Аймақтағы транспорт-байланыс жүйесін дамыту стартегиясы мәселесі сенбі күні Тәжік астанасы Душанбеде өз жұмысын аяқтаған Орта Азия Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасына мүше мемлекеттердің министрлер дәрежесіндегі кездесуінде сөз болды. Кездесуге Ауғаныстан, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Тәжікістан және Өзбекістаннен келген министрлермен қатар Азиялық Даму Банкі және осы іспеттес тағы бес халықаралық құрылымның уәкілдері қатысты.
Орта Азия Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасының Транспорт және Сауда Қолайлығы Стратегиясы деп аталған бұл келісім бойынша алдағы он жыл барысында жаңа транспорттық дәліздерді, негізінен тас жол мен темір жол жүйесін дамытуға 19 млрд. долларға тарта қаражан инвестициялау көзделген. Бағдарламаға мүше елдер бұл қаражаттың жарымына жуығын өздері беретін болса, қалғанын Азиялық Даму Банкі қатарлы құрылымдар тауып бермек.
Азиялық Даму Банкінің Орталық және Батыс Азия аймағы бойынша аймақтық ынтымақтастық бөлімінің директоры Роберт Сий-дің айтуынша, бұл жоба Орта Азия елдері арасындағы өзара сауда байланыстарын дамыта отырып, әлемдік базарға жол ашатын болады.
"Орта Азиялық көптеген қор мен тауарлар Оңт.Азияда да, Еуропада да сұранысқа ие. Жаңа транспорт дәліздері осы тауарлардың алып базарларға жетуіне мүмкіндік ашпақ", – дейді Роберт Сий Азаттық радиосы Тәжік бөліміне Душанбеден телефон арқылы берген сұхбатында.
Еркін саудаға жол ашу үшін, жоба бойынша, шекарадан әрілі-берілі өту шараларын дамыту ісі де қолға алынбақ.
Душанбедегегі кездесуде сегіз мемлекеттің министрлері Орта Азия Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық Иститутын құру жөнінде де уағдаласты. Азиялық Даму Банкінің Орталық және Батыс Азия аймағы бойынша аймақтық ынтымақтастық бөлімінің директоры Роберт Сий Азаттық радиоысна берген сұхбатында бұл институтты құрудағы алғашқы мақсат мүше мемлекететердің ресми қызметкерлерін аймақтық ынтымақтастық шараларына, бұл тұрғыдағы жобаларды жүзеге асыруға тікелей қатыстыру екенін атап өтті.
"Үкіметтегі ресми қызметкерлермен қатар жеке меншік сектор өкілдерінің аймақтық ынтымақтастық тұрғысында туындап отырған мүмкіндіктерді дұрыс түсінетініне және мұндай жобалардың жүзеге асуына алып баратын әріптестікті қалыптастыра алатынына көзімізді жеткізуіміз тиіс", – дейді Роберт Сий.
Орта Азия Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық Иституты, сондай-ақ, аймақтық әріптестіктің мүмкіндіктері мен артықшылықтары тұрғысында зерттеуклер де өткізіп отырады, – дейді ол.
Душанбедегегі кездесуде сегіз мемлекеттің министрлері алда бәрі де Әлемдік Сауда Ұйымына мүше болатындықтарын есепке ала отырып, алдағы онжылдықта аймақта атқарылуы тиіс кей шаралардың тізімін де жасап үлгерді. Кездесу нәтижесінде қабылданған біріккен мәлімдемеде 2018 жылға қарай аймақтағы барлық ел арзан әрі тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілетіні тұрғысында ортақ түсіністіктің бар екені атап өтілген.
Орта Азия Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы 1997 жылдан бастау алады. Оған Азиялық Даму Банкі қолдау көрсетіп келеді.