Қазақстанның қаржы полициясы сәрсенбі күні жарық көрген республикалық газеттердің назарына ілігеді. Басылымдардың бірі "қаржы полициясы қажет пе?" деген сауалды алға тартса, енді бір газеттерде Мәдениет және ақпарат министрі бұл құқық қорғау құрылымы туралы өз пікірін білдіреді. Сонымен бірге газеттерде қаржы полициясында ғана емес, "Нұрбанктегі" кадрлік өзгерістерге қатысты ақпараттар жарияланады.
«Время» газетінде «Нұрбанктің» директорлар кеңесінде ауыс-түйістер болғандығы хабарланады. Яғни, банк акционерлер отырысында директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан президентінің қызы Дариға Назарабаева мен оның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтің ұлы Нұрәлі Әлиев сайланған. Сонымен бірге кеңес құрамына жаңа адам – тәуелсіз директор ретінде Бектас Мұхаметжанов кірген. Сөйтіп, банктің директорлар кеңесінде Нұрәлі Әлиев, Дариға Назарбаева, Думан Сейітов, Сағын Қырымқұлов және Бектас Мұхаметжанов бар», - деп жазады «Время» газеті. Ал осы газеттегі келесі мақалада газет тілшісі: «Нұрбанктің» бұрынғы басқарма бастығы Әбілмәжін Ғылымов пен жедел жасақ сарбаздарын қаржы полиция тергеушілері банкке шабуыл жасады деп айыптап, ақыры бұл сот ісінің абыройсыз аяқталуы қаржы полициясы жайлы жағымсыз қоғамдық пікір қалыптастырды. Көптеген адамдар: елге осы қаржы полициясы керек пе? – деген сауалды ашық қоя бастады» дейді. Әрі қарай мақала авторы қазір қаржы полициясында күрделі өзгерістердің, оның ішінде кадрлық бетбұрыстардың болып жатқандығын тілге тиек етеді. Мәселен, Алматы қаржы полициясы бастығының жаңа орынбасары Талғат Мұсабеков кей жағдайда криминалды бизнес түрлерін құқық қорғау құрылымдары, оның ішінде, қаржы полицейлерінің де қорғап-қолпаштап отыратындығы туралы күдігі барын айтады. Қаржы полицейлері ашқан қылмыстар қатарына жалған дипломдар жасайтын цехтың әшкере болғандығын жатқызады Алматы қаржы полициясы басшыларының бірі Мұсабеков. Қазақстанның бірнеше университеттерінің қолдан жасалған жалған 80-нен астам дипломдарының арасында «педиатрия», «гинекология», «хирургия» мамандықтары бойынша Алматы медицина университетінің де құжаттары болған. Оған қоса Алматы қаржы полициясы бастығының жаңа орынбасары Талғат Мұсабеков «Время» газетінде қылмыстың бетін ашу барысында жоғарыдан телефон арқылы өтініш айту, қоққан-лоққы жасаудың кездесетіндігін тілге тиек етеді.
Ал бұл уақытта «Литер» газеті Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың «Қаржы полициясына кім қысым жасауы мүмкін?» деген сұқбатын жариялайды. «Ертісбаевтың мекемесін қаржы полициясының қызметкерлері сыбайласқан жемқорлық бойынша айыптады, мұның өзі таң қалдырады: өйткені, бұл термин әдетте басқа құрылымдарға қатысты қолданылатын емес пе еді», - дейді «Литер» газетінің тілшісі. Ал министрдің өзі болса, министрліктегі ешқандай басшы қызметкердің қаржы полициясына қысым жасамағандығын айтады. Оның айтуынша, сотта кінәсі дәлелденбей жатып, ешкімді айыптауға болмайды. «Министрлікте бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың бар екендігі» туралы сұрақ бойынша Ермұхамет Ертісбаев «жедел жасақшылар қанша қиялдаса да өз еріктері» деп жауап береді. Ол қаржы полициясына ешкім де шынайы қысым жасай алмайды деп есептейді.
«Экспресс К» газеті жарты жылдың ішінде Қазақстанда заңсыз ақшаны тұмшалау бойынша 455 қылмыс жасалып, ел бюджетіне 1 миллиард 700 миллион теңге зиян келгендігін жазады. «Егер республикада қаржы барлау қызметі жұмыс істесе, бұл сан басқаша болар еді», - деп есептейді мақала авторы. Оның сөзіне қарағанда, мұндай құрылымдар әлемнің 100-ге жуық елінде жұмыс істейді. Енді кезек Қазақстанға келді дейді газет тілшісі. Бұл ретте «жақсы заңдар ғана емес, күшті жұқмыс істейтін, қылмыстық әлемге қарсы тұра алатын құрылым қажет», - деп аяқталады «Экспресс К» газетіндегі «Американдықтың кеңесі» атты мақала.
«Айқын» газеті болса: «Осыдан біраз бұрын Текелі қалалық сотында бір кездегі қожайындары басқа мемлекеттерге көшіп кеткен немесе қайтыс болғандықтан жылдар бойы бос тұрған пәтерлердің құжаттарын алаяқтық жолмен жаңалап, иемденіп қана қоймай, қайта сату арқылы заңсыз пайда тапқандарға қатысты бірнеше қылмыстық іс қаралып, сот үкімімен алаяқтар лайықты жазаларын алғандай болды», - деп жазады «Пәтер алаяқтары соттала бастады» деген мақалада.