Ауғанстанның парламентарилері мен бұрынғы дипломаттары Пәкістанда өткен сенбі күні болған президенттік сайлаудың Ауғанстанның қауіпсіздік жағдайына өзіндік бір оң әсер ететіндігіне күмәнмен қарайды.
Мүшаррафтың президент болып қайта сайлануынан ауғандықтар көп үміт күтпесе де, Ауғанстан президентінің кеңсесі Хамид Қарзайдың Первез Мүшаррафты жеңіске жетуімен құттықтағанын айтты. Олардың телефонмен нақты тағы не жайында сөйлескені турасында ешнәрсе айтыла қоймаған. Ал бұл аралықта Ауған үкіметі Пәкістандағы президенттік сайлаудың Ауғанстанның өз ішіндегі жағдайға қандай да бір әсері турасында ресми мәлімдеме жариялаған жоқ.
Ал Ауған үкіметінің кейбір шенеуніктері жекелей білдірген пікірлерінде Кабулдың Пәкістан Жоғарғы сотының президенттік сайлаудың нәтижесі туралы ресми хабарламасын күтіп отырғандығын айтқан. Ал ол 16-қазанда жария болуы тиіс.
Исламабадтағы Қарзай үкіметінің бұрынғы дипломаты Ахмад Саид Кабул өз ойын Жоғарғы соттың шешімінен кейін айқындайды дейді. Бірақ Саидтың бұл тұрғыдағы өз жеке пікірі аса бір сақтықпен айтылады.
- Егер Пәкістанда билік басында генерал Первез Мүшарраф немесе бұрынғы премьер-министр Беназир Бхутто, не тағы бір бұрынғы бас министр Науаз Шариф және басқа біреу болса да мұнда Ауғанстан үшін оң өзгерістер бола қоймайды. Өйткені Ауғанстанға қатысты Пәкістан саясатын жасаушылар олар барлау агенттіктері. Сондықтан да Ауғанстан тұрғысынан қарағанда президенттің немесе премьер-министрдің жекелеген тұлғалары Ауғанстанның келешегін жақсартатындай бір ықпал ете алмайды, - дейді Саид.
Саид сонымен қатар Пәкістан Жоғарғы соты Первез Мүшаррафтың қайта сайлануы конституциялық тұрғыдан заңсыз болды деп те шешім шығаруы мүмкін деген. Өйткені Мүшарраф Ұлттық Армия қолбасшысы болып тұрған кезде сайлауға түсті деп атап көрсетеді.
Ондай жағдайда Саидтың айтуынша, Мүшаррафтың елде төтенше жағдай жариялауы немесе әскери заң енгізуі мүмкіндігін күтуге болады. Ал мұндай қадам аймақтағы саясат дамуын өзгертеді дейді ол. Саид өз пікірін Ауғанстан басшылары елдің егемендігін нығайту үшін Ұлттық әскерді және ауғанның ұлттық полициясын құруды күшейту қажет деп қорытындылайды.
Бірақ алдында осындай ойын білдірген Ахмад Саид сол күні кешке қарай өзінің пікірін өзгертіп, Пәкістан Жоғарғы соты Первез Мүшаррафтың қайта президент болып сайлануын заңды деп табуы әбден мүмкін екендігін айтқан.
Ауғанстан парламентінің Мешрано жырға деп аталатын жоғарғы палатасының сенаторы қажы Салих Мохаммед Первез Мүшаррафтың қайта президент болып сайлануы - Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайына қандай да бір оң бағыттағы әсер етеді деп ойламайтынын айтқан «Азат Ауғанстан» радиосына берген сұхбатында.
- Пәкістан әрдайым өз жеке мүддесінен туындайтын саясат жүргізеді. Олар тіпті Талибан кезінде де өз жеке мүдделері үшін жұмыс істеді. Мұнда терроризмге қарсы күресетін альянс болғанына және антитеррорлық коалиция болғанына қарамастан, Пәкістан саясатын өз жеке мүддесіне қарай бұрып отырады.
Сарапшылардың кейбірі Пәкістан үкіметі қаңтар айында өткізілетін парламент сайлауы алдындағы қарбалас басталады деп отыр. Өзінің ішкі саясатын нығайта түсу үшін Первез Мүшарраф қуғындағы бұрынғы премьер-министр Беназир Бхуттомен парламент сайлауынан кейінгі билік бөлісу мүмкіндігі жайында сөйлесуде.