Әзірбайжан, Грузия, Украина, Литва және Польша президенттері қол қойған осы құжатқа сәйкес тартылатын Одесса-Броды-Плоцк-Гданьск мұнай құбыры көмірсутегі шикізатын Ресейді айналып өтіп Европаға тасымалдауды көздейді. Каспий мен Балтық теңізін қосуға тиісті жаңа мұнай құбырының болашағы қандай болады?
Сонымен бес елдің жетекшілері уағдаластыққа қол жеткізген Вильнюс саммитінде 500 шақырымға созылады деп жоспарланған мұнай құбырына 700 миллион доллар қаржы қажет екен. Бұл жоба қазіргі уақытта Украинаның батысында жұмыс істеп тұрған құбырды одан әрі жалғастыру болып табылады.
Ол мұнай құбырымен Ресейдің шикі мұнайы Қара теңіздегі портты қала Одессаға жеткізілуде. Бұл жерде аталған құбырдың одан әрі қарай кеңейтілуі Одесса-Броды мұнай құбырының ағысына кері бағытта болатын көрінеді.
Жоба түпкілікті дайын болғанда Әзірбайжанның шикі мұнайы Каспий теңізінен Ресейді айналып өтіп, Балтық теңізіне тасымалданады. Вильнюстегі Литва сыртқы қатынастар институтының талдаушысы Томас Янелюнас былай дейді:
- Бұл мұнай құбыры Украинада Одесса мен Бродыны жалғастырады деп келісілді, сосын Польшада Плоцкіге дейін кеңейтіледі. Одан әрі ол Плоцкіден Гданскіге қарай тартылады. Литвалықтар сондай-ақ бұны Польшадан бастап Литваның Клайпеда портына жалғасқанын қалар еді.
Келіссөзге қатысқан елдердің президенттері бұл келісім нәтижесінде мұнаймен жабдықтау ісі енді тұрақты болады деген қуаныштарын білдірді. Бес елдің президенттері бірлесіп өткізген баспасөз-конференциясында Грузия жетешісі Михаил Саакашвили Вильнюс саммитін президент ретінде өзі қатысқан басқосулардың ішіндегі ең бір табысты өткені болды деп атап көрсетті.
Польша президенті Лех Качинский бұл келісім басқа елдерге қарсы бағытталған шара емес деп атап өтті. Дегенмен де Ресей Вильнюс саммитіне төменгі дәрежедегі делегат тобын жіберген және Ресей мұнда жасалған келісімге оншалықты жылы қабақ танытатындай сыңай білдірмеді.
Янелюнастың айтуынша, ендігі қадам тасымалдау жүйесінің егжей-тегжейін зерттеу болады. Егер барлығы да ойластырылғандай жүзеге асатын болса, мұнай құбыры бойынша барлық жұмыстар келесі жылы басталып, 2011 жылға қарайа аяқталып қалуы тиіс. Әзірге мұнай құбырының қуаты, сыйымдылығы қаншалықты болатыны нақты белгілене қоймаған. Янелюнастың айтуына қарағанда, Әірбайжан бұған ең маңызды жоба ретінде қарайды.
Осы келісімге қатысқан елдер жетекшілері Қазақстан да мұнаймен жабдықтаушы ел қатарында бұл жобаға қатысады деген үміт білдіреді. Жаңа консорциумның Грузия бөлімшесінің директоры Георги Вашакмадзе аталған жобаны ұйымдастырушылардың ынта-жігері жоғары, ал жоба шын мәнінде жұмыс істеуі үшін атқарылар көптеген істер әлі алда дейді.
- Мұның қашан жұмыс істеп, іске қосыларын айту қазір қиындау. Тарих бізді күтілмеген көп жайттардың болатындығына үйретті. 2000 жылы Транс-Каспий келісімі жан-жақты дайын болып, елдің бәрі де ол енді бір, не жарым жылда жұмыс істей бастайды деп ойлаған еді. Бірақ олай болмады. Біз бұл арада көптеген факторлардың болатындығы турасында айтып отырмыз, дегенмен де бұл жобаның жылдамырақ жүзеге асырылатыны жайында осыдан екі-үш ай бұрынғыдай емес бүгінгі үміт көбірек, - дейді Вашакмадзе.