Түркменстан президенті Гурбангұлы Бердімұхамедов министрлер кабинетін бірқатар шешімді қадамдар жасалатындығы турасында хабардар етті. Елдің жаңа басшысы өз әкімшілігінің таптаурын институттарын білім саласын, шаруалар реформасын, энергиялық балама технологияны дамытып, осы салаларға күш салуға, көбірек қаржы бөлуге шақырды.
Бердімұхамедов президенттікке келген бір жылға толар-толмас уақыттың ішінде қайтыс болған бұрынғы президент Сапармұрат Ниязовтан қалған ауыр мұраны еншіледі. Түркменстанның мол табиғи мұнайы мен газ қорының көтеріңкі деректеріне негізделген ішкі жалпы өнім көрсеткіші оның тұрғындарының жартысынан астамы тым кедейлікте күн кешіп жатқанын жасырып-жауып келді.
Ниязов үлкен жобаларға асқан мырза болғанымен, әлеуметтік салаларды дамытуға келгенде тым сараң болатын. Сондай күйреп, құрдымға кете жаздаған саланың бірі - білім саласы болған еді.
Министрлер кабинетінің теледидардан берілген мәжілісінде Бердімұхамедов міне осы мәселелерді түбірімен өзгертемін деп уәде етті. Ол Орталық банкке мектеп бағдарламаларына арнап 4 миллиард доллар қаржы бөлу туралы тапсырма берді.
- Біздің қазіргі бағдарламамызға сәйкес, біз 600 мектеп және балабақша салуымыз керек. Біз оларды тұрғызуды қажет етеміз. Дегенмен де біз оларды бағдарлама бойынша бірнеше жыл салуға тиіспіз, бірақ біз мұншалықты ұзақ күте алмаймыз. Менің ойымша бұл бағдарлама екі кезеңге бөлінуі керек. Сондықтан, Орталық банктің басшысы, менің сізге айтарым, сіз бірінші кезең үшін 4 миллиард доллар бөлетін стратегия жасап келуіңіз керек, Оны қалай жүзеге асырасыз, ол сіздің жұмысыңыз.
Түркмен президенті сондай-ақ денсаулық саласына да басты назар аударды. Бердімұхамедовтың мамандығы тіс дәрігері, ол Ниязовтың тұсында денсаулық сақтау министрі болған, енді президент ауылшаруашылығын дамытуға көп көңіл бөліп, фермерлер мен мақта өсірушілерге қолдау көрсетпекші.
Мәжілісте Бердімұхамедов ел парламентін осы жоспарлардың жүзеге асыруда құлшыныс танытуға шақырды. Бердімұхамедов сондай-ақ фермерлерге төленетін ақшаның тең жартысын түркмен манатымен, тең жартысын валютамен беруді ұсынды.
- Мен мынаны ұсынамын: фермерлердің мүддесі үшін олардың төлемдерінің 50 проценті АҚШ долларымен, 50 проценті манатпен болуы керек.
Кейбіреулер Бердімұхамедовтың бұл шараларының астарына бірден күмән келтіруі де мүмкін. Осыдан бір ай бұрынғы кабинет мәжілісінде Бердімұхамедов Мәжілісті инвестиция мен қаржыландыруға қатысты түркмен заңдарын халықаралық талаптарға сай жасай алмай отырсыңдар деп сынға алған болатын. Олардың кешеуілдеуі Түркменстанға шетелдік инвесторлардың келуіне кедергі келтіреді деп айтты.
Түркменстанның экономикасы табиғи мұнай мен газ қоры жағынан жақсы белгілі. Дегенмен де президент Түркменстан күн энергиясын пайдалануды дамытуы керек деген ойды алға тартты.
- Бір мысал келтіруге рұхсат етіңіздер. Бельгияда болғанымызда олар бізден күн энергиясы жобасына қатысуымызды сұрады. Бұл өте қызықты жайт, өйткені Европада күн көзін күнде көрмейсіз, сонда да олар күн қуатын пайдаланғысы келеді, ал бізде күн күнде жарқырап тұрса да, оның энергиясын пайдаланбаймыз.
Түркменстанда күн қуатын пайдалану мәселесінің негізі Совет кезеңінен салынған, бірақ қайтыс болған президент Ниязов газ бен мұнай сияқты табиғи байлықтарға артықшылық берген.
Алдағы қысқа мерзімдік жоспарларды ортаға салған Бердімұхамедов елдегі саяси-әлеумттік реформалар туралы ешнәрсе айтпады. Түркменстанда әлі күнге тіркелген бір ғана саяси партия бар. Мұнда бірде-бір тәуелсіз басылым жоқ. Президент бұл жайттар жақын арада өзгереді деген қандай бір белгі байқатпады.
Алайда оптимистер Түркменстанның бұрынғы әкімшілігі ешқашанда ел алдына шығып, алдағы жоспар, мақсаттар жайында өз ойларын жайып салмайтын деп, Бердімұхамедовтың көп мәселені өзінен бұрынғы президенттен өзгеше шешеріне үміт артқан сыңайлы.