Ақпанның 28-күні Қызылорда облысында Сырдария өзеніндегі сең қозғалысын әуеден бақылап жүрген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты тікұшақ апатқа ұшырап, жерге құлады. Апат салдарынан тікұшақта отырған 18 адамның 5-уі қаза тауып, қалғандары түрлі дәрежедегі жарақат алған. Жарақаттанғандар арасында облыс әкімі Мұхтар Құлмұхаммед те бар.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазақавиақұтқару» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның МИ-8 тікұшағы бейсенбі күні түстен кейін, шамамен сағат үш жарым кезінде, Қызылорда облысының Жалағаш ауданы аумағында құлаған. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Любовь Шапошникованың берген дерегіне сүйенсек, Сырдария өзеніндегі көктемгі сең көшін әуеден бақылап жүргенде апатқа ұшыраған тікұшақтағы 18 адамның арасында Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құлмұхаммед бастаған жергілікті бірқатар басшы қызметкерлер, су шаруашылығы мамандары мен төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет өкілдері және бірқатар жергілікті баспасөз құралдарының журналистері болған.
Тікұшақ апатының салдарынан Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы Сахитжан Бермағамбетов апат болған жерде қаза тауып, тағы 4 адам кейін ауруханада қайтыс болған. Марқұм болғандардың арасында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қазбек Төреманов, ТЖМ аға офицері, тікұшақ экипажының командирі мен экипаждың тағы бір мүшесі бар. Ал қалған 13 адамның барлығы зардап шеккен, соның ішінде 6 адамның халі өте ауыр деп хабарланып отыр. Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құлмұхаммедтің денсаулық жағдайы орташа деген ақпарат айтылды.
Әкіммен бірге тағы 4 адам облыстық медицина орталығына жеткізілген, өзгелері Жалағаштағы аудандық ауруханада жатыр. Зардап шеккендердің барлығының дерлік дене мүшелерінде түрлі сынықтар бар, ішкі органдарына зақым келген. Облыстық медицина орталығынан Жалағашқа дәрігер-мамандардан құралған жедел жәрдем топтары жіберілген.
«Тікұшақ апатының себеп-салдарын тексеріп-анықтау мақсатында құрылған ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров басқарған комиссия апат болған жерге аттанды, оның құрамында Қазақстанның денсаулық сақтау, көлік және коммуникация министрліктерінің өкілдері бар», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері Любовь Шапошникова.