Парламент мәжілісінің депутаты Сәт Тоқпақбаев маусымның 4-күні палатаның жалпы отырысында үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке жіберген депутаттық сауалында Астана қаласын Нұрсұлтан деп өзгерту жөнінде ұсыныс айтты. Мәжіліс депутатының аузынан шыққан бұл сөз қоғамда түрлі пікір туғызуда. Депутат өз ұсынысын ешкіммен келіспей жасағандығын айтқанымен, кейбір сарапшылар бұған күмән келтіріп отыр.
Парламент мәжілісінің депутаты Сәт Тоқпақбаев мұндай идеяның өз басында туғандығын айтады.
«Мен бұл мәселені ешкіммен келіспедім. Ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру кезінде президент Назарбаевтың жеке бастамасымен жасалды. Және оның еңбегінің арқасында қазір Есілдің сол жағалауында әсем қала салынды. Ол тек соның ғана еңбегі, сондықтан мен Астананың 10 жылдығы мерейтойы қарсаңында осындай ұсыныс жасауды ұйғардым», - дейді мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақбаев.
Осы бастаманы қолдаған кейбір депутаттар АҚШ астанасы Вашингтонның да сол елдің президентінің есімімен өзгертілгендігін мысалға келтірді. Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінекеев адамның есімімен қаланы атау тәжірибесінің тарихта бар екендігін сөз қылды.
«Мысалы, кезінде Ресей патшасы бірінші Петр Санкт-Петербург қаласын батпақтың үстінен салды. Назарбаев та батпақты жерге жаңа қала тұрғызды. Неге атауын өзгертпеске? Менімше, бұл жолдауды премьер-министрдің атына емес, президенттің атына жіберу керек еді. Ол оған келісе ме, жоқ па?» - дейді депутат.
Депутаттың мұндай мағынадағы мәлімдемесі Қазақстанмен көршіліс елдерде түрлі пікір туғызуда. Оқиғаның ізі суымай жатып, Ресейдің Центр.ру ақпараттық агенттігі өз сарапшыларының пікірін жариялады.
Сарапшы Власовтың айтуынша, Солтүстік Америкада көшбасшылардың есімімен аталған Джексонвилл, Линкольн сияқты қалалар бар. Бірақ, тірі басшыға қаланың атын беру Кеңес одағынан қалған әдет көрінеді. Жағымсыз тәжірибе ретінде ол Царицын қаласының Сталинград болып өзгертілуін мысалға келтірді.
Ал, қазақстандық депутат Тоқпақбаевтың ұсынысын парламент мәжілісі депутаттарының 90 пайызына жуығы қолдады. Депутат Тоқпақбаев президент Назарбаевты Астана құрылысшысы, Астана және ұлт әкесі деп атады. Ал қала атауын өзгертуге қатысты карталар мен құжаттардағы атау өзгертуге байланысты кететін басқа да шығын туралы ешкім тіс жармады.
Мәжіліс депутаты Раиса Полищук барлығы ақшамен өлшенбейді дегенді алға тартты.
«Одан да маңыздырақ, тарихи жағынан негізделген мәселелер бар, сондықтан мұндай сұрақ туындамау керек», - дейді ол.
Парламент мәжілісінің депутаты Сәт Тоқпақбаев болса, бюджетке ауыртпашылық түсірмей-ақ мұндай шығынды Қазақстанның патриот бизнесмендерінің көтере алатындығына сенеді. Әділет министрі Зағипа Балиева бұл ұсыныстың депутаттардың бастамасы екендігін айтты.
«Және бұған байланысты заңда көрсетілген белгілі бір тәртіп бар. Соған сәйкес, бастама қаралып, тиісті шешім шығарылады», - деді министр.
Кейбір сарапшылар бұл президенттің маңайындағы саясаткерлердің жасап отырған жарнамалау шарасы дегенді айтуда. Олардың пікірінше, қала атауын өзгерту туралы ұсыныс президентке жеткенде ол бұған қол қоймау арқылы өзіне деген халықтың қолдауын күшейтуі ықтимал.
Ресми мәлімет бойынша, қазір Астанада 700 мыңнан астам адам тұрады. 2008 жылы шілденің 6-сында, яғни президент Назарбаевтың туған күні, қаланың астана мәртебесіне ие болуының 10 жылдығы дүркіреген сән-салтанатпен аталып өтпекші.