Өзбекстандағы Ферғана жазығының Алтыарық ауданы тұрғындары дүйсенбі күні негізгі азық-түлік тағамдары бағасының қымбаттауына қатысты өз наразылықтарын білдіріп, шеруге шықты. Дәл осындай шерулер тынышсыз шығыс аймақтың бірқатар қалаларында да болып өткен. Кейбір хабарларға қарағанда Ферғана жазығының кей аймағында қауіпсіздік шаралары қатайтылып, полиция мен әскерлер дайындық жағдайына жеткізілген.
Алтыарық ауданының тұрғындары ет, ұн, өсімдік майы сияқты күнделікті тұтынылатын азық-түлік түрлерінің бағасы күн сайын шарықтап өсіп бара жатқанына өздерінің ашу-ызаларын шерулер арқылы білдірген. Бірнеше ондаған адам Янги араб ауылынан Алтыарық ауданы әкімшілік ғимаратына дейін жаяу шерулетіп барып, одан әрі қарай Ферғана аймақтық үкіметінің ғимаратына жеткенше шерулерін жалғастырған.
Ферғанадағы адам хұқтары белсендісі Абдусалом Ергашевтің айтуынша, жергілікті билік өкілдері шерушілермен кездескен.
- Алтыарық ауданының тұрғындары наразылық шерулерін ұйымдастырды, олардың бірқатары Ферғана аймақтық әкімшілігіне дейін барды. Әкімшілік шенеуніктері олармен кездесіп сөйлесті, оларды тыныштыққа шақырған соң, қайтадан ауылдарына жіберді.
Өзбекстанның шығысындағы елдімекендерде осындай шерулердің орын алғаны турасында хабарлар болды.
Uzmetronom.com деп аталатын тәулесіз вебсайттың хабарлауынша, дүйсенбі күні адамдар көптеп қатысқан шерулер Әндіжан, Наманган қалаларында, сондай-ақ Ферғана жазығындағы Ферғана қаласында да өткізіліпті. Бұған қосымша Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Әндіжандағы шерулер кезінде қауіпсіздік күштері мен жергілікті тұрғындар арасында қақтығыстар болыпты деген ұзынқұлақ хабарлары тараған болатын. Бірақ мұндай ақпарат басқа бұлақ көздерінен анықталған жоқ. «Азаттық» радиосының тілшілері Әндіжан қаласының тұрғындарымен тілдеспек болған әрекеттеріне ешнәрсе шықпады.
Сонымен қатар бұл наразылық шерулері жайында жергілікті мерзімді басылымдар ешқандай хабарлар бермеген. Бірақ тамыз айының орта шенінде Әндіжанда қандай да бір проблемалар болып жатыр деген алғашқы қаңқу сөз тараған кезде, мемлекеттік телеарна әндіжандықтар туралы олардың бақытты және қалыпты өмір тіршілігі жөнінде деректі фильмдер көрсеткен еді.
Ферғана ру деп аталатын тағы бір тәуелсіз вебсайттың хабарлауына қарағанда, қыркүйектің 5-нен бастап, жергілікті билік Ферғана жазғындағы Маргилан қаласында коменданттық сағат енгізуді жоспарлап отырған көрінеді. Осы вебсайт сондай-ақ жергілікті адам хұқтарының белсенділеріне сілтеме жасап хабарлап отырғандай, алдағы апталарда Маргиланда толқулар болуы мүмкін.
Тәуелсіз журналист Сергей Ежков Өзбекстан жұртшылығы азық-түлік тәрізді күнделікті тұтыну тағамдарының бағасының қымбаттығы мен жалақының тым төмендігіне наразы дегенді айтады.
- Басқа қалаларда да тура осындай жағдай, көрініс болып жатқан шығар, тек Алтарықтың тұрғындары бір-бірін қолдап, осындай қадамдарға барған, - дейді журналист.
Мәселен, қазір ұнның бір килограмы 1200 сум, бұл бір долларға сәл ғана жетпейді, демек бұл ең төменгі айлық жалақы 12 доллар болатын Өзбекстанда бір килограмм ұн соның 15 проценттейі деген сөз. Өзбекстанда бір доллар 1275 сум тұрады.