Биылғы қыркүйек айының 6-сы күні Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған Ресейдің «Протон-М» зымыран тасымалдағышы Жезқазған қаласынан 40 шақырымдай жерде, Қарағанды облысының Ұлытау ауданына құлағаны белгілі. Мамандар «Протон» зымыран тасымалдағышының құлауына басқару механизміндегі тетіктердің жұмыс істемей қалғаны себеп болған деген алдын ала қортынды шығарып отыр.
Алайда, осы зымыран тасымалдағышының құлауынан қазақ жеріне және оның экологиясы мен экономикасына келген зиянның көлемін анықтау жұмысымен айналысатын Ресейдің және Қазақстанның үкіметтік комиссиялары қазанның 8-9 күндері Астанада бас қосқан. Осы отырыста Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин Ресейдің зымыран тасымалдағышының құлауы салдарынан тек Қарағанды облысына келген экономикалық зиянның жалпы көлемі 7 миллиард 327 миллион теңгені құрайтындығын атаған.
Ал осы отырыстан бірнеше күн бұрын Ресейдің зымыран тасымалдағышынан келген апатты жою жөніндегі қазақстандық комиссияның төрағасы, елдің төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов ақпарат құралдарына берген сұқбатында «Протон» апатынан болған жалпы шығын көлемі 9 миллиард теңге мөлшерінде деген болатын. Зымыран апатына қатысты құрылған екі елдің үкіметтік комиссиялары қазанның 8-і күні ашық түрде жиналыс өткізіп, келесі күнгі отырыстарын жабық жағдайда өткізген.
Екі ел комиссияларының екі күнгі отырысының қортындысы туралы қазақстандық комиссия төрағасы, төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпуновтың баспасөз хатшысы Наталья Ким сәрсенбі күні «Азаттық» тілшісіне берген сұқбатында, Ресей жағының сұрауы бойынша зымыраннан болған шығынды қайта есептеу желтоқсан айына дейін кейінге қалдырылғанын айтты.
Оның айтуынша, «Протон-М» зымыран тасымалдағышының құлауының себеп-салдарын анықтаумен және оның келтірген зиян мөлшерімен байланысты шараларға жұмсалатын шығынды Ресей жағы қайта есептеп, содан кейін барып төлей бастамақшы.
«Сол үшін Ресей жағы осы шығындарды есептейтін жұмыс тобын құрып отыр», деді Наталья Ким.
Сондай-ақ, Қазақстан үкіметі алдағы болашақта Ресейдің «Протон» үлгісіндегі зымырандарын ұшыруға тиым салу туралы әлі қандай да бір шешімге келмеген. Бұл мәселе екі елдің үкімет басшылары деңгейіндегі келіссөзде өз шешімін табуы тиісті дейді Н.Ким.
Ал Қазақстан парламенті мәжілісінің бұрынғы депутаты, қоғам қайраткері Аманкелді Айталы Қазақстан Ресейге қазіргідей тәуелді ел жағдайында болып отырғанда Ресей ешуақытта Қазақстан жағының сұрап отырған ақшасын төлемейді деген пікір айтады.
«Ресей мәселені осылайша созып, ақыры сиырқұйымшақтатып барып аз-пұз бірдеме төлеп барып құтылуды ойлап отыр», дейді ол.
«Ұлт тағдыры» қозғалысының жеткшісі, саясаттанушы Дос Көшім бәріне кінәлі солқылдақтық танытып отырған Қазақстан үкіметі деген пікір айтады.
«Неге Ресейдің зымыран тасымалдағыштары осылай құлай береді, ал қазақ жері, қазақ халқы азап тартып отыра беру керек, бұған Ресей жағымен қатаң сөйлесе алатын, оларға өз талабын қатаң қоя алатын мықты үкіметтің жоқ болып отырғандығы себеп болып отыр, сондықтан ресейліктер осылай өз ойлағандарын іске асырып жатыр», дейді Д.Көшім.
Ресей өзінің кезекті «Протон-М» зымыран тасымалдағышын осы қазан айының 25-і күні ұшыруды жоспарлап отыр.