Мәселе 29-30 қараша күндері ұйымға кіретін мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің мәслихатында қаралмақ. Мәселе былтыр біржолата шешілу керек еді, алайда Қазақстан тарабына бір сыпыра сын айтылып, бір сыпыра шарт қойылып, Қазақстан үкіметі демократиялық реформаны сөз жүзінде емес, іс жүзінде бастасын деп биылға қалдырылған болатын. Енді міне, Қазақстан талабы біржолата қаралмақ.
Елді 18 жыл басқарып отырған президент Нұрсұлтан Назарбаев мұнай мен басқа табиғи қорларына бай Қазақстанды тек ғана Орталық Азия шеңберінде емес, әлем шеңберінде алдыңғы қатарға шығарғым келеді деп бірнеше жыл бойы айтып келеді. Қазақстан президентінің бір талпынысы - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009 жылы кезекті төрағалықты атқару. Лондонда орналасқан "Джейн" ақпарат тобының сарапшысы Алекс Ватанка президент Назарбаевтың талпынысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кейбір ойларымен үндес, Қазақстан Қытаймен шекаралас, ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы болса қызмет аясын Қытайға дейін созған соң, нақты ықпал жасағысы келеді дейді:
- Президент Назарбаев Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына тек ғана белсенді қатыспай, ұйымның алға басуына да көбірек араласқымыз келеді деп айтады. Бұл жерде ұйым қызметі шығыс тарабына қарай кеңейіп жатқаны еске алынады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымың аясы қазір Қытай шекарасының дәл маңына дейін жетті, бұл олар үшін мүлдем жаңа қызмет болып отыр.
Сонымен, осы сарапшының айтуынша, президент Назарбаевтың ұмтылысы, геосаясат жағынан қарағанда, Еуропадағы беделді халықаралық ұйымның есебімен үндес болуы мүмкін. Кейбір сарапшылар Қазақстан талпынысы қанағатталып, Қазақстан үкіметіне кезекті төрағалық мәртебесі берілуі мүмкін дейді.
Дегенмен, басқа сарапшылар, Қазақстан талабы биыл да орынсыз деп танылуы мүмкін, Қазақстан ұйымға төрағалық етуге лайық емес, Қазақстан қатардағы мүше ретіндегі міндеттемелерін де орындамай жатыр дейді. Мәселен, тамыз айында өткен парламент сайлауында президент Назарбаевтың "Нұр-Отан" партиясына көпшілік мандаттың тигені былай тұрсын, парламенттегі барлық 100 пайыз мандат бұйырылды. Қазақстан үкіметінің есебіне президент Назарбаев пен оның бұрынғы күйеу баласы, Австрия мен осы халықаралық ұйымдағы бұрынғы елші Рахат Әлиевтің арасындағы саяси жанжал да кері әсерін тигізіп тұр.
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кезекті төраға боп сайланып кетсе – бұл ұйым қызметіне нұқсан келтіреді, дейді Америка Құрама Штаттарында орналасқан "Фридом Хауз" ұйымының өкілі Кристофер Уолкер. Себебі, кезекті төраға ұйым қызметіне бір жыл емес, қатарынан үш жыл араласа алады, өзінің алдындағы төраға мен өзінен кейін келетін төрағаның да өкілеттіктеріне араласа алады, ұйым принципі сондай, - дейді Кристофер Уолкер:
- Мұның айтарлықтай маңызы бар, Қазақстан төрағалықты атқаратын болса басқа шаруалармен қатар ұйымның сайлау науқандарын бақылау мүмкіншілігіне де ықпал жасай алады. Сондықтан бұл айтарлықтай маңызды. Ұйымның мониторинг жасау мүмкіншілігі жоғары бағаланады, көптеген жағдайда бұл Еуро-Атлантикалық қауымдастық пен басқа аймақтардың елдеріне үлгі береді. Бұл тұрғыдан қарағанда, Қазақстанға 2009 жылы төрағалық атқару тапсырылса, ұйым басшылығын іріктеу тәсілі, қазіргі "үштік" тәсілі, 2009 жылғы төрағаға мұндай сарындағы шешімдерге тек ғана сол жылы ықпал жасауға емес, 2008 жылы да, 2010 жылы да ықпал жасауға мүмкіншілік береді.
Қазақстанның төраға боламыз деген талпынысын екі мемлекет сөзсіз қолдап келеді – бұлар Ресей мен Беларус. Америка Құрама Штаттары мен Британия Қазақстанға төраға мәртебесін беруге қарсымыз дейді. Ал еуропалық мемлекеттердің көпшілігі ұстанымдарын әлі нақты айтқан жоқ. Мәселе, сонымен қараша айының соңғы екі күнінде біржолата шешілмек.