"Кришна санасы" діни бірлестігінің өкілдері тұрып жатқан жер мемлекетке қайтарылып, 5 жылға балалар үйіне берілмек. Бұл туралы "Азаттық" радиосына қарашаның 12-күні Алматы облысы Қарасай ауданы әкімшілігінен хабарлады. Алайда, бұл шешіммен даулы жерде тұрып жатқан "Кришна санасы" қоғам мүшелері де, жердің діни ұйымға берілгенге дейінгі иесі Ермек Әбдіхалықов та келіспейді. Діндәрлар Бас прокуратура мен халықаралық ұйымдарға арызданатындықтарын айтса, Әбдіхалықов Жоғарғы сотқа шағым дайындап жатыр. Олар жердің толықтай жетімдерге берілетіндігіне де сенбейді.
Алматы облысы Қарасай ауданындағы шағын ғибадатханада осы облыстағы кришна дінін ұстанушы 50-ге тарта азамат құдайға құлшылық етеді. Бірақ енді жергілікті әкімшілік бұл жерге діни рәсімдер жасауға тыйым салмақшы. Сөйтіп, бұл жерде өмір сүріп, шаруашылықтарын жүргізіп жатқан 40 шақты діндәрдің ендігі тағдыры бұлыңғыр дейді «Кришна санасы» діни бірлестігінің өкілі Максим Варфоломеев:
- Жақын күндері біздің саяжайларға Қарасай ауданы әкімінің орынбасары келді. Жаңа адам. Өйткені, үкімет аудан әкімін жер телімдерін заңсыз бөлгені үшін орнынан алып тастап, әкімшілікте кадрлық өзгерістер болған. Міне, сол жаңа әкімнің орынбасары сенбі күні біздің саяжайға келіп, жаздан бастап біздің жерімізде балалар үйінің жазғы лагері орналасатындығын айтты. Яғни, жерді балалар үйіне беру туралы шешім шыққандықтан, ол «мұнда қандай да бір діни рәсімдер, жиындар өткізу жазаланады және бәріне тыйым салынады» деді.
«Кришна санасы» қоғамының өкілі 1999 жылы діни бірлестік өкілдері сатып алған меншіктерінің тартып алынуы заңсыз деп есептейді. Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Еділ Қалиев, дүйсенбі күні «Азаттық» тілшісіне берген түсініктемесінде, жерді балалар үйіне беру туралы сот шешімінің шыққандығын растады. Билік өкілі Кришна дінін ұстанушылар далада қалмайды деп отыр.
- Шешім шықты. Бәрі бар, заңды. Оларға (Кришна қоғамына) Алматы облысындағы Талғар ауданының бір ауылынан жер берілген. Сол жаққа барады. Ал балалар жазда келеді. Бірақ қазір объектімен танысып жатыр. Көктемде қысқа дайындық үшін қияр, помидор егеді. Жазда сол жерде демалады. Жалпы саны 200-дей бала келеді, - деді Қарасай ауданы әкімінің орынбасары.
Қарашаның 8-і күні Алматы облыстық сотының қадағалау алқасы «Кришна санасы» қоғамы мүшелері тұрып жатқан 47 гектар жерді Ермек Әбдіхалықов деген азаматқа беру туралы өзінің бұған дейінгі шешімін өзгертіп, жерді мемлекетке қайтару туралы шешім шығарды. Ермек Әбдіхалықов болса ол сот өзінің қатысуынсыз өткенін айтып, сотта шыққан шешімді заңсыз деп санайды.
- Сотқа шақыртуды тура сот болатын күні алдым. Шақыртудың түскен уақыты пошта мөрімен де көрсетілген. Олар орнынан кеткен әкімнің атынан, бұрынғы уақытпен заңсыз шешім шығарған. Жерді балаларға уақытша беру туралы шешім қыркүйектің 10-күні әкім Құтпановтың атынан шығарылған. Ал ол әкімнің орнынан кеткенін білесіз ғой? - дейді Ермек Әбдіхалықов:
Даулы жердің жетімдерге біржолата берілетіндігіне «Кришна санасы» қоғамының мүшелері де, жер оларға сатылғанға дейінгі иесі Ермек Әбдіхалықов та сенбейді.
Ермек Әбдіхалықов Алматы облыстық қадағалау алқасының үш мәрте шешім шығаруы заңсыз деп, Жоғарғы сотқа шағым әзірлеп жатыр. Ал «Кришна санасы» қоғамының мүшелері барлық сот сатыларынан өткендіктен, Бас прокуратура мен халықаралық ұйымдарға жаңадан хат дайындауда. Олар бұл мәселенің биылғы қарашаның 30-күні Мадридте Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі өтініші қаралатын ұйымның отырысында есепке алынатындығына сенімді.
- Бұл мәселе біздің ісімізбен де байланысты. Өйткені, барлық дерлік халықаралық бақылаушылар, өкілдер Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету жолында ең алдымен шешілуі тиіс өзекті шаралар тізімінде біздің мәселеміз де бар екендігін айтқан. Бірақ, халықаралық ұйымдардың мұндай пікірі Қазақстанның жоғарғы деңгейінде ешқандай нәтиже бермеді. Керісінше, біздің жағдай күрделеніп, ушыға түсуде, - дейді «Кришна санасы» қоғамының өкілі Максим Варфоломеев.
Бұған дейін Қазақстан үкіметі "Кришна санасы" ұйымына тәркіленген 47 гектар жеріне өтем ретінде Талғар ауданынан 2 гектар жер ұсынған еді. Алайда, діни ұйым мүшелері бұл жердің шаруашылық жүргізуге жарамсыз, қаладан алшақ, қуаң жер екендігін айтып, келіспеген болатын.
Қазақстандағы «Кришна санасы» қоғамы орналасқан жерге қатысты дау 2004 жылдан жалғасып келеді. Былтырғы жылы қараша айында Қарасай ауданындағы осы қоғамға мүше адамдар тұрып келген 13 үй құлатылып, 40-қа жуық адам баспанасыз қалса, биылғы жылдың маусымның 15-і күні тағы 12 үй құлатылып, 10 діндәр тұрақты жерінен айырылды.