Қазақстанда қаржы дағдарысы бола ма? Республикалық басылымдардың жұма күнгі сандарында осындай әңгіменің соңғы уақытта жиі айтылып жүргендігі, қазақстандық банктерідің несие беруді шектеп, ипотекалық несиенің жылдық пайызын 20 пайызға дейін арттырғандығы айтылады. Егер кейбір газеттер несие беруді шектеу көпшілікке тұрғын үй салатын құрылыс компанияларының жұмысын тежейді десе, келесі бір сарапшылар керісінше қаржы дағадырысына ұрынбау үшін жаңа құрылыс объектілерін салуға мораторий жариялау қажет деп есептейді. Сонымен бірге тұрғын үй бағасына қатысты да жұма күні жарыққа шыққан басылымдар қарама-қайшы болжамдар жасайды.
«Литер» газеті «Соққыны қабылдап алу» атты мақалада соңғы кезде Қазақстанда қаржы дағдарасы болатындығы жайында қауесет жиілеп кеткендігіне тоқталады. «Банктер өздерінің ресми мәлімдемелерінде мұны жоққа шығарғанымен, іс-әрекеттерімен басқа нәрсені көрсетіп отыр», - дейді «Литер» газеті. Газет тілшісінің мәліметтеріне қарағанда, қазақстандық банктер берілген несиенің шарттарын қайта қарап, берілетін несиелер ствакасын арттыруда. «Егер кеше ғана ставкалар 13 пайыз болса, қазір олардың жылдық пайызы – 18-20 пайыз», - деп жазады «Литер» газеті. Оған қоса, газет тілшісінің айтуынша, бұл мәселе жөнінде үкіметтің өз позициясын нақты жариялмауы отандық бизнес өкілдерін қосымша алаңдата түскен. Мақалада экономист Ұзақбай Айтжанов «егер бұлай жалғаса берсе, мұның арты жиналып келіп, ел есін әрең жиятындай үлкен әсер беруі мүмкін» депті. Сарапшының сөзіне қарағанда, қазір халықаралық қаржы институттары ғаламдық деңгейдегі шығынға батудан сақтанып, Қазақстан сияқты экономикасы әлі тұрақты емес аймақтарға талапты күшейте түскен. Сондықтан да, қазір банктер, ресурстар жеткіліксіздігі салдарынан несие көлемін шектеп, несие беруге, оның ішінде стандартты иопетекаға да моратароий жариялаған. Мақала авторы мұндай жағдай ең алдымен құрылыс саласына әсер етіп, олардың жұмысынн тежейтіндігін, ал оның зиянын ең алдымен, құрылыс компанияларына ақша салып отырған мыңдаған адам тартатындығын айтады. Сол себептен, «қаржы дағдарысының бетін алу үшін үкімет пен бизнес-қауымдастық күш жұмылдыруы қажет» деп есептейді «Литер» газеті.
«Новое поколение» газеті республикадағы ең ірі құрылыс компанияларының бірі – «KUAT» корпорациясы жұмысының тоқтап қалуы жылжаймайтын мүлік базарындағы дағдарыстан хабар береді деп есептейді. Газетте келтірілген деректерге қарағанда, «шілде айында банктер құрылыс индустриясына триллион теңгеден артық ақша құйған. 5 миллиард долларға ипотекалық несие берілген». Міне, енді сонша ақша салынған тауар сатылмай қалды. Әр шаршы метрі 3-5 мың доллар тұратын баспана салу үшін несие таратқанда банктер не ойлаған?» - дейді мақала авторы. Мақалада құрылыс бағасы айтарлықтай өспегенімен, баспаналарды қайтара сату құны қатты шарықтағандығы сөз болады. Сондықтан, «Новое поколение» газеті Қазақстанның Индустрия және сауда министрілігіне сілтеме жасай отырып, баспананы қайтара сату саласында шектеулер қойылатындығын хабарлайды.
Ал «Караван» газетінде керісінше жаңа құрылыс объектілерін салуды тоқтата тұру керек деген пікірі айтылады. «Өткені, қазір ипотекаға мораторий жарияланса, ұзақ мерзімді құрылысқа ақша бөлудің қажеті қанша? Бұл қауіпті. Құрылыс компаниялары онсыз да жақсы қорғалған» дейді «Караван» газетінде экономист мамандар. Оған қоса осы мақалада Қазақстан Риэлторлар қауымдастығының сарапшылары банктердің ипотекалық несиеге мораторий жариялауы да үй сатып алғысы келетіндердің арынын басқандығы айтылады. «Соңғы екі айда жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу ісі тіптен жүрмеді деуге болады» дейді сарапшылар. Нәтижесінде пәтер бағасы 10-15 пайызға арзандаған. Мақала авторының айтуынша, алдағы екі-үш айда тұрғын үй бағасы 30 пайызға дейін түсуі ықтимал. Ал бұған дейінгі тұрғын үй бағасының қымбаттауына, «Караван» газетінде жарияланған мамандар пікіріне қарағанда, бір жағынан бағаны жасанды түрде ұлғайтқан банктердің де, делдалдық пен айныласқан шенеуніктердің әсері зор.
«Әкімнің тәбетін қалай басуға болады?» деген «ДО Республика» газетінде жарияланған мақалада Вердиктова деген қала тұрғыны Алматы қаласының әкімі халықтың жекеменшігін күшпен алуға жол беріп отыр деп есептейді. «Жылжымайтын мүлік үшін «Алматыжер» мемлекеттік кәсіпорны берген ақшалай төлем өте төмен. Әкімшілік жекеменшіктегі мүліктерді ақылға сыйымайтын аз ақшаға сатып алып жатыр десе де болады», - деп жазыпты алматылық тұрғын газетке.
«Панорама» газетінде Риэлторлардың ұлттық қауымдастығының өкілдері басқа басылымдардағыдан өзге пікір білдіреді. Бұл қоғамдық ұйым жылжымайтын мүлік бағасы Алматы қаласында өсе беретіндігін айтқан. Олардың мәліметтеріне қарағанда, ипотекалық несиенің жылдық пайызы 20-25 пайызға дейін өскендігіне қарамастан, ипотекаға деген сұраныс тамыз айынан бері 20-25 пайызға артқан.