Иран президенті Армения президенті Роберт Кочарянға аяқ астынан шаруа шығып жатқандықтан тезарада қайтуыма тура келіп тұр деп айтты. Екі ел президенттері табиғи газ тасымалдау мәселесін және басқа да энергетика мәселелерін кеңінен талқылайды деп жарияланған. Италияндық сарапшы Федерико Бордонаро "Азаттық" радиосына берген сұхбатында Иран мен Армения қатынастарына энергетика мүдделері ықпал жасап отыр дейді.
Сырт көзге қарағанда, Иран мен Арменияның жақсы қарым-қатынас көздеуі Самуель Хьюнтогтон шығарған теорияларға қайшы. Радиомызға сұхбат берген сарапшы бұл жерде өркениеттер қықтығысының теориясы жарамсыз боп қалды, екі бөлек мемлекетті геосаяси мүдделер жақындастырып отыр дейді. Атап айтқанда, Иран үкіметі Әзірбайжанның күшейгенін қаламайды. Біріншіден, Әзірбайжан саясаты Америка Құрама Штаттарына бұрылған. Екіншіден, Иран орталық үкіметі елдегі әзірбайжан диаспорасын қадағалап отырғысы келеді, - дейді италияндық сарапшы.
Ресей тек ғана Оңтүстік Кавказда емес, Парсы шығанағында бір қатар мүддесінде Иран мен Арменияның қимылдарына алаңдап отыр. Әзірбайжанның НАТО одағына тым қатты жығылғаны, Батыс елдерімен жақындасып жатқаны Иран сияқты Ресейді де алаңдатып отыр. Сондықтан, Батыс мемлекеттері мен Ресейдің осы аймақтағы бәсекелестігі өсе түспек, дейді Федерико Борнардо:
- Ресей Америка Құрама Штаттары мен НАТО-ның Оңтүстік Кавказда ықпал жүргізіп жатқандарын қадағалап отырғысы келсе, Ресей, Армения және Иранның стратегиялық әріптестігі, бұл әріптестіктің энергетика қауіпсіздігіне, энергетика жобаларына, барлау мәліметтерімен алмасып тұруына бағытталуы Ресей үшін өте пайдалы болмақ.
Бірақ, дейді радиомызға сұхбат берген осы сарапшы, - Ресей осы кезеңде Иранды бәсекелес емес, әріптес ретінде көріп отыр. Бірақ ұзақ мерзімге көз тастайтын болсақ, алдағы кезеңнің ортасында Иран Каспий теңізі аймағында Ресейге бәсеке құруы мүмкін. Сондықтан жағдай кері бағытқа бұрылуы мүмкін, Ресей үкіметі Оңтүстік Кавказ не болмаса Шығыс Еуропа аймағында бір мәселелер бойынша Америка Құрама Штаттарымен тіл табысса Иранға берген уәделерін орындамауы мүмкін, деген болжам жасап отыр осы сарапшы.
Арменияның география жағынан тұйықта отырғаны Ресей және Иранмен тығыз қатынас құруға итермелеп отырғаны аян. Бұл тұйық жерде орналасқан барлық мемлекеттердің сыртқы саясатына салмақ салатын негізгі себеп. Оның үстіне Арменияда ешқандай стратегиялық қор жоқ, энергия көздері жоқ. Батыс елдерінде армян диаспоралары мықты болғанымен, геосаясат жағынан Армения Ресей және Иранмен тіл табысуға мүдделі.
Міне, осы тұста, Иран мен Армения қатынастарына Махмұд Ақмединижаттың сапары қалай әсер етеді деп саясаттанушылар мен саясаткерлер бақылап отырғанда, Иран президенті Ереваннан тезарада кетіп қалды. Ол елде тығыз шаруалардың шығып жатқанын сылтау қылды. Махмұд Ақмеденижат Армения парламентінде сөз сөйлеу керек еді, Бірінші Дүниежүзілік соғысы кезінде осман түріктері тарапынан өлтірілген армяндардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою керек еді.