2008 жылы ақпан айында Алматы облысы Қапшағай қаласындағы колонияда жазасын өтеп жатқан 20 адам дене мүшелерін зақымдаған. Бертін келе қылмыстық кодекстің 361 бабына дене мүшелерін зақымдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген. Қапшағай қалалық соты осы түзетулердің конституцияға қаншалықты сай келетіндігін анықтау мақсатымен конституциялық кеңеске жүгінді. Жоғарғы соттың қылмыстық коллегия төрағасы Әбдірашид Жүкеновтың айтуынша, бұл норма Конституцияға қайшы.
Отырысқа қатысқан парламент мәжілісінің депутаты Николай Турецкийдің айтуынша, өзге бірде бір елде мұндай жауапкершілік жоқ.
«Бірақ, Қазақстандағы жазаны өтеу мекемелері де халықаралық стандарттарға сай емес. Жазасын өтеп жатқандардың өз бұрышы жоқ. Олар камерада емес, казармада тұрып жатыр. Сондықтан қылмыстық авторитеттер өз дегенін істегісі келеді», - дейді депутат.
Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі қазір әділет министрлігінің қарамағында. Әділет министрінің орынбасары Дулат Құсдәулетов Қазақстан колониялардағы тәртіпті қатаңдату керек деп санайды.
Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов бұған дейін бұл норманың жоқ болғандығын айтып, кейін бір депутаттың ұсынысымен, талқыланбастан заңға енгізіліп кеткенін жеткізді. Ал әділет министрі Зағипа Балиеваның айтуынша, бірде бір елде мұндай жауапкершілік жоқ болса да, Қазақстанның бұл салада өзіндік бағыты бар. Әділет министрінің орынбасары Дулат Құсдәулетов мұндай норма халықаралық талаптарға қайшы келмейді дейді.
Министр Балиева бұл норма Қазақстанның Конституциясына да қайшы емес деп есептейді.
«Себебі, Конституция бойынша мемлекет адамның өмірін сақтауға міндетті. Ал осы норма арқылы осы міндетті жүзеге асыруға болады. Егерде жазасын өтеуші наразылығын білдірткісі келсе оны жазбаша түрде беруге болады», - дейді министр.
Әділет министрі мәселені талқылауға өз тізіміндегі заңгерлерді қатыстыруды сұрады және құпия материалдар таратылады деген желеумен отырысты жабық түрде өткізуді ұсынды. Сөйтіп, БАҚ өкілдері талқылауға қатыстырылмады.
Осылайша, Конституциялық кеңестің қорытынды шешімі кейінге қалдырылды. Жоғарғы сот мәліметі бойынша, әзірге өз денелеріне зақым келтірген 111 адам жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ресми мәлімет бойынша түрме тұрғындарының саны бойынша Қазақстан әлемдегі тізімнің 35-інші орнында. Қазір Қазақстанда 77 колония және 18 түрме бар.