Байқоңыр ғарышжайы мен Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы қазақ тілді республикалық апталық басылымдардың басым бөлігінің назарын аударыпты. Егер газеттердің бірі Қазақстан үкіметі зымырандардың құлауы мен оның салдарын жою бойынша өзінің нақты позициясын көрсете бастады деп есептесе, келесі бір басылымдар керісінше кезекті «Протонның» Қазақстанның республика күні ұшыралатындығы туралы ақпаратқа орай Үкіметті сынға алады. Сонымен бірге жұма күнгі басылымдарда Байқоңырда төлем ретінде негізінен ресейлік валютаның қолданылатындығы және бұл ретте екі жақты келісімдерде қайшылықтың бар екендігі жазылады.
«Түркістан» газетіндегі Байқоңыр ғарышжайы мен қазақстан-ресей қарым-қатынасына арналған алғашқы мақала «Ресей отаршылдығының ақыры» деп аталады. «Соңғы кезде болып жатқан оқиғалар мәселеге осылай түйiн жасауға жетелеп отыр. Бұл, әсiресе, бiр-бiрiмен бүйрегi жабысып қалғандай сезiлетiн қазақ-орыс қарым-қатынасынан байқалып қалуда», - деп мақаласын бастайды мақала авторы. Оның пікірінше, Ресей мен Қазақстан қатынасына жарықшақ түсiрген басты мәселе – Байқоңырдан ұшырылған «протондардың» қазақ даласына құлай беруi және оған Қазақстанның немқұрайлы қарамауы (яғни, «протон» ұшыруға тыйым салу, өтемақыны Ресей күткендегiден әлдеқайда артық сұрауы, т.т)».
Ал Ресей жағының «ПротонМ» зымыранынан келген зиян мөлшерiн анықтауды кейiнге қалдырғанына және Байқоңырдан апат салдары анықталып, келтiрiлген зиян қайтарылмайынша, «Протондар» ұшыруға тыйым салынғанына қарамастан Байқоңырдан аталған зымыран тасығышын ұшыруға кiрiсiп кеткен», - деп жазады «Түркістан» газетінің тілшісі келесі мақалада. «Байқоңырлық ресми өкiлдiң пiкiрiне қарағанда, бұл протон зымыран тасығышы емес, малайзиялық ғарыш кемесi. Қазанның 10-ында Байқоңырдан дәл осы кемемен ғарыштық турист ұшып келген екен. Бұл жолы жерсерiгiн алып ұшпақ көрiнедi. Ал, Байқоңырдан ұшырылуға тыйым тек «Протондарға» ғана салынған. Бұған қарамастан, Ресей ақпарат агенттiктерi Байқоңырдан «Протон» ұшыруға салынған тыйымның салдарынан дайындалып жатқан Globalstar зымыран тасығышы ұшырылмай қалуы мүмкiн» деген күдiктi ақпарат та таратыпты», - деп жазады «Түрксітан» газетінің тілшісі. «Алайда, ресейлiктер бекер күдiктенедi, - деп сөзін әрі қарай сабақтайды мақала авторы, - Бәрiне көз жұмып үйренген қазақ протондардың топырлап қазақ даласына құлағанына қарамастан, екiншiсiнiң ұшуына мүмкiндiк берiп отыр».
«Қазақстан-Заман» газеті болса, «Республика күні «Протон» ғарышқа ұшпақ немесе ресейліктердің бізді басынуына үкімет неге жол береді?» деген мақала жариялайды. Газет тілшісінің хабарлауынша, «Глонасс» жолсеріктері тиелген «Протон» зымырантасығышы дәл қазанның 25-інде, яғни, республика күні ғарышқа ұшпақ. Мақала авторы қыркүйектің 6-сында «Протон» зымырантасығышы тап болған апаттың салдары әлі толық зерттелмей, Ресей тарапының Қазақстанға экологиялық-экономикалық зиян бойынша өтеамақы төлемегеніне қарамастан кезекті зымыранның ғарышқа ұшыралтындығына қынжылыс білдіреді. «Осылайша ресейліктер ақы төлмей-ақ, ғарышқа тағы самғамақ. Біздің үкімет әлі күнге дейін «Протонды» ұшыруға ресми түрде рұқсат бергенін мәлімдеген жоқ. Бірақ Хручнев атындағы Ғарыштық зерттеу орталығы директорының орынбасарының «зымыран ұшыруға еш кедергі жоқ» дегені, «астыртын келісім бар ма?» деген күмәнға итермелейді», - дейді «Қазақстан-Заман» газетінің тілшісі. «Ресейліктер біздің егемен ел болып, Республика күнін атап өтетін күнімізге де пысқырып қарамайтынын тағы бір дәлелдеді. Дәл республика күнінде ұшыруға рұқсат берген Үкімет ай қарап отыр ма?» - деп аяқталады «Қазақстан-Заман» газетіндегі мақала.
«Айқын» газеті де «Байқоңырға қатысты заң бұрмаланып кеткен» деген мақала жариялапты. Онда газет тілшісі «ҚР мен РФ арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидалары мен шарттары туралы» Бас Келісімде Байқоңыр ғарышжайы ауқымында есеп айырысу Қазақстан республикасы ұлттық валютасында жүреді деген талабына қарамастан, бұл уағдаластық кейінгі «Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы» Келісімде «төлемдердің барлық түрлері Қазақстанның теңгесімен немесе Ресейдің рублінде жүргізілетіндігі және мұнда қандай валютамен төлеу құқығы төлеушінің өз еркінде» екендігі жазылғандығына назар аудартады. «Осы жалпақшешейлігімізді өздерінің мүддесіне тиімді пайдалануды көздеген қала әкімшілігі кезінде сауда орындары мен тұрмыстық қызмет көрсету нүктелерінде есеп айырысудың жаңаша тәртібін енгізген», - деп сөзіне жалғасытарады «Айқын» газетінің тілшісі. Оның айтуынша, Байқоңырда барлық мекеме-ұжым басшылары қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету орындары мен жеке кәсіпкерлеріне 1996 жылғы мамыр айынан бастап кез келген тауар құнын Ресей Федерациясының ұлттық валютасында бағалау қажеттілігін тапсырған. Осы міндеттеме өткен он жылда өзге елдің ақшасының абыройын асырып, мәртебесін көтерді. Сондықтан рубльдің бағы басым», - деп тұжырым жасайды мақала авторы. Дәлел ретінде ол қалаға іссапарға барған кезінде қонақүйде теңгемен есеп айырысу қиынға соққанын, сондықтан, басқа қаладан келген қонақтардан түн ортасында ақша айырбастау орындарын іздеп кеткенін тілге тиек етеді. Осыдан кейін газет тілшісі Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілін сынға алады. «Екі жақты құжаттың қателігін түзетуге қауқары жетпесе де, мемлекет басшысының әкімшілігі мен ел Үкіметіне нақты ұсыныстар беруі қажет емес пе? Қалай десек те, өз жерімізде отырып, ұлттық валютамыздың төлем қабілетін төмендететін кез келген шектеуге жол берілмеуі тиіс. Сондықтан ресейліктердің бұл бағыттағы бұрмалаушылығына да тиісті құзырлы орындар тез тыйым салғаны дұрыс», - деп аяқталады «Айқын» газетіндегі мақала.