Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев төңірегіндегі саяси дағдарыс күшейіп тұр. Венадан шыға алмай отырса да, Рахат Әлиев ресми Астанадағы жоғары лауазымды адамдарға қатысты ақпараттарын шығаруды жалғастырып келеді. “Азаттық” радиосына берген арнайы сұхбатында Рахат Әлиев, 2006 жылғы ақпанда қастандық құрбаны болған оппозициялық саясаткер Алтынбек Сарсенбайұлының қазасының артында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен парламент сенатының бұрынғы спикері Нұртай Әбіқаев тұр деп айыптады. Ал Қазақстан билігі болса, Рахат Әлиевтің бірнеше ауыр қылмыстарға тікелей қатысы бар дегенді айтып, оны тележурналист Анастасия Новикова өліміне және “Нұрбанк” жетекшілерінің ұрлануына жауапты деп отыр.
Қазанның 26-ы күні “Азаттық” радиосына берген сұхбатында Рахат Әлиев былай деді:
"İс жүзінде 2006 жылы ақпан айының басында Қазақстан президенті Австрияның Клагенфурт қаласында демалып жатқан кезде белгілі қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге Австрия территориясынан бұйрық берілген болатын".
Оның айтуынша, сол кезде парламент сенатының спикері болған Нұртай Әбіқаев та аталған қалаға бірнеше сағатқа келген екен. Бұл Рахат Әлиевтің билік орындарына байланысты айтқан соңғы айыптауларының бірі болып табылады.
“Азаттық” радиосы Әлиевтің мәлімдемесіне байланысты пікір сұрайын деп Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне хабарласқанымен, ол әрекеттер сәтсіз болды.
Рахат Әлиевті Қазақстан билігі бірнеше ауыр қылмыстарға тікелей қатысы бар деп айыптап, Австрия билігінен оның экстрадициялануын талап етуде.
Яғни, Австрия мен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы бұрынғы Қазақстан елшісі Рахат Әлиев тележурналист Анастасия Новикованың өліміне және “Нұрбанк” жетекшілерінің ұрлануына қатысы бар деп Қазақстанда айыпталып отыр.
Бірақ тамыз айында Австрия соты Қазақстан билігінің Рахат Әлиевке қатысты өтінішін орындаудан бас тартты.
Ал таяуда Қазақстан билігі бір адамның мәйітін таптық, ол жоғалып кеткен “Нұрбанк” жетекшілерінің бірінікі болуы мүмкін деп жариялаған болатын. Сонымен қатар Интернетте Қазақстанның жоғарғы билігіне жақын адамдардың телефон әңгімелері делінген аудиожазба мен оның мәтіні жарияланды. Ондағы кейіпкерлер ретінде Қазақстан билігіне жақын адамдардың есімдері аталады. Олар телефон арқылы сөйлескен әңгімелерге Рахат Әлиевтің төңірегіндегі жанжал мен «Нұрбанкке» қатысты дау-дамай өзек болған екен. Осыдан кейін Қазақстан билігі сол хабарламаларды жариялаған 4 оппозициялық вебсайтты жауып тастады.
Бұған қоса, “Азаттық” радиосы Рахат Әлиевпен өткізген сұхбатын әуеге шығарған кезде “Азаттық” хабарлары жақсы естілмей қалды. Осыған орай “Азаттық” радиосы “Қазтелерадиоға” хабарласқанында, ондағылар бұл “техникалық проблемаларға байланысты” деді.
Президент Назарбаевтың үлкен қызы Дариғаның күйеуі болған Рахат Әлиев бұл тұрғыда мынадай пікірін білдірді:
“Бұл - 16 жыл бойы билікте отырған президент Назарбаевтың авторитарлық және диктаторлық режимінің тұжырымдамасына жатады. Соңғы президент сайлауында Назарбаевтың 91 пайыз дауыс жинағанына біз бәріміз куә болдық. Ал тамыз айындағы сайлауларда президентті қолдайтын партия дерлік 100 процент дауысқа қол жеткізді. Сөйтіп, президенттің арманы орындалды. Ол биліктің барлық сатысын, атап айтқанда заң шығарушы мен атқарушы және сот жүйесіндегі билікті толығымен өз бақылауына алды. Әрине, авторитарлық және диктаторлық режимнің күшейтілуіне байланысты енді бұқаралық ақпарат құралдарына да цензура енгізу керек”.
Бақылаушылардың айтуынша, Рахат Әлиев бұрын Қазақстан қауіпсіздік қызметінің басшысы болғандықтан оның қолында көптеген құпия ақпарат бары кәдік. Рахат Әлиевтің өзі болса Қазақстан үкіметінің жемқорлық әрекеттері туралы болашақта кітап шығармақшымын дейді.