Республикалық басылымдар сейсенбілік санында Қазақстанның нан базарында қарама-қайшылықты жағдайда қалғандығын талдайды. Егер бір жағынан республика соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша астық экспортынан әлемде бірінші орынға шықса, екінші жағынан көптеген аймақтарда нан бағасы 50 теңгеге дейін өсіп, наубайханалар ұн тапшылғын тартуда. Келесі бір газеттер соңғы 8 ай ішінде Қазақстанда 6 журналистің қаза болып, бір журналистің ұрланғанын жазады.
Қазақстанның астық эспорты бойынша әлемде бірінші орынға шыққанын хабарлайды «Жас алаш» газеті Қазақстанның ауылшаруашылығы министріне сілтеме жасай отырып. Соңғы 8 айда респуликадан 975 мың тонна астық шетелге сатылыпты.
«Ал бұл уақытта республикадағы көптеген ұн шығарушы және нан комбинаттары шикізатқа зәру», - деп хабарлайды «Время» газеті «Нан безгегі» атты мақалада. Мысалы, «Эдит» наубайханасының директоры Маргартина Пересыпкина «Время» газетіне: «Алматыдағы нан дағдарысы баяғыда басталған. Қалада ұн жоқ дерлік. Кәсіпорындар қорда сақталған ескі ұндарды пайдаланып отырғандықтан, қала тұрғындары әзірге нан тапшылығын байқамай отыр», - депті. Нан шығарушы кәсіпорын басшысы қазірдің өзінде көптеген ұсақ наубайханалардың жабылып қалғанын айтқан. Оның пікірінше, Қазақстанның астығы шетелдерге, Ауғанстанға, Қырғызстанға, Украинға сатылып кеткендіктен, қазақстандық наубайханашылар тақырға отырып қалған. «Сыртқа астығымызды ағызып жатқан кезімізде бізде ұн бағасы жылдам өсуде. Егер біздің нан шығарушыларымыз қымбат шикізат алатын болса, нанның бағасы да шарықтап кететіні түсінікті», - дейді «Время» газеті. Газеттің, Алматы әкімшілігінің сауда бөлінің көмегімен әзірлеген деректеріне қарағанда, егер бір бөлке нан Алматыда былтыр 35 теңге болса, биыл қыркүйек айында оның бағасы 45-50 теңгеге жеткен. Бірінші сортты ұнның бір киләсі 52-54 теңге болса, қазір ол 75 теңгеге дейін көтерілген.
Алайда, «Айқын» газеті Қазақстанда нан бағасы басқа ТМД елдерімен салыстырғанда, ең төмені екендігіне тоқталады. Яғни, бірінші сортты нан 19 теңгеге, бидай наны 9 теңгеге қымбаттаған. «Мысалы, Ресейде нан 64 теңге болса, бізде 37 теңгеРесейРесе», - дейді «Айқын» газеті Қазақстанның ауылшаруашылығы министрінің мәлімдемесіне сүйене отырып. Министр Қазақстанның астық эспорттауын әрі қарай да кемітпейтіндігін айтыпты. «Биыл жиналады делініп отырған 20 миллион астықтың 9 тоннасы шетел асады», - деп хабарлайды «Айқын» басылымы.
«Литер» газеті болса, Алматы дүкендерінінің сөресінен ақ наның жоғалып кеткендігін баяндайды. «Мұндай жағдай тек оңтүстік астанада ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша қалыптасқан жәйт. Мысалы, Петропавловскіде бір адамға екі наннан ғана беру нормасы ензілген», - дейді «Литер» газеті. Ал Алматыдағы ең ірі нан зауыты – «Ақсай нан» қызметкерлері «Литер» газетіне ұн тапшылығын тартып отырғандарын хабарлаған. «Әдеттегі айлық ұн қорының орнына оларда тек апталық ұн қоры қалған».
«Көкшетау қаласында нан өнімдерінің бағасы 53 теңгеге өсіп», «астық астанасында жергілікті тұрғындар нан алу үшін таң атпастан тұрып, Ленинград қоршауында қалғандай кезекке тұруға мәжбүр. Себебі, түстен кейін оны дүкен сөрелерінен табу қиын», - деп жазады «Мегаполис» газеті.
«Экспресс К» газеті «соңғы 8 айда Қазақстанда 6 журналистің қаза болғанын» жазады «Әділ сөз» қорына сілтеме жасай отырып. Мақалаға риза болмаған адамдар тарапынан журналистерге 4 рет қоққан-лоққы жасалып, оларға шабуыл жасау оқиғалары да жиі кездескен. Сонымен бірге журналистерді сотқа беру, оның ішінде жала жапты деген айыппен арызданушылар көп болған. «Журналистерден моральдық шығын өндіріп алу құны 853 миллион 500 мың теңгеге жеткен». Оған қоса 8 ай ішінде бір журналист Оралғайша Жабағтайқызының да ұрлануы сөз болған «Экспресс К» газетінде.
«Время» газеті алматылық полицейлердің Оралғайша Жабағтайқызының тірі болу мүмкіндігін алға тартып отырғанын хабарлайды. «Куәгерлердің сөздері бізді үміттендіреді. Оны кепілдікте ұстап отырған тәрізді. Бірақ қандай мақсатта екенін айту қиын», - дейді «Время» газетінде Алматы ішкі істер басқармасының қызметкерлері. Бұған дейін журналистің жоғалуы оның Маловодное мен Казатком ауылдарындағы қақтығысты зерттеулерімен байланысты деген болжам жасалып келген. Бірақ қазір құқық орындарының қызметкерлері мұны толық жоққа шығарып, журналистің жоғалуы оның криминалды ортада белгілі адаммен жеке байланысына қатысты деген қорытындыға келген.