Сәрсенбі күні жарық көрген газеттерде Қазақстанда жанар-жағар май бағасының тоқтаусыз қымбаттап, жер қойнауындағы табиғи минералды су көздерінің сарқылып бара жатқаны туралы мақалалар, кәсіпкерлік және білім беру мәселелері, сондай-ақ, оппозиция өкілдерінің пікірлері жарияланыпты.
«Тасжарған» газеті өткен айда елде ресми тіркеуден өткен «Бота» қоғамдық қорының бес құрылтайшысының бірі әрі қамқоршылар кеңесінің мүшесі, қазақстандық белгілі адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтистен алған сұхбатты жариялапты. Жовтис аталмыш қорға құрылтайшы болу туралы ұсынысты өзіне Швейцария үкіметі жасағанын айтыпты. Бұл қор бірнеше жыл шетелдік банкте тұмшаланып жатқан 84 млн АҚШ долларынан астам қаржыны Қазақстандағы кедей отбасыларындағы балалардың мұқтажына жұмсау үшін құрылған. Ал әлгі ондаған млн доллардың шығу төркіні туралы сауалға Жовтис: «бұл ұрлық ақша дегенді әзірге тек болжам түрінде айтуға болады. Ал оның нақты қандай ақша екені қазірде АҚШ-та сол елдің азаматы Джеймс Гиффенге қарсы жүріп жатқан сот ісі аяқталып, үкімі шыққан соң анықталады» деп жауап беріпті.
Осы газет Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбайдың саясатқа қатысты пікірін беріпті. Оппозиция лидері: «Елді кім басқарса да маған бәрібір, тек ол адам ұрлық жасамаса болғаны» деп, бір саясаткердің айтқанын қайталауды жөн санапты. «Бізде билікке жеткен соң оны теріс пайдаланатын саясаткерлердің басындағы сорақы нәрсе – бюджет ақшасын жымқыру. Көп жылдық тәжірибе көрсеткендей, онымен күресу мүлдем мүмкін емес» дейді Жармахан Тұяқбай.
«Айқын» газетінде журналист Айхан Шәріптің «Елбасының» тапсырмасын елемейтін болған ба?» деп аталатын мақаласында, шағын және орта бизнес нысандарына «ревизорлық тексерулерге» мораторий жарияланғанымен, тексеруші-қадағалаушы органдардың іскер қауымдастыққа әлі күнге дейін күн бермей жатқаны айтылыпты. Сонымен қатар, Бас прокуратураның мәліметі жарияланып, онда наурыз-сәуір айларында 24526 шағын және орта кәсіпкерлік нысанының тексеруге тартылғаны жазылыпты. Осы мәселеге байланысты мақала авторы, премьер-министр Кәрім Мәсімовтың Министрлер Кабинетінің жиынында барлық мемлекеттік органдардан бұл мәселеге байланысты ел президентінің шешімін бұлжытпай орындауды қатаң талап еткендігі туралы баяндапты.
Осы газетте басылған журналист Гүлбаршын Айтжанбайдың «Сарыағаштың» суы сарқылып барады» деген мақаласында, жер астындағы минералды бассейн суын бүгінгідей қарқынмен пайдалана беруді жалғастыра беретін болса, оның тартылып қалуы мүмкін екеніне мамандардың алаңдап отырғаны айтылыпты. Мақалада, кейінгі төрт жылда судың өздігінен толуы секундына 5 литрден 1,71 литрге дейін азайғандығы да жазылыпты. Сонымен бірге, минералды судың азаюына Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінде 1990 жылдардың ортасынан бастап сумен сауықтыратын шипажайлардың қаптап кетуінің кері әсері болғаны баяндалыпты.
«Время» газеті Қазақстандағы жанар-жағар май бағасының қымбаттап кеткені жайында «Отын бағасы: АҚШ артта қалды. Аманбысың, Еуропа?» деген мақала басыпты. «Мұнай өнімдерінің экспортына шектеу енгізіп, бағаны тұрақтандыруға ант-су ішкенімен, үкімет жанар-жағар май бағасының аспандауын ауыздықтай алмай отыр. Елдің кейбір аймақтарында автокөлік отынының бағасы АҚШ-тағыдан да асып кетті» деп жазады автор Алексей Коновалов.
«Аргументы и факты» газеті Қазақстанға арналған қосымшасында, Алматы қаласында автокөліктерге биоотын сататын бекеттің жұмыс істей бастағанын хабарлапты. Қазақстанда тұңғыш рет ашылып отырған бұл бекет арқылы айына 40 мың тонна биоэтанол отыны саудаға шығарылады деп жазады мақала авторы Максим Кузнецов.
«Айқын» газетінде жарияланған «Журналистер жаппай жаңылған екен» атты мақалада, былтыр ғана қабылданған «Білім туралы» заңның қалай орындалып жатқаны жөнінде Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың парламенттің жоғары палатасында баяндама жасағаны айтылыпты. Мақалада, БАҚ-та кеңінен айтылған Жансейіт Түймебаевтың келер жылы Ұлттық бірыңғай тест болмауы мүмкін деген сөзіне, министрдің сенаторларға журналистер қауымының қағыс естігенін және бұл сынақ жүйесінің жалғаса беретіні жөнінде айтқан сөзі жазылыпты.
«Тасжарған» басылымы кеше Францияға ресми сапармен барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарған делегация құрамындағы бір бизнесменнің сөзіне сілтеме жасап, делегациядағы қызметшілер қатарында Әсел есімді адамның бар екенін жазыпты. Ол кім деген сауалға жауап іздеген газет, бұл Әсел осы ғасырдың басында Қазақстан аруы атанған сұлу екендігін айтыпты. Сондай-ақ бұл адамның Қазақстан президентіне таныс-жақындығына қатысты өз болжамын беріпті.