Ақпанның 21-22 күндері Оңтүстік Қазақстан облысының 3 ауданы - Сарығаш, Ордабасы және Арыс аудандарының жері су тасқынына ұшырап, көптеген үй-баспаналар қирап, сан мыңдаған тұрғындар зардап шеккендігіне байланысты үкімет 500 миллион теңгенің қаржысын бөлген болатын. Сейсенбі күні үкімет су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арнап тағы да 500 миллион теңгенің қаржысын бөлуге шешім шығарды.
Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Наталья Ким сәрсенбі күні «Азаттық» радиосына берген сұқбатында үкіметтің бұл жолғы көмек ақшасы негізінде мемлекеттік материалдық резервтерден бөлінетін азық-түлік түрлері, консервілер, шатыр, жылы көрпе және басқадай заттарға өтемақы ретінде жұмсалатындығын хабарлады.
«Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны зардаптарын жоюға үкімет 1 млрд теңге көлемінде ақшалай көмек бөліп отыр» - деді ол.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі жағдайдың тұрақтанып қалғандығын айтқан осы облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының шұғыл кезекшісі, полковник Сергей Ильич облыстағы су тасқыны салдарынан барлығы 2457 үй-баспана, құрылыс нысандарының су ішінде қалғанын, 6 мектеп құрлысы мен 379 үй-баспанының қирап-бүлінгенін, соның салдарынан 12700-дей тұрғынның зардап шеккенін жеткізді. Сондай-ақ ол су тасқыны салдарынан көлік жолдарының бүлініп, бір адамның қазаға ұшырап, 333 бас малдың суға кеткенін хабарлады.
«Оңтүстік Қазақстан облысындағы осы су тасқыны апатынан болған зардаптарды жою жұмысына 1943 адам және 243 техника жұмылдырылды. Құтқарушы күштер су ішінде қалған тұрғындарды және олардың дүние-мүлкін басқа жақтарға көшіруге көмектесті, енді су ішінде қалған үйлерді қайта жөндеу жұмыстары кешікпей басталады», - деді ол.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Бейсен Тәжібаев су басқан 3 аудандағы, яғни Сарығаш, Ордабасы және Арыс аудандарындағы жағдайдың тұрақтанып қалғанын айта отырып, ендігі қорқыныштың Сырдария өзені тарапынан болуы мүмкін екендігін айтады.
Өзен деңгейінің көтеріліп келе жатуы жағалаудағы елді мекендерге қауіп-қатер туғызады дейді ол.