Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың «Интернет туралы» заң жобасы туралы бастама көтеруі республикалық басылымдардың басым бөлігінің назарын аударып, түрлі сыни пікірге негіз болыпты. Мақала авторлары бұл заң жобасына қатысты көп мәселенің анық еместігіне қарамастан, енді интернетті бақылау күшейтіледі деп есептейді. Сонымен бірге, мемлекеттік жер телімдері мен баспана беру төңірегінде де түрлі қайшы пікірлер жарияланған.
«Новое поколение» газеті басты мақаласын «Демократиядағы әңгімелер» деген атпен «Интернет туралы» заң жобасына арнапты. Мақала авторы Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтің интернетті мемлекеттік реттеу туралы бастамамен бұрын да шыққандығын тілге тиек ете отырып, «мұны бір жақты жаман деп айтуға болмайды», - дейді. Алайда, оның пікірінше, интернетке мемлекет тарапынан енді бақылау күшейтіліп, ақпараттарды тұмшалау енгізеледі. «Интернет қалай болғанда ең еркін ақпараттық аймақ. Сондықтан, өзіне ерекше қарым-қатынасты талап етеді», - дейді газет тілшісі. «Сол себептен, біздің мемлекет Интернет желісі туралы ерекше заңдар керек деп есептесе, барлық мүдделі тараптардың ұстанымдары ескерілуі керек. Басты мәселе – Қазақстан интернеті енді дамып келетіндігіне», - деп жазады «Новое поколенение» газетінің тілшісі. Соған сәйкес «Интернет туралы заң – Интернеттің дамуына жол аша ма, әлде қарсы әрекет ете ме? – Бұл сұрақ ашық күйінде қалып отыр», - деп жазады газет тілшісі.
Ал «Панорама» басылымы министр Ертісбаевтың «Еуропада сайттардың иелері интернет парақшада шыққан қолайсыз лексика, жала, ұлтаралық немесе әлеуметтік араздықты қоздыратын сөздер үшін жауап беретіндігін, ал Қазақстанда министрдің өзі сондай сөздер шыққан сайт иелеріне телефон соғып, түсіндірмелерді алып тастауды сұрауға мәжбүр болатындығын айтқандығын хабарлайды.
«Интернетке рұқсатпен кіріңіз» деген мақалада «Караван» газеті «Интернет туралы» заң шығару жөнінде бастама көтерілгенімен, көп нәрсенің анық еместігін тілге тиек етеді. Мысалы, мақалада өз пікірлерін білдірген заңгерлер «аты-жөнін айтпаған интернет қолданушының белгілі-бір сайтқа кіріп, оған криминалды ақпарат жазып кетсе, оны алып үлгермеген сайт иесі жауап бере ме?» деген сияқты түсінісіз мәселелердің бар екендігін алға тартады. Мақала соңында автор Мәдениет және ақпарат министрлігінен «Интернет туралы» заң жобасымен танысқысы келіп, сауал жолдағанымен, оған өзінің жауап ала алмағандығын айтады.
Ал бұл уақытта оппозициялық «Свобода слова» газетінің бетінде Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов жер телімдерінің сатылуы және тұрғын үй базары жөнінде өз пікірін білдіреді. «Алматы аумағында заңсыз жерді таратқан ең құрығанда бір шенеунік заң алдында жауап бере ме?» деген сауалға премьер-министр осы мәселемен айналысқан комиссия ашық әрі таза жұмыс істеді деп жауап берген. Оның айтуынша, заңсыздықтарға жол берген шенеуніктер қызметтерінен алынған немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Ал қылмыстық жауапкершілікке тарту құқық орындарының жұмысы аяқталған соң анық болады», - депті үкімет басшысы «Свобода слова» газетінде. Сонымен бірге ол осы іске қатысты шенеуніктердің бір орыннан екіншісіне ауысуы турасында: «Бұл заңға қайшы келдмейді. Шенеуніктердің қызметтері төмендетілді», - деп жауап берген.
«Экспресс К» газеті болса, жұма күнгі санында «тәп-тәуір үйі бар аудан әкімін қыметінен төмендетіп, басқа ауданның әкімінің орынбасары етеді. Ал оның бұрынғы бағыныштылары оны шығарып сала отырып, тағы бір үй сыйлайды», - деп жазады. Газетте келтірілген деректерге қарағанда, Батыс-Қазақстан облысы Теректі ауданында баспана бөлу мемлекеттік комиссиясы бұрынғы әкім Василий Савченокоға оның өтініші мен құжаттарын да алмастан, оған жаңадан салынған үйдің бірін бөле салған. Комиссия мүшелеріне ескерту берілсе, Савченконың өзіне ешқандай жаза қолданылмаған. «Өйткені, ол комисия мүшелеріне тек үй алығысы келетіндігін ауызша білдіріп, емеурін танытқан», - деп жазады «Экспресс К» газеті.
Баспана мәселесі «Айқын» газетінде жарыққа шыққан «Нұрбанк» ісіне арналған мақалада да көтеріледі. «Алмалы аудандық сотында Көктебедегі Сүйінбай көшесі, 19 үйді заңсыз тартып алу эпизодына қатысты куәгерлерден жауап алынды», - деп хабарлайды газет тілшісі. Мақалада, газет тілшісінің айтуынша, «Рахат Әлиевтің айналасындағылар «Қонақтар үйі» деп атап кеткен бұл үйдің қалай сатып алынып, қалай сатылғандығы, онда кімдердің қысым көрсетіп, кімдердің иеленгендігі» сөз болады.