Әлемдік орман-ауыл шаруашылық орталығы Латын Америкасы, Батыс Африка және Азия фермерлерімен бірге жұмыс істеп, оларды какао ағаштарын көбірек өсіруге шақыруда.
Шоколад ағашта өседі. Оның мәнісі - какао ағашының қабығындағы қызғылт-қоңыр түсті кока бұршағын бірнеше кезеңдік өңдеуден өткеннен кейін одан какао майы, какао ликері, какао ұнтағы алынады.
Какао ағашы көлеңкеге төзімді және ол құнарлы, ылғалды тропикалық ормандарда жақсы өседі. Сондықтан да какаоны фермерлер бағалы дақыл ретінде тропикалық ормандарды жоймай-ақ өсіре алады. Ғалымдар тропикалық ормандар көміртегін ұлғайтып, ауадағы көмірқышқыл газының көлемін азайтады деп есептейді.
Әлемдік орман-ауыл шаруашылық орталығы Латын Америкасы, Батыс Африка және Азия фермерлерімен бірге жұмыс істеп, оларды какао ағаштарын көбірек өсіруге шақыруда. 1990 жылдары Бразилия фермерлері какаодан жұқпалы тері ауруы тарап, какаоның әлемдік бағасы құлдырағаннан кейін какао ағашын баптап өсірудің орнына, ормандарды кесіп, ағаш дайындаумен айналысып кеткен болатын.
Ал енді болса, ауылшаруашылық экономистері егер көптеген елдер какао бұршағынан гөрі арнайы шоколад өнімдерін шығарумен айналысса, олар какао бұршағы нарығындағы баға тұрақсыздығынан арылады деп есептейді. Сонымен шоколадты көп жеген жағдайда ғаламдық жылынуды азайта ма? Мұның тікелей және жылдам болмаса да, жанамалай әсері болуы мүмкін екен.
Алайда шоколад нарығы шикі мұнай нарығындай болса, онда шоколадпен жабдықтаушылар әлемнен шоколадтың жаңа көздерін іздеуі керек болады. Мұның өзі Бразилия фермерлерінің какао ағашын өсіруін ынталандыра түсер еді.
Міне сондықтан да сіз келесі жолы тәтті шоколадқа қызығып,оны аузыңызға апарар кезде, тағы да салмақ қосатын болдым-ау деп өкінбеңіз, қайта экологияға пайда келтіріп, көмір қышқыл газының ауаға таралуын азайтуға үлес қосамын деп қуаныңыз.