Еуропалық Одақ пен НАТО-ның бас кеңсесі болып отырған Бельгия елі саяси дағдарыс жағдайында отыр. Нидерландының жетекшілері мен француз тілді қауымдастық 150 күннің ішінде одақтас үкімет құра алмай, ол келіссөздердің шешуші мерзімі кеше аяқталды. Еуропаның төріндегі екі тілді мемлекеттің бұл мәселесіне әлемнің назары ауа бастады.
Брюссельдің көп жеріндегі Бельгия тулары батып бара жатқан кемеден көмек сұрап тұрғандай көрінеді. Бірақ, ол кеме бәріне бірдей батып бара жатқан жоқ. Ұлттық тулардың көбі елдегі француз тілді азшылық топ Валлондарға тиесілі. Ал, Бельгиядағы голланд тілінде сөйлейтін фламандалықтарда көбіне Фландрия түстері бар. Мұндай белгілер елдегі бар нәрсені екіге бөліп отыр, бұл елде екі қауымдастықтың өз партия жүйесі, аймақтық парламенттері, мектептері мен ақпарат бұлақтары бар. Ең бастысы, олардың өз тілдері бар.
Маусым айындағы ұлттық сайлаулардан кейін валлондар мен фламанд саясаткерлері бір мәмілеге келе алмай қойды. Тіпті, ұлттық бірліктің символындай көрінген ел патшасы да оған араласуға тырысты. Бірақ, оның арағайындық әрекеті нәтижелі болмады.
Қазір көпшілікті таңдандырып отырған жайт, онда әсіресе фламандтар тарапынан Бельгияны ел ретінде ұстау ниеті бар ма деген тұрғыда болып отыр.
Федералды одақтастық келіссөздеріне негізгі кедергі болып отырған мәселелер, фламандтар Фландрия аймағындағы француз тілді валлон саясаткерлерінің сайлану құқын алып тастау керек дегенді ұсынады.
Фламандтық партиялар өздерінің парламенттік басымдығымен Хал Вилвордты Брюсельден бөліп пайдаланамыз деп қорқытып келеді. Сәрсенбі күні олар сол қауіптерін алға тартып, жетекші валлон саясаткерлерін келіссөздерден шығарды.
Фландриядағы Антверп университетінің ғалымы Стефан Уолгрейв өткен аптада Рейтерс агенттігене берген сұхбатында, екі тараптың талабының соңы соғыс жариялауға әкеледі деген.
“Ақырғы мерзімнің қарашаның 7-сі болып бекітілуі белгілі бір дәрежеде соғыс жариялау, бірақ француз тілдік тараптың Хал-Вилвордтың бөлінуі бойынша талқылауларға дайын болмауы да соғыс жариялау сияқты қаралып отыр. Десе де ақырғы мерзімді анықтау мен сайлау шеңберін біржақты бөлуге қорқыту ол да соғыс жариялау болып табылады”.
Уолгрейвтың бұл сөздері тіпті Бельгия армиясы тілдерге қатысты бөлінетін болса да әлбетте әсіре айтылып отыр. Бірақ, сарапшының сөздері қазіргі талқылаулардағы терең алаңдаушылықтарды жеткізіп отыр.
Бельгиядағы бұл екі қауымдастық арасындағы қарама-қайшылықтың тамыры тереңде жатыр. 19-шы ғасырда Бельгия Католиктері Протестант Нидерландылықтардан 1830 жылы бөлініп шыққан соң, француз тілі артықшылықта қалып, Валлония өзінің ауыр өнеркәсібімен дәулетті болып қалған.
Алайда, 20-шы ғасырдың басында ауылшаруашылығы жақсы болған Фландрия жеңіл өнеркәсіп пен ауыр технологияның арқасында экономикалық жетістіктерге жетіп, саны жағынан басым болып отырған фламандтар өздерін басты қауымдастық ретінде құрып алды.
Бірнеше ондаған жылда Бельгия премьер министрлері фламанд партиясынан болып келді. Дауыс берулер көрсетіп отырғандай, он фламандтың тоғызы Хал вилвордтың жағдайы фламандтарды француздандырып жібереді деп қарсылық танытып отыр. Басым болып отырған Валондар азшылық топтар қорғалуы керек деп онымен келіспейді. Бұл тұрғыдағы алаңдаушылықтар тереңге кетіп отыр.
Голланд тілінде сөйлейтін азаматтың сөзіне қарағанда, елдегі 60 пайыз халықты құрап отырған фламандартар өздерінің шектетіліп отырғанын сезініп отыр.
“Мен азшылық топтың құқықтары қорғалып отырғанын дұрыс көремін. Бірақ, қазіргі кезде біздің басым топтар мен фламандтардың құқын да құрметтеу керек. Ол соңғы бірнеше жылда Валлондарға келгенде, Брюсселдегі француз тілді өркөкірек саясаткерлерге байланысты жақсы болмай келеді”.