Бұл жолғы сайлауда мемлекеттік Думаның төменгі палатасындағы 450 орынға 11 партия бақталас болып отыр. Бірақ, бұл сайлауда президент Путиннің “Единая Россия партиясы” жеңіске жетеді деп күтіліп отыр. Батыстық бақылаушылар өздерінің бұл сайлауларды бақылау әрекетіне кедергілер жасалып жатқанын айтады.
Ресейдегі дауыс берулер ел астанасынан 6 мың шақырым алшақ жатқан елдің шығысында сенбі күні кешкісін басталды. Арасына 22 сағат салып Балтық теңізіндегі Калининград анклавындағы сайлаулар аяқталады. Бұл сайлауға дауыс беру құқы бар 100 млн-нан аса адам қатысады.
Ресейдің Орталық Сайлау Комиссиясының басшысы Владимир Чуров, бұл жолғы барлық аймақтағы дауыс берулер 2003 жылғы сайлаудан белсенді өтуде деген. Елдің Қиыр шығысы Чукоткадағы дауыс берулер аяқталып қойды, оған 76 пайызға дейін сайлаушы қатысты деп хабарланды. Осы жолы депутаттар бірінші рет партиялық тізіммен сайлауға түсіп отыр.
Сауалнамаларда, Ресей президенті Владимир Путиннің өзі тізімнің басында тұрған «Единая Россия» партиясы жеңіске жетеді деп айтуда. Бұл Путиннің президенттік мерзімі аяқталған соң да оның билікте қалуына мандат бермек.
Мәскеулік дауыс беруші Михайл Золотов өзінің «Единая Россияға» дауыс бергенін, себебі Кремлге жақын партияның аясында елдегі тұрақтылыққа көңілі толатынын айтқан.
“Сіз білесіз бе, маған зауыттағы жұмысымды жоғалтқан 1990 жылдардағы аласапыран кезді көргенім жетеді. Содан бері мен бірнеше рет жұмысымды ауыстырдым. Енді қазір елде айтарлықтай тұрақтылық орнап қалды”.
Путин алдағы наурыз айында өзінің президенттік мерзімі аяқталған соң, ел конституциясы бойынша келесі мерзімге қала алмайтындықтан биліктен кетуге сөз берген. Бірақ, ол өзінің «Единая Россия» партиясын билікте қалуға пайдаланатын болады. Қазан айында Путин, өзінің сайлауға қатысатын бұл партиялық тізімнің басында тұратынын айтқан.
Тағы он партия ішінде Коммунистер, Либералды Демократиялық партия және Яблоко партиялары қажетті 7 процент дауыс жинау үшін бәсекелесіп жатыр. Оппозициялық партиялар сайлау алды науқан барысында «Единая Россия» партиясына ақпарат құралдары арқылы мол мүмкіндік беріліп, өздері шектеу көргенін айтып жатты.
Оппозициялық жиындар мен шерулер басып тасталғаны, белсенділері қамауға алынғаны белгілі. Шахматтан әлем чемпионы Гарри Каспаров бұл сайлауды мойындамайтынын айтқан. Оның “Другая Россия” партиясының кандидаттары сайлаудан шектетілген. ЕҚЫҰ-ның сайлауды бақылау кеңсесі өздерінің бұл дауыс берулерді бақыламайтындықтарын айтты, өйткені ресми Мәскеу ұйымның бақылаушыларына дер кезінде виза беруден бас тартқан. Оның соңы дауға айналып, Ресей президенті ЕҚЫҰ ның бақылаушыларын Ресейге жібермеу шешімінің артында АҚШ мемлекеттік департаменті тұр деп айыптаған.
Құрама Штаттар Ресей президентінің бұл айыптауларын мойындамайтындықтарын айтты. Хельсинки комиссиясының өкілі Алси Хастингс Путин мұндай айыптауларымен қулық жасап отыр деді. Оның атап көрсетуінше, Ресей ЕҚЫҰ-ның сайлауды бақылау жөніндегі демократиялық және адам құқықтары қанатының мүшелеріне виза бермей қойған. Жоғарыдағы дауға нағыз себеп осы болып отыр дейді Хастингс.
Сайлауға дейін кемінде 90 күн бұрын Ресейге кіруге рұхсат берілмегендіктен, ЕҚЫҰ-ның бақылаушылары өздерінің бұл процесті қажетті деңгейде бағалай алмайтындықтарын айтып отыр. Парламент сайлауларының бақылаушыларсыз өтуі Ресейге батып отыр деді Хастингс:
“Ашығын айтқанда, менің ойымша, олардың қиналып отырғанына себеп шетелдік бақылаушыларға жол берілмей отырғаны емес, бұл олардың сайлауларын толығымен бұзады дегеннен гөрі, оны көркемдеп жіберуге көмектеседі. Сондықтан, мен Құрама Штаттар, президент Путин айтып отырғандай, бұл шешімге қандайда бір қатысы бар дегенмен келіспеймін”.
ЕҚЫҰ парламенттік Ассамблеясының тек аздаған мүшесі ғана бұл сайлауға қатысуда. Жалпы, бұрынғы совет елдерінен барлығы 330 шетелдік бақылаушы 95 мың сайлау учаскесіндегі дауыс берулерді бақылап отыр. Бұл 2003 жылғы сайлаулармен салыстырғанда өте аз болып отыр. Ал, осыған дейін жүргізілген сауалнамаларды Ресей халқының үштен екісі бұл дауыс берулердің әділ болатынына сенбейтіндігін, ал жартысына жуығы әйтеуір дауыс беру міндетінен құтылатындығын айтқан.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, сайлауда көптеген заңбұзушылықтар орын алып жатыр. Сайлауды бақылаушы тәуелсіз “Голос” агенттігінің хабарлауынша, дауыс берулер барысында, пара ұсыну, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, сайлаушының жеке таңдауына қатысты заңбұзушылықтар болуда.
Бүгін Ресей Думасы сайлауына қатысушы Коммунистер партиясының жетекшісі Геннадий Зюганов:
“Бұл бұрын-соңды болмаған өте қиын сайлау болуда, өте лас әрі аса жауапкершіліксіз. Егер Ельциннің кезінде дауыс берулердің екі бұрыс жолы болған болса, енді мұнда кемінде ондаған жолмен адамдарды дауыс беруге артып, алдау жолдары жасалып жатыр”, - деп мәлімдеді.