Словакия Ұлттық ғибрат институты НКВД мен КГБ-ның шетелдердегі қызметі жайында осы айдың басында конференция өткізді. Мұнда НКВД мен КГБ-ның Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі құпия қызмет орындарымен 1989 жылға дейін жасалған байланыстары да сөз болды. Күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі – құпия қызметтердің Католик шіркеуі мен Ватиканның шауараларына араласқаны болды. Коммунистік идеологиядан құтылған бұрынғы социалистік мемлекеттер және Ватикан құпия қызметтердің ықпалынан қалай тазарып жатыр екен?
Италиядағы Болонья университетінің сарапшысы Стефано Боттони КГБ-ның ықпалында болған мемлекеттік қауіпсіздік комитеттері Рим католиктері шіркеуінің шаруаларына көп араласты дейді. 1978 жылға дейін, Рим папасы болып Польша кардиналы Карол Войтыла сайланғанға дейін құпия қызметтердің ықпалы аса қатты болған, және бұл шаруаны негізінен Мажарстан мен Польшаның құпия қызметтері атқарған. Мұның себебі – Мажарстан пен Польшада негізінен католиктер жасайды, сондықтан Мажарстан мен Польша құпия қызметтері католиктер шіркеулеріне агенттерін көптеп кіргізе алған, діни қызметкерлер арасынан тыңшыларын көптеп таба білген.
1978 жылы Рима папасы болып Польша кардиналы Карол Войтыла сайланды, Карол Войтыланың өзіне Иоанн Павел Екінші деген діни есім алғаны белгілі. Иоанн Павел Екінші Рим шіркеуін КГБ серіктерінің агенттерінен тазалай бастады.
Рим шіркеуінің орталығы Ватиканда тазалау науқандары айтарлықтай нәтижелі болса, Польшада, мәселен, құпия қызметтерінің агенттерінен құтылу оңай емес. Мұның себебі – Польшадағы шіркеулерде діни қызметкерлер мен ресми қызметкерлердің арасында агенттер тым көп болған. Польша Ұлттық ғибрат институтында істейтін тарихшы Владислав Булхак Польшада ескі дәуір мен жаңа дәуірдің арасында анық шекара болмады, себебі осында деп түсіндіреді:
- Польша саясатына араласып жатқан да, Польша баспасөзіне қатысып жатқан да, Польша әлеуметтік шаруаларына қатысып жатқан да адамдар бір келкі, олар карьераларын коммунистік дәуірде бастаған. Сондықтан, ескі дәуір мен жаңа дәуірдің арасында ешқандай анық үзілістің болмағаны белгілі.
Польша Католик шіркеуіндегі жағдай да сондай. Польша құпия мекемелерінің архивтері Ұлттық ғибрат институтында сақталады. Владислав Булхактың айтуына қарағанда, шіркеу комиссиялары сол архивтерді зерттеу үстінде, бірақ жалпы Польша шіркеулерінде тазару науқандары баяу. Құпия қызметтерімен сыбайлас адамдар саны тым көп болған, сондықтан олардан құтылу да оңай емес, әр жеке мәселе мұқият қаралады, - дейді Владислав Булхак. Мәселен, тіпті Варшава қаласы бойынша шіркеу басшысы болып сайланайын деген азаматтың агент болғаны анықталып, үлкен дау шыққан.
Польшамен көршілес Литвада тазалау науқаны сәл басқаша. Литвада католиктер басым екені аян. КГБ-ға мәлімет беретіндерді жұртшылық совет оккупациясы кезінде ақ танитын, Литва тәуелсіздік алғанда ондайлардан құтылу айтарлықтай оңай болды, - дейді Литва Зұлмат және Қарсыласу институтының қызметкері Арвидас Анусаускас:
- Литва тәуелсіздігін қайта алған соң мұндай адамдар басшылық қызметтерден алынды, себебі Литва шіркеуі советтерге қатты қарсылық танытатын. Польша қайтадан тап болғандай проблема Литвада, міне 15 жыл болды, нақты жоқ.
Алайда, Литва советтер қоластында болғандықтан КГБ көптеген архивін алып кеткен. Сондықтан КГБ-ға кім қызмет етті, кім қызмет етпеді дегенді нақты білу Литвада қиынырақ болып тұр. КГБ тарихы бойынша Ресей маманы Никита Петров Братислава конференциясында айтқандай, КГБ-ның көптеген маңызды құжатын көру мүлдем мүмкін емес. Көптеген құпияның беті жақын уақытта ашылатын емес.