Сейсенбі күні жарық көрген газеттер «Қазақгейт» ісіне қатысты бірнеше жыл шетелдік банкте тұмшаланып жатқан 84 млн АҚШ долларына иелік жасайтын қоғамдық қор жайында, шетелдік азаматтарды құлдық жағдайда ұстаған қостанайлық кәсіпкер туралы және Қазақстан президентінің саяси істер жөніндегі кеңесшісімен соттасқан газет редакциясының жеңісі жөнінде баяндапты. Сондай-ақ, елдегі білім беру стандарттары мен оралмандар проблемасына арналған мақалалар жарияланыпты.
«Жас алаш» газетінде журналист Азамат Байзақұлының «Бота қоғамдық қоры жұмысын бастауға әзір» деп аталатын мақаласында, Қазақстан билігінің тізгінін ұстағандарға мұнай үшін берілген пара деген күдікпен Швецария банктерінде тұтқындалған 84 миллион доллардың мемлекетке қайтып, биыл мамырдың 14-күні ресми тіркеуден өткен «Бота» қоғамдық қоры арқылы енді тоғыз айдан соң, осы ақшадан тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар мен мүгедек жастарға қаржылай көмек көрсетілетіні жазылыпты. Сонымен қатар, мақалада қордың жарғысы мен бағдарламасы бекітіліп, сол бағдарламада көрсетілген қызметті атқаратын үкіметтік емес ұйымдардың арасында бәйге өткізілетіндігі айтылыпты. Газеттің екінші бетінде жазушы Ғаббас Қабышұлы «Жалған намыстан күрке жасамалық» деген мақаласында, шалғайда тұратын ауыл қазақтары бүгінгі оппозицияның үні естілмей қалғанына, олардың сөзін халыққа жеткізетін санаулы басылымдарды да жаздыртып алуға мүмкіндіктің болмай жатқанына алаңдаушылық білдіріп отырғанын айтыпты. Сондай-ақ, мақала авторы оппозицияның әлі де бас қоса алмай жүргенін, барлығы да демократия, әділ сайлау, тіл, жер деп ұрандағанымен, әлі күнге дейін дұрыс шешімі табылмаған бұл мәселелерді тек «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы алаңқайда айтумен ғана шектеліп отырғанын баяндапты.
«Комсомольская правда» газетінің Қазақстанға арналған бетіндегі «Жеті бөшкедегі екінші өрт» деген мақалада, Астанадағы 9 қабатты тұрғын үйдің алюкобонд материалынан жасалған сыртқы қабы маусымның 8-күні өртеніп кеткеніне назар аударылыпты. Осы үйде мемлекеттік әлеуметтік бағдарлама бойынша пәтер алған ардагерлер де тұрады. Өрттен кейін жарамсыз болып қалған есік-терезені қайта салдыру үшін 100 мың теңгеге жуық ақша керек екен, «ал зейнеткерде ондай ақша қайдан болсын» дейді өрттен зардап шеккендердің бірі Күләш есімді тұрғын. Бұл жұрт арасында «Жеті бөшке» аталып кеткен көпқабатты үйлерде үш күннің ішінде болған екінші өрт. Есілдің сол жағалауында салынған жаңа үйлердің басым көпшілігі тез жанатын зат – алюкобондпен қапталғандықтан күрделі жағдай қалыптасып отырғаны бұрыннан бері айтылып келеді деп жазады мақала авторы Юлия Нитченко.
«Экспресс К» газетіндегі «Тірі ет» атты басты мақалада құлдық мәселесі сөз болыпты. Автор Ләззат Шүленова Қостанай облысының Әулиекөл ауданында Өзбекстан мен Тәжікстанның 15 азаматын еркінен тыс ұстап, олардың еңбегін қанаған жергілікті кәсіпкердің заң орындарына тұтылғанын жазыпты. Биылғы жылы сәуір айында әлгі шетелдік азаматтарды жұмыс тауып беремін деген уәдемен өз меншігіндегі шаруашылыққа алып келген кәсіпкер оларды жұмысқа шегіп, еңбек күшін тегін пайдаланған. Оларға ақша төлемек түгілі, «бостандыққа шыққыларың келсе 300 доллардан төлейсіңдер» деген талап қойыпты. Құлдық жағдайда болған бейбақтардың денесінде жарақат іздері бар екен. Араларында осында күйеуімен еріп келген 41 жастағы әйел де бар шетелдік жұмысшылардың барлығы бір бөлмеде тұрып келгенін жазады «Экспресс К» басылымы.
«Время» газеті бұрынғы Мәдениет және ақпарат министрі, қазірде Қазақстан президентінің саяси істер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевпен арадағы даулы мәселеде жеңіске жеткенін жазыпты. Қазақстан Жоғарғы сотының Бақылау алқасы бұған дейін Астананың Сарыарқа аудандық соты шығарған шешімді бұзып, Е.Ертісбаевқа «Время» газеті мен ондағы журналистер жайында айтқан сөздері шындыққа сай келмейтіні туралы жария түрде мәлімдеуді міндеттепті. Ертісбаев мырза былтыр «Республика» газеті мен «31 телеарнаға» берген сұхбатында, «Время» газетінде жұмыс істейтіндерді «сұмпайы», «алаяқ», «жексұрын», «телекиллер» деп атағаны үшін газет редакциясы сол кездегі министрді сотқа берген еді. Істі қараған Сарыарқа соты бұл оның азамат ретінде білдірген жеке басының субъективті көзқарасы деп бағалап, Ертісбаевты кінәсіз деп шығарған болатын.
«Айқын» газетінің сейсенбілік санында шыққан «Білім беру стандарттары: Ұлттық па, еуропалық па?» деген мақаласында автор Шарафат Жылқыбаева, ұлттық деген сөздің кез келген жерге пайдаланылып жатқанын, ал елдегі білім жүйесі құрылымдық жағынан да, формалық тұрғыдан да бір бөлігі кеңестік кезеңнен қалған үлгі де, жартысы жаңадан енген еуропалық пішін екенін жазыпты.
Ал, журналист Болат Абағанның «Қазақ мектебінің төбесі құлап, адам өлді» деген мақаласында, сенбі күні Талдықорған қаласындағы ел-жұрт көптен күтіп жүрген, жаңадан салын жатқан мектептегі жиынжайдың төбесі құлап кетіп, іште жүрген құрылысшыларды басып қалғанын, соның салдарынан екі адам оқиға болған жерде қайтыс болып, үш адам жарақаттарына байланысты ауруханаға жеткізілгені баяндалыпты.
«Қандастар Қытайға қайтамыз деп жатыр» деген мақалада, журналист Гүлбаршын Айтжанбай, шекара асып келген қазақтардың осыдан 10 жыл бұрын «Қазақ соқырлар қоғамына» тиесілі «Жанар» лагеріне уақытша қоныстанып, ал 2002 жылы оның 4 гектар жерін сатып алғанымен, олардың тиісті құжаттарын заңдастырып, рәсімдеу мерзімін кейінге қалдырылғанына байланысты дай туып отырғанын сөз етіпті.
«Литер» газетінде саясаттанушы Досым Сатпаев «Әйнек үйдің синдромы» атты мақаласында, кейінгі кездері елде социологиялық құралдардың көмегімен оппозицияның беделіне дәлдеп соққы беру әрекеттері байқалып отырғанын жазыпты. Автор аз уақыттың ішінде қазақстандық екі бірдей әлеуметтік зерттеу ұйымдарының бірінен кейін бірі жариялаған оппозицияның саяси сахнадағы орны мен рөлі туралы сауалнама қортындылары ұқсас екенін айтыпты. Бұның барлығы неліктен жасалып отыр деген сауалға, кейбір сарапшылар кезектен тыс парламент сайлауы болуы мүмкін деген жорамал айтады. Сонымен бірге, қазір кейбір оппозициялық партиялар төңірегінде элита ішіндегі топтардың қатысуымен үлкен саяси ойын басталып кеткенін жоққа шығаруға болмайды, бұл ойын шартты түрде «қырғилар» және «көгершіндер» деп аталатын екі топтың арасында жүріп жатыр дейді Досым Сатпаев.
«Егемен Қазақстан» газетінің сейсенбілік санында тілшілер тобы демалыс күндері премьер-министр Кәрім Мәсімовтың жұмыс сапарымен Алматы қаласына келгенін жазыпты. «Мегаполистің тынысы және толғақты мәселелері» деп аталатын мақалада, Алматыдағы қала құрылысын реттеу және қалаға іргелес аймақтағы құрылыстың барысын бақылау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы болып, онда Алматының шекарасын он есеге кеңейту туралы ұсыныс талқыланғаны сөз болыпты.