Бүгінгі күнді Еуропа Кеңесі Өлім жазасына қарсы Еуропалық күн деп жариялап отыр. Әлемде өлім жазасына шектеу қойған елдердің саны көбейіп келе жатқанмен, кей елдер әлі де жазаның бұл түрінен бас тартар емес. Бұл тұрғыда Португалия астанасы Лиссабонда өлім жазасына қатысты халықаралық конференция да ұйымдастырылды. «Азаттық» радиосы осы жиында баяндама жасаған Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Тэрри Дэйвиспен сұхбат өткізген еді.
«Азаттық» радиосы:
"Еуропа Кеңесі өлім жазасын жою тұрғысында көптен бері әрекет етіп келеді. Соңғы он жыл бедерінде Еуропа Кеңесіне мүше елдердің ешбірінде өлім жазасы жүзеге асырылмапты. Ондай болса, Өлім жазасына қарсы Еуропалық күнді дәл қазір өткізудің сыры жөнінде не айтар едіңіз?"
Тэрри Дэйвис:
"Мұның екі себебі бар, бірі Еуропаның ішінде де, бірі сыртында. Мұндай күнді Еуропа аясында өткізудің себебі мынада – рас, Еуропа Кеңесіне мүше елдердің ешбірінде, ал бұл 47 мемлекет, өлім жазасы қолданылмайды. Алайда, біз біздің елдердегі халықтың бәрі де мұндай жағдаймен толық келісіп отыр деп айта алмаймыз. Сондықтан, Еуропадағы халыққа, оның сыртындағы бізге мүше елдердегі жұртқа өлім жазасын жоюдың себебі не, неліктен бұл шешімді өзгертпеу қажет екенін түсіндірген өте маңызды.
Екінші себепке келер болсақ, Еуропаның сыртында жазаның бұл түрі әлі де кең қолданылып жатыр. Өлім жазасына қарсы Еуропалық күнді ұйымдастыру бұл тұрғыдағы әлемдік науқанның құрамдас бөлігі".
«Азаттық» радиосы:
"Өлім жазасына қатысты Лиссабон конференциядағы сөзіңізде Сіз өлім жазасын жоюға қатысты пікірлеріңізіді ортаға салдығыз. Ол адамшылықтан ада, қорқыныш болудан қалған, қылмыскерді шәйіт дәрежесіне көтеруі мүмкін әрекет дедіңіз. Десе де, өлім жазасы жойылған елдердің өзінде жазаның бұл түрін қолдаушылар баршылық. Бұған не дер едіңіз?"
Тэрри Дэйвис:
"Менің ойымша, мұның себебі өлім жазасы жойылған елдердегі бұл жазаны қолдаушы халықтың қалыптасқан жағдайды барындай қабылдауына байланысты. Біз халыққа әрдайым неліктен жазаның бұл түрін қолдануға болмайтынын, оның ықпалы жоқ екенін, жазаның бұл түрі қорқыныш болудан қалғанын тұрақты түрде түсіндіріп отыруымыз керек. Ел үкіметі мен парламентінің мұны түсініп, шешім қабылдауы жеткіліксіз. Демократия жағдайында халық өлім жазасы неліктен қолданылмайтынын біліп отыруы тиіс. Сондықтан бұл тұрақты диалог түрінде болғаны абзал".
«Азаттық» радиосы:
"Еуропа Кеңесіне мүше елдерден тысқары аймақтарға назар аударсақ, өзіңіз де айтып өттіңіз, Кеңеспен дос, одақтас елдердің кейбірінде, мәселен АҚШ пен Жапонияда, өлім жазасы әлі де бар. Бұл тұрғыда не дер едіңіз?"
Тэрри Дэйвис:
"Біздің Кеңесте бақылаушы мәртебесіне ие бірнеше мемлекет бар. АҚШ пен Жапония сол бақылаушы мәртебесіне ие мемлекеттер арасында өлім жазасынан әлі бас тартпаған жалғыз екі ел. Америкаға келер болсақ, мұнда өлім жазасы барлық жерде емес, көптеген штаттарда оған тиым салынған, тек кейбірінде ғана өлім жазасы сақталып отыр. Енді бір штаттарда өлім жазасы қағаз жүзінде бар болғанымен, іс жүзінде мүлде қолданылмайды, және бұл өлім жазасын жүзеге асырудың амалдарына байланысты алаңдаушылыққа тікелей қатысты. Өлім жазасына кесілген адамды қуатты электрмен немесе у арқылы өлтірудің тым қатал және адамшылықтан ада екеніне байланысты алаңдаушылықты білдіргендердің қатарында сол өлім жазасын қолдаушылардың өздері де бар. Таяуда АҚШ жоғарғы соты да осындай алаңдаушылығын танытты. Жапонияға келер болсақ, ондағы халықтың көпшілігі жазаның бұл түріне қарсы. Бір кездері Жапонияда бір де бір өлім жазасы жүзеге асырылмаған да еді. Оған адам өлтіруге жан-тәнімен қарсы болған сол кездегі Жапония Әділет Министрінің өлім жазасын жүзеге асыруға байланысты өкімдерге қол қоймауы себеп болған еді. Кейінірек министрдің өзгеруімен жағдай да өзгерді. Десе де, Жапонияда бүгінгі таңда басқа өркениетті елдер қатарынан табылып, өлім жазасынан бас тарту қажет деген дауыстар жиі естіле бастады. Мұндай жағдай басқа да Азия елдерінде, басқа континенттерде көрініс беріп отыр, Оңтүстік Америка мен Африкадағы елдердің көбі соңғы жылдары өлім жазасынан бас тартты".