Өзбекстандағы тіркелген бес саяси партияның бір жетекшісі ұзақтан бергі президент Ислам Каримовты тағы бір мерзімге мемлекет басшысы ретінде ұсынуға шешім қабылдады. Сайлау науқаны екі апта бұрын басталса да, Каримов өзінің сайлауға түсу ниеті туралы айтпай келген. Көптеген бақылаушылар ел Конституциясы оның президенттікке үшінші рет түсуіне тыйым салуына қарамастан, оның сайлауға қайта түсетініне сеніп келген.
Өзбекстанның Либералды Демократиялық партиясының мүшесі бейсенбі күні орталық комитет Ислам Каримовты үшінші мерзімге президент ретінде ұсыну жөнінде шешім жасағанын айтып отыр. Либералды Демократиялық партияның Ташкентте өткен кездесуінен кейін, Азаттық радиосының Өзбек қызметіне берген сұхбатында, бұл партияның атын атағысы келмеген өкілі партия жетекшілерінің бұл ұсынысы партияның съезінде нақтыланады деген.
“Ия, біз оны талқыладық. Ол мәселе қарашаның алғашқы 10 күніне белгіленген партияның құрылтайында қаралады”.
Бұл либералды демократиялық партияның мүшесі өз жиындарындағы талқылаулар барысында тек жалғыз кандидат Каримов болғанын айтып отыр. Өзбекстандағы қазіргі заң бойынша, кандидаттар қараша айынан бастап тіркеліп, одан 20 күннен соң сайлау науқаны басталуы тиіс. Аталмыш партияның бұл шешімі Каримовтың заң жүзінде 23-ші желтоқсандағы сайлауға түсе алмайтынына қарамастан, таңқаларлық жағдай болмады.
Либералды Демократиялық партияның бұл шешіміне қатысты Каримовтың өзі әлі ештеңе айтпады немесе президенттік сайлау туралы қандай да бір ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Совет Одағы кезінде Коммунистік партияның жетекшісі болған Каримов Өзбекстан басшылығында 1989 жылдан бері отыр. Ол Өзбекстан тәуелсіздік алған соң 1991 жылы желтоқсанда президент болып сайланған. Сосын ел Конституциясы оны бес жылдан екі рет қана президенттік қызметте болуына жол берген. Бірақ, 1995 жылы Каримов референдум өткізіп, билігін бес жылға созып алған. Екі жылдан кейін елдің ата заңына өзгерістер енгізіліп, президенттік мерзімді бес жылдан жеті жылға дейін созған.
Енді конституциялық кедергі туралы айтқандарға Каримовке жақын депутаттар Каримов бірінші жеті жылдығын аяқтап, келесі жеті жылға түсе алатын мүмкіндігі бар деп айтады. Каримов сөйтіп, ресми партиялардың ұсынуымен бесінші президенттіктен үміткер болып отыр.
Басқа төрт кандидаты ел басшылығына түсу үшін өз кандидаттарын жариялап қойған. Өзбекстанның халықтық демократиялық партиясы өздерінің кандидаттарын сәрсенбі күні хабарлаған. Ферғана.ру тәуелсіз веб парақшасындағы хабарға қарағанда, ол партияның парламенттегі фракциясының басшысы Аслиддин Рустамов президенттік сайлауға түседі.
Бұл Өзбекстанның халықтық демократиялық партиясы ашық түрде президент Ислам Каримовтың саясатын қолдайды. Сонымен қатар, басқа да билікке жақын партия өз кандидаттарын жариялап қойды.
Әділет әлеуметтік демократиялық партиясының бас хатшысы әрі партияның парламенттегі фракциясының басшысы Дилором Тошмухамедова ұсынылған бірінші кандидат болды. Ол Өзбекстан тарихындағы президенттік сайлауға түсетін бірінші әйел кандидат. Сонымен бірге Ұлттық Өрлеу партиясынан Қуршид Достмухаммад пен “құрбандық” деген партиядан Ахтам Турсунов болып отыр.
2000 жылдағы соңғы өткен президенттік сайлауда Халықтық Демократиялық партияның кандидаты Абдулхафиз Жалолов Каримовпен түскен жалғыз кандидат болған. Бірақ, дауыс берулерден кейін ол өзінің Каримов үшін дауыс бергенін айтқан.
Тәуелсіз журналист Абдурахмон Ташанов, президенттіктен үміткер ол үш ер адам мен бір әйелдің кандидатурасы тек биліктің қолдан жасаған демократиялық ойындары ретінде болады.
“Өзбекстандағы президенттік сайлуға қатысатын саяси партия жетекшілерінің қазіргі президент Ислам Каримов туралы айтқан қандай да бір мәрт сөздері тіпті оппозициялық сияқты мәлімдемесі күлкілі болып шығады. Олардың сайлау алды кездесулері мен парламенттегі батылданып айтқан сөздері олардың сайлауда қуыршақ кандидат болатынын көрсетеді”.
Сонымен қатар, бірқатар азаматтар де өздерінің президенттік сайлауға тәуелсіз кандидат болып түсетінін мәлімдеді. Алайда, ол Сухбат Абдуллаев, Акбар Алиев, Абдулло Тожибой Оғли, Ахтам Шоймардонов пен Жахонгир Шосалиов деген үміткерлер әзірге Орталық сайлау Комиссиясында ресми тіркелген жоқ. Өз өздерін кандидат деп жариялаған олар өздерінің үміткер ретінде Орталық Сайлау Комиссиясынан ресми тіркеуден өте алмау мүмкіндіктерін айтып шағымданған.
Тәуелсіз вебсайт “uzmetronom.com”- ның хабарлағанындай, ол төртеуі Ташкентте қазанның 3-күні бейресми баспасөз мәслихатын өткізген. Онда олар елдегі Орталық Сайлау Комиссиясының өздеріне қатысты қарым-қатынасына наразы екендіктерін білдірген.