Ресей президенті Владимир Путин ел конституциясын сақтап, биліктен кетемін, үшінші мерзімге сайлануға таласпаймын деп талай рет айтқан. Путин – мықты басшы боп көрінгенімен, Ресейді жалғыз өзі билеп отырған жоқ. Ресейді КГБ ардагерлері бастаған шағын топ басқарып отыр, ал енді осы шағын топтың арасында өз ара жанжал көбейіп келеді.
Ресей есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігінің бастығы Виктор Черкезов қазан айының басында "Коммерсант" газетінде ашық хат жариялап, Путиннің жақын адамдары бір-бірімен жанжалдасып жатыр, бұл ашық текетіреске әкелуі мүмкін, бұл Ресей тұрақтылығына қауіп төндірді дейді. Бірақ ол нақты адамдардың аты-жөндерін атаған жоқ.
Саясаттанушылар айтатындай, Ресей заманауи үлгідегі авторитарлық, корпоративтік мемлекетке айналды. Кремльдің болмысын зерттеп отырған мамандар Путиннің ешқандай да дербес басшы емес екендігін айтады. Олар Ресей басындағы шағын топты "корпорация" деп атап кеткен. Саяси сарапшы Юлия Латынина бұл жерде Кремль әкімшілігі бастығының орынбасары Игорь Сечин және федералды қауіпсіздік мекемесінің бастығы Николай Патрушевтың ықпалындағы топ айтылып отыр дейді.
Олар Путинмен бірге әу бастан келе жатыр. Олардың арасындағы текетірестің себебі көп – кедендер жұмыстарын кім бақылайды, кедендер басшыларын кім тағайындайды, арнайы қызмет салаларына қатысы бар адам өлтіруі істерін кім тергейді, президентке кім ықпал жасайды деген мәселелер олардың жанжалдасуына себеп, дейді Юлия Латынина.
Ресейді қазір негізінен КГБ шекпенінен шыққан номенклатура билеп отырғаны аян. Сарапшылардың есептеуіне қарағанда, билік басындағы және бизнес басындағы тұлғалардың төрттен бірін "силовиктер" құрайды. Ресей басындағы топ ел экономикасының майлы жіліктерін де ұстап отыр, олар мұнай саудасы, банк бизнесі, әуе қатынастары компаниясы сияқты салаларды не өздері тікелей ресми басқарады, не болмаса жақын туғын туыстары арқылы басқарады. Ресей саяси табиғаты бойынша кітап жазған сарапшы Дэвид Сеттер "силовиктер" тым көп болғандықтан олардың өз ара жанжалдары да күйшейіп кетті дейді:
- Жағдай осы қалпында не ары, не бері сақталып отырса, "силовиктердің" ықпалы және олардың билікке жасап отырған ықпалы күшейе түседі. Қазір олардың өз ара жанжалдасуына уақыт өте ыңғайлы болып отыр.
Дэвид Сеттер Ресей қылмыс әлемінің мекеніне айналды деген тақырыпта кітап жазған. Дэвид Сеттер Ресей басындағы топтың болмысы қылмыс топтарының болмысына ұқсайды дейді, бір нәрсені ұрлау не тонау қажет болғанда олар мәңгі дос боп көрінеді де, ал ақша бөліске түскенде бір бірін өлтіре бастайды дейді.
Путин президентіктен кетемін, реформаларды бас министр қызметінде жалғастыру ниетім бар деді. Желтоқсан айында Ресейде парламент сайланады, Путин "Біртұтас Ресей" деп аталатын билік партиясының төрағасы ретінде сайлауға түспек. Демек, Путин партия төрағасы ретінде парламентке өтсе, билеуші партияның төрағасы ретінде бас министр қызметіне тағайындалуы әбден мүмкін. Ал осыдан біршама уақыт бұрын бас министр қызметіне аяқ астынан тағайындалған орта қолды кеңсе қызметкері Виктор Зубков президент боп сайлануы әбден мүмкін деген жорамалдар басым. Осы ауыс-түйістердің барлығын ел басында отырған "ұжымдық Путин" жүргізіп жатыр делінеді.
Осы өз-ара жанжалды бұқараға кеңінен шығарған Виктор Черкезов Кремльдің алтын ережесін бұзды делінеді. Путиннің төңірегінде қандай жанжал шықса да, бұл жайында мәлімет сыртқа кетпейтін, кез-келген жанжалды шешу Путиннің құзырында. Соған қарағанда, жанжал күшейіп жатқанын жариялап жіберген Виктор Черкезов Путинге жол таба алмаған шығар, Путинмен жолыға алмаған шығар, газет арқылы Путинге сөзін жеткізіп отырса керек делінеді. Виктор Черкезов басқаратын Ресей есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі өз алдына мықты мекемеге айналды, ол федералды қауіпсіздік қызметіне бәсеке құрып отыр. Федералды қауіпсіздік қызметінің бастығы Николай Патрушев және оның жақтастары Виктор Черкизовтың қызметі жоғарлап кетуі мүмкін деп алаңдайды делінеді.