Жапония мен АҚШ-та бір мезгілде жұмыс істеген ғалымдардың екі тобы саяси және ғылыми бір проблеманың жауабын тапқан тәрізді. Ғалымдар адамның генетикалық эмбриондық клеткаларын адамның бірде-бір эмбрионына зақым келтірмей қалай зерттей алады? Оның шешімі тері клеткаларын эмбиронды тірек клеткалары сияқты болатындай етіп қайта бағдарлаудан табылып отыр.
Эмбрионды генетикалық клеткаларды зерттеушілер әрдайым күрделі жағдайға тап болып келген еді. Өйткені генетикалық клеткаларды алу үшін дағдарысты деген клеткаларды эмбрион кезінде жою қажеттігі оны мүлде құртып жіберетін болған. Міне сондықтан да Ресейдің Ортодокс шіркеуі мен Ватикан ғалымдардың генетикалық клеткаларды зерттеу ісіне қарсылық танытып келді.
Алайда ғалымдар үшін эмбрионды генетикалық клеткаларды зерттеп тану әрдайым қызығушылық тудыратын. Өйткені, медицина ғалымдары күндердің күнінде адамның зақымданған, ауруға шалдыққан клеткаларын, ағзаларын қолдан өсірілген клеткамен алмастыра алатын мүмкіндікке жетеміз деп үміттенеді.
Висконсин университетіндегі анатомия профессоры Джеймс Томсон бастаған ғалымдар командасы міне осы баламалы тәсілді іздестіруде. Ол әзірге қайта бағдарланған немесе үлгілендірілген тері клеткаларының жұмысқа қосылғандығы жайында хабарлаған. Клеткалар эмбрионды генетикалық клетка жолына түсе отырып, адам денесіндегі басқа да клеткалар сияқты бола алады. Бірақ мұндай құбылыстың әрдайым болып тұратындығына көз жеткізу үшін әлі де көбірек сынақтан өткізіп, жан-жақты зерттеу қажет.
Мұндай сақтандыруға қарамастан, 1996 жылы клондалған алғашқы Долли қойын алған ғалымдар тобына жетекшілік еткен Шотландия ғалымы Ян Уилмут өзінің бұған дейінгі зерттеу бағытынан бас тартатындығын айта келіп, бұл саяси себептен емес, жаңа техниканың берері мол және практикалық жағы жоғары деп атап өткен.