген сұқбатында долларға қатысты «шатақтың бәрі» осы арқылы қалталарын қалыңдатқан қазақстандық ойыншылар ұйымдастырған «жақсы жоспарланған акция екендігін» айтады. «Доллардың кенеттен өсіп, одан кейін қайта түсетінендігінен хабардар адамдар бірер күнде өздернің әл-ауқаттарын 10-12 пайызға өсірді», - дейді Қазақстан даму институтының басшысы Мағбат Спанов «Литер» газетінде. Сондықтан, экономист қазақстандықтарды шынайы қаржы дағдарысы мен алаяқтықтың ара жігін ажырата білуге шақырады.