Президенттің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевті елге қайтару туралы Қазақстанның Австрияға қайтара сауал жіберуі бейсенбі күні шыққан республикалық басылымдардың назарын аудартты. Оған қоса «Жер қойнауын пайдалану туралы» заң жобасына өзгерістерді Парламенттің төменгі палатасының қабылдауы да Қазақстанның шикізат саласына арналған мақалаларына негіз болыпты.
Қазақстан Авcтриядан Рахат Әлиевті қайтаруды екінші мәрте сұрады деп хабарлайды «Время» газеті бейсенбілік санында. Газеттің мәліметтеріне қарағанда, Австрия прокуратурасы қазір банкирлер Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің ұрлануының жай-жапсары мен қазақстандық тележүргізуші Анастасия Новикованың өлімнің мән-жайына назар салуда. «Австрия өкіметінің сұрауына толық жауап берумен қатар Қазақстан халықаралық іздеуде жүрген Рахат Әлиев пен оның серіктері Вадим Кошляк пен Виктор Сапожниковті де елге қайтару туралы қайтара талап жолдады» - деп жазады «Время» газеті. Бұл уақытта, газеттің хабарлауынша, Қазақстанға қашып келген Рахат Әлиевтің бұрынғы оққағарлары Сергей Кошлай мен Айдар Бектібаев тергеу орындарымен белсенді түрде жұмыс істеп, түсіндірмелер беруде. Соның арқасында банкирлер Темірәлиев пен Хасеновтің «Нұр банктен» Рахат Әлиевтің үй-жайына қалай апарылғандығы анықталып, оларды тасыған көліктер айғақ зат ретінде алынған. «Сонымен қатар қазақстандық құқықорғаушылар Кошлай мен Бектібаевтың бөтен фамилияларды жамылып, олардың шекарадан кедергісіз өтуге мүмкіндік берген төлқұжаттардың шығу тегін тексеруде», - деп жазады «Время» газеті. Оған қоса Рахат Әлиевтің қасында жасырынып жүргендердің бірі Виктор Сапожниковтің кінәсі бұл қылмыстық істе өте аз екендігін, сондықтан, оның Венада тығылып жүруінің мағынасы жоқ екендігін айтады газет тілшісі. Мақала соңында журналист: «Әлиевтің қашып келген сыбайластарының айтуына қарағанда, Рахатгейттің басты кейіпкері – Рахат Әлиевтің жағдайы мәз емес», - дейді. «Ол үнемі өзіне шабуыл жасаудан сақтанып, жеке меншік австриялық фирманы жалдап, маңына оққағарларды жинап алған. Оққағарлардың бір тобы оны үйде, екіншісі – ол Венада жүрген кезде қоршап күзетіп жүреді», - деп жазады «Время» газеті.
«Жас алаш» газетіндегі сарапшылар Рахат Әлиевтің ісі Қазақстанның 2009-шы жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мүмкіндігіне кері әсер етті деп есептейді. Мысалы, саясаттанушы Андрей Чеботарев: «Әлиев біздің ЕҚЫҰ-дағы елшіміз болды. Қазақстанның демократиялық жолмен дамып жатқанын жағы талмай айтып жүрді де, басына іс түскенде 180 градусқа айнып шықты», - дейді. Сонымен бірге ол Қашаған дауынан кейін шетелдердегі Қазақстанға сын пікір айтушылар саны арта түсті дегенді айтады.
Ал сенатор Ғани Қасымов «Время» газетіне берген сұқбатында премьер-министр Кәрім Мәсімов туралы кім не айтса да, ол елдің ұлттық мүддесінің сақталуы үшін күресіп жүр дейді. Сенатор Қасымовтың сөзіне қарағанда, бүгінде, мысалы, Қазақстандағы Теңізшевройл компаниясы да жылына 60 миллион тонна мұнай өндіре отырып, атмосфераға 9 миллион күкірт бөлуде. «Ал 2015 жылы жылына 150 миллин тонна мұнай өндірген кезімізде не болады? Елімізді қалдықтар төгетін орынға айналдыруды доғару керек. Инвестор мырзалар кетеді, ал біз осында қаламыз ғой!» - дейді Ғани Қасымов «Время» газетінде.
«Экспресс К» газеті «Жер қойнауын пайдалану туралы» заңға «мұнайшылар үшін жағымсыз, мемлекет үшін» қажет, «тарихи» өзгерістер енгізілді деп есептейді. Мақала авторының айтуынша, құжат « ұлттық қауіпсіздікке қатер туа қалған жағдайда республиканың өндіруші саласындағы мүддесін қорғауға бағытталған». Заң жобасындағы «қатер» деген ұғымға экологияға келтірліген залал да, қазақстандық жұмысшының құқығын кемсіту де» жататындығын жазады «Экспресс К» газеті.
«Литер» газеті осы заң жобасы арқылы «енді Қазақстан өкіметі кез-келген келісім-шартты орындаудан біржақты бас тартуға құқық алады» деп санайды. «Сондай-ақ стратегиялық маңызы бар учаскелер мен кен орындарын анықтау құзіреті де үкіметтке берілмек», - деп жазады «Литер» газеті «Ұлттық мүдде» атты мақала.