Қарашаның 24-де Мәскеудегі оппозициялық шеруде қамауға алынған, шахматтан әлем чемпионы Гарри Каспаровқа келген адамдар абақтыға жіберілмеді. Оған келгендер арасында әлемге белгілі шахмат ойыншысы Анатолий Карпов өзінің әріптесі Каспаровқа саяси емес моральдық жағынан қолдау танытуға келгенін айтқан.
Шахматтан әлем чемпионы Гарри Каспаров өткен аптада оппозициялық шеру барысында Ресей заңдарын бұзды деп Мәскеуде 5 күнге қамауға алынған болатын. Кремльдің сыншысы, бірақ Батысқа белгілі Каспаровтың қамалуы Ресейде желтоқсанның 2-де өтетін мемлекеттік Дума сайлауларына бір апта қалғанда болып отыр.
Билік сондай-ақ, абақтыдағы Каспаровқа адам жібермей отыр. Сейсенбі күні Мәскеудегі қамау орталығында отырған әріптесі Гарри Каспаровқа кірмекші болған Анатолий Карпов та оған жіберілмей қойды:
“Адам қиындыққа тап болды. Маған ол бәрібір емес. Дәл қазір Ресейде төрт әлем чемпионы бар ғой деймін. Әрине, олардың әрқайсының тағдыры басқа шахмат ойыншыларына маңызды, Ресейде болсын, шетелде болсын”.
Карпов пен Каспаров өте жақын одақтастар. Шахмат тақтасында аса мықты бәсекелес болған олардың ойын ойнау мен өздерін ұстаудағы әдіс-тәсілдері мүлде басқаша. Карпов асықпайтын сабырлы мықты болса, Каспаров өте ашық, көңіл-күйімен бәрін білдіріп отыратын әрі тапқыр ойыншы болып танылған. Олардың ең әйгілі ойыны 1984 жылғы әлемдік шахмат жарысында, екеуінің төрт ай бойы бір-біріне беріспей мықты ойнағаны болып еді. Онда 33 жасар Карпов 21 жастағы Каспаровқа 22 ұпайға ұтылып, әлемдік жекпе-жек барысында бірнеше рет емханаға түскен.
Ал, саясат алаңында екі шахматшы екі жолды ұстанған. Біріккен Азаматтық майданның жетекшісі әрі “Басқа Ресей” оппозициялық коалициясының президенттікке ұсынып отырған кандидаты Гарри Каспаров үлкен саясаттың ортасында жүр. Керісінше, Анатолий Карпов Ресейдің саяси билігімен жақсы байланыста, ол 2005 жылдан бері үкіметтің қоғамдық палатасының мүшесі болып келеді.
Алайда Карпов «Азаттық» радиосына берген сұхбатында, өзінің Каспаровпен ұзақ жылғы бәсекелестігі оларды бір тұрғыдан одақтас еткенін айтқан:
“Мен басқа ойыншылардан гөрі Каспаровпен шахмат тақтасында көбірек уақытты өткіздім. Біз жеті жыл бойы бір-бірімізді біресе жеңіп, біресе жеңіліп жүрдік. Сөйтіп, жалпы алғанда жарты жыл, жоқ тұра тұрыңыз, жарты жыл емес-ау, бір матч төрт айға созылса, екеуміз бірге шамамен бір жылдан аса уақытты шахмат тақтасында өткізіппіз. Жалпы айтқанда, мен оның саяси көзқарастарын бөліспеймін, ол басқа нәрсе. Мен мұнда оны саяси жағынан қолдауға келген жоқпын”.
Гарри Каспаровтың адвокаты Ольга Михайлова мен Думаның тәуелсіз депутаты Владимир Рыжковқа да Карповпен бірге қамаудағы Каспаровқа кіруге рұхсат берілмей қойған. Полиция өкілдері Каспаров қамауда отырған кезде оған ешкім де кіруге құқылы емес деген.
Билікке қарсы шеруге қатысып, бес күнге қамалған Каспаров қарашаның 29-да шығарылуы керек.