Тегеран қаласында өтетін Каспий саммитіне Иран, Қазақстан, Ресей, Түркіменстан және Әзірбайжан президенттері жиналып, теңіз қорларын пайдалану тәртібін белгілемек. Каспий теңізінің заң мәртебесі 1992 жылдан бері анықталмай келеді. Совет Одағы тарап, Каспий теңізінің жағалауында екі мемлекет емес, бес мемлекет пайда болғандықтан теңіз байлықтарын бөлісу мәселесі де шықты.
Каспий теңізін бөлісу келісімі Совет Одағы мен Иран арасында 1921 жылы жасалып, ондаған жылдар бойы күшінде болды. Совет Одағы тарап кетеді дегенді қалай ешкім елестете алмаса, Каспий теңізінің құқықтық мәселесі шығады, ол он жылдан аса шешілмейді дегенді де ешкім болжамдай алмаған шығар. Совет Одағы мен Иран алғашқы келісімге қосымша балық аулауды реттеу және сауданы реттеу келісімдерін жасаған.
Совет Одағы құлаған соң 1992 жылы Иран Каспий жағалауында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бағыт-бағдары қалай болады деп алаңдап, теңіз мәртебесін тағы бір рет анықтауды талап етті. Теңізді қалай бөлісеміз – бес мемлеттің арасында жағалауда бітетін шекараны жалғастыру арқылы бөлеміз бе, жоқ әлде бес мемлекетке 20 пайыздан бөліп береміз бе, жоқ әлде теңіз суын ашық қалдырып, теңіз табанын ғана бөлеміз бе деген пікірталас шықты.
Бес мемлекеттің арасында жүргізілген дипломатиялық жұмыс алғашқы нәтижесін 2002 жылы ғана берді, Түркіменстанның сол кездегі президенті Сапармұрад Ниязов алғашқы Каспий саммитін өткізді. Алайда, саммит нәтижесін бермеді. Негізгі түйін – Иран теңіз суы ортақ болсын, теңіз табанын бөлісуді жеке сөйлесейік деді. Мәселе шешімін таппаған соң – Қазақстан, Ресей және Әізірбайжан өз ара екі жақ келісімдерін жасады. Иран бұл келісімдер орынсыз, теңіздің заң мәртебесін тек бес жақ келісім арқылы белгілейік дейді.
Теңіз мәртебесін белгілеу мәселесінде Иран жағынан талап көп болғандықтан, Иран сарапшылары мен саясаткерлірінің де пікірлері сан алуан. Дегенмен, "Азат Еуропа/Азаттық" радиосының сарапшысы Вахид Сепери жазып отырғандай, басты мәселе "әділ бөлісу" дегенді қай мемлекеттің қалай түсінуінде. "Бестің бірі" ме, жоқ "екінің бірі" ме – міне "әділ бөлісудің" шеңбері осыншама кең. Иран саясаткерлері мен сарапшылары теңіз мәртебесін анықтау мәселесін елдің ядролық бағдарламасы мәселесімен тығыз байланыстырып отыр.
Мәселен, Иран парламенті ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің мүшесі Реза Талаи Ник Тегеран саммитінде Ресей басшыларымен Иран ядролық бағдарламасы жөнінде сөйлесіп алуға болады, құрылысы тоқтап қалған Бучер ядролық электростанциясын толық салуды сөйлесу мүмкіншілігі бар дейді.
Ресей Иранның ядролық бағдарлама мәселесінде, Иран үшін бір қатар маңызды мәселеде көбінесе Тегеран жағына шығады. Дегенмен, Иран сарапшылары мен саясаткерлері Ресейге жалпы сенбейді екен. Бұл жерде ирандықтар жалпы Ресейге онша сенбейді, Ресей соңғы сәтте Батыс елдерінің жағына жығылады, Ресей Иран мәселелерін саудаға салып отыр деп пайымдайды. Ирандықтар патша Ресейі кезінде пайда болған жер дауларын да ұмытқан жоқ, Совет Одағы кезінде бұл саясаттың жалғасқанын да есепке алып отыр.
Иран үкіметі теңіз суы ортақ болсын, кеме қатынастары мен балық аулауға шекара қойылмасын, теңіз табанын ғана бөлісейік дейді. Мұндай жағдайда Иран үкіметі бұрынғы президент Мохамед Хатамидің кезінде теңіз табанын 20 пайыздан бес мемлекетке тең бөліду ұсынған. Тегеранда орналасқан Каспий зерттеуі институның басшысы Аббас Мәлики Каспий теңізінің суын ортақ қалдыру Иран үшін стратегия жағынан өте маңызды, Иран әлем мұхиттарына шығуға мәжбүр, теңіз суындағы қатынас бірігіп басқарылса Иран кемелері Волга өзеніне еркін шыға алады, одан ары әлем теңіздеріне шыға алады дейді. Ал енді теңіз табанымен қоса су беті де бөлінсе – Иран кемелері Каспий теңізінің солтүстігіне еркін шыға алмайды, ортада Қазақстан мен Әзірбайжан бар.
Тегеранда жұмыс істейтін тағы бір сарапшы Хешматолла Фалахатпише Каспий теңізінің табиғатын қорғау, кеме қатынастарын жүргізу, балық аулау, теңіз астындағы табиғи байлықтарды игеру мәселелері не осы саммитте, не жақын арада анықталса – теңіздің заң мәртебесін анықтауға сонда жол ашылады дейді. Тағы бір Иран саясаткерлері теңізді бөлісу принципі – 20 пайыздан бөлу келісілсе жөн, Иран үлесі бұдан азайып кетпейді деген кепілдік алсақ дейді. Кейбір Иран саясаткерлері Каспий теңізін әскерден ада аймақ деп жарияласақ жөн дейді, Каспий теңізінің ластануын тоқтату керек деген мәселені де көтеріп отыр.