Европадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының сыртқы істер министрлері алдағы аптада Испанияда кездесіп, Қазақстанның 2009 жылы осы ұйымға төрағалық ету жөніндегі өтінішін талқылайтын болады. Ұйымға мүше елдердің бірқатары Қазақстанның бұл талпынысына қолдау білдірсе, енді бірқатары Қазақстанда демократиялық құндылықтар мен адам хұқтарының сақталуына күмән келтіріп, Қазақстан ОБСЕ-ге төрағалық етуге дайын емес дегенді алға тартады. Орталық Азиядағы көршілері болса ресми тұрғыда Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық ету талпынысын қолдайды, дегенмен де ол елдердегі кейбір азаматтар басқаша ой-пікірде.
Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сыртқы істер министрлері Мадридте қарашаның 29-30 күндері бас қосады. Онда олар Қазақстанның 2009 жылы ОБСЕ-ге төрағалық етуі турасындағы даулы мәселені шешуі тиіс.
ОБСЕ өткен жылы бұл мәселеде шешім қабылдауды кейінге қалдырып, Қазақстан үкіметіне басты талаптар бойынша ұстанымын жақсартуға уақыт берген болатын. Қазақ үкіметі қалайда 2009 жылы ОБСЕ-ге төрағалық етуге қол жеткізгісі келеді және оны үлкен мәртебе санайды.
Жалпы ОБСЕ-ге төрағалық ету Қазақстан үшін ең бір үлкен жетістік болар еді, ал Орталық Азиядағы көршілеріне оның қандай да бір әсер-ықпалы болуы мүмкін бе?
Ашхабадтағы сарапшы Гурбан Бозаджи Казақстанның табысқа жетуі бұрынғы Совет республикалары үшін жақсы белгі дейді.
- ОБСЕ-ге төрағалық ету кездейсоқ бола салатын жағдай емес, атап айтқанда бұл пост-советтік кеңістіктегі барлық елге жасалған құрмет белгісі, - дейді сарапшы.
Қазақстан егер ОБСЕ-ге төрағалыққа қол жеткізе алса, ол бүкіл Орта Азия елдері үшін жақсы болары сөзсіз, бірақ оның Түркменстанға қандай да бір айрықша әсері болуы мүмкін бе, бұл жөнінде сарапшының ойы мынандай:
- Егер 2009 жылы Қазақстан ОБСЕ сияқты беделді ұйымға төрағалық ететін болса, ол әрине Түркменстанға өзінің оң әсерін тигізеді. ТМД-ның барлық елдері шамамен бір деңгейде дамуда, дұрыс саясат арқасында Қазақстан адам басына шаққанда ең жоғары кіріс кіретін ел. Қазақстан мен Түркменстанды біріктіретін көп сала бар, қазба байлықтары, сондықтан 2008 жылы Қазақстанда Түркменстанның мәдениет күндері өткізілетіндігі тегін емес, ал 2009 жыл Түркменстанда Қазақстан жылы деп жарияланған. Сондықтан да егер төрағалық ететін болса, біз көптен күткен адам хұқтары, сөз еркіндігі, демократия саласында өзгерістер болады деп ойлаймыз.
Тәжікстан сыртқы істер министрінің баспасөз өкілі Давлат Назриев Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық ету ұмтылысын қолдайды дей келе, Қазақстанның Орта Азиядағы роліне айрықша тоқталды.
- Қазақстанның болашағы өте зор және бұл ел аймақта үлкен саяси рол атқарады.
Дегенмен де, Қырғызстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Әлікбек Жексенқұлов Қазақстанда бұған дейін ОБСЕ-ге төрағалық ету үміті жоғары болған шығар, бірақ билік басындағы бір ғана партия жеңіске жеткен парламенттік сайлаудан және Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласына қатысты жанжалдан кейін Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық етуге деген мүмкіндігі қысқарып қалды деп атап көрсетеді.
Тәуелсіз талдаушы Камолиддин Раббимов Өзбек үкіметі көпшіліктің көзінше Қазақстанның төрағалық етуіне қолдау көрсетеді, бірақ оңаша айтқанда оны соншалықты қолдамайды дейді.
- Өзбекстан Қазақстанның төрағалық ету бастамасына қолдау білдіруге тырысады. Бірақ Өзбекстанның өз ішінде ресми және ресми емес пікірлер бар. Ташкент ресми емес жағдайда Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық етуін қаламайды. Оған көп себептер бар. Егер Қазақстан 56 мемлекет мүшесі бар ОБСЕ-ге төраға бол қалса, ол Өзбекстанның аймақтағы беделіне қатты нұқсан келтіреді. Өзбекстан Астана ОБСЕ-ге төрағалық етсе, онда Қазақстанның аймақтағы жетекшілік ролін әлемнің мойындағаны болып табылады деген алаңдаушылық танытады.
Дипломатиялық ақпарат көздері ОБСЕ-нің сыртқы істер министрлері Қазақстанға аталған ұйымға төрағалық етуді 2011 жылға дейін кейінге шегеріп, бұл уақытта елдегі саяси жүйені ОБСЕ талаптарына сәйкестендіріп, адам хұқтары жағдайын жақсартуға шақырады дегенді айтады.