Жұма күні жарық көрген газеттер ұлттық бірыңғай тест сынағы, үлескерлер проблемасы, жолақыға байланысты студенттердің наразылығы және мұнай тасымалы жөнінде сөз қозғапты. Сондай-ақ бірқатар басылымдарда қоғамды демократияландыру мен қор нарығына арналған мақалалар жарияланыпты.
«Республика» апталығы Алматы қаласындағы бір мектептің түлегі Әсем Әбдіқадырова есімді қыздың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған ашық хатын басыпты. Әсемнің айтуынша, ол он бір жыл бойы мектепті жақсы оқып, былтыр республикалық «Дарын» олимпиадасының жүлдесіне ие болған. Бірақ, биылғы Ұлттық бірыңғай тест сынағында бар болғаны 33 балл алған Әсем енді жоғары оқу орнына, тіпті ақылы бөлімге де түсе алмайтынын айтады. Өз біліміне сенімді Әсем биылғы тест сынағында үлгерімі нашар балалардың жоғары балл алып кеткенін әділетсіздік дейді. «Ұлттық бірыңғай тест білім деңгейін анықтамайды, ол сәтін салса ұтып, әйтпесе ұтылатын лоторея ойны тәрізді» деп бағалайды мектеп түлегі. Ол өзінің жоғары білім алғысы келетін асқақ арманы барын айтып, «осы жанайқайым президент Назарбаевқа жетсе екен» дейді. Осы басылымға сұхбат берген Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын мектеп мұғалімі Софья Ибрагимова «биылғы Ұлттық бірыңғай тест алдында ұстаздар сынақта жоғары баллға ие болғысы келетіндердің ата-аналарына 500-ден 3000 мың доллар аралығында ақша жинау керектігін ескерткенін» айтыпты.
«Жас қазақ» газетінде журналист Төлен Тілеубайдың «Мәсімовтың үкіметін үрей жаулап алды» деп аталатын мақаласы жарық көрді. Онда премьер- министрге үлескерлер мен баспанасынан айырылған 200-ге жуық адамның үндеу хат жазып, «Сөзімізге құлақ аспаған үкімет отставкаға кетсін!» деген талап қойғаны сөз болыпты. Мақалада, үкімет пен Астана қаласы басшылығының 6 сәуірдегі 1,5 мың адам қатысқан митингінің қарарына, бір айға созылған аштық акциясына еш назар аудармағанына ашынған үлескерлер 6 маусымда да жергілікті биліктің рұқсатын алмай-ақ, «Лайықты баспана үшін!» ұйымымен бірлесіп, «Полянка» кооперативінің алдында алқалы жиын өткізгені айтылыпты.
Осы басылымдағы «Ресейліктер Құрықтан қауіптеніп отыр» деген редакциялық мақалада, ұзындығы 750 шақырым Ескене-Құрық мұнай құбырының құрылысына «Шеврон» компаниясының 1,5 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отырғаны жазылыпты. Сондай-ақ, мақалада бұл құбыр арқылы Қашаған мен Теңіздегі мұнай Каспий теңізі арқылы Әзірбайжанға, одан әрі қарай Ресейді айналып өтіп Еуропаға тасымалданатындығы баяндалыпты. «Орталық Азиядағы байлыққа жанама түрде ықпал етіп, Батыс елдерінен мұнай мен газды қызғанып келген Ресейдің «қожайындық» дәуірі аяқталатын болды» дейді, мақала авторы.
«Айқын» газетіндегі «Студенттерді алалаған жөн емес» деп аталатын Ж.Әшімханұлының мақаласында, қоғамдық көліктегі бағаның 10 теңгеге қымбаттағаннан соң, арнаулы оқу орындарының студенттеріне грантта оқиды деген анықтама қағазды көрсеткен жағдайда ғана 50 пайыздық жеңілдік болатыны тілге тиек етіліпті. «Жолаушылар тасымалы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорын қабылдаған дәл осы шешім дауға айналып, студенттер грант пен ақылы оқу орындарындағы қыз-жігіттерді бөліп-жарғанына наразылық танытыпты.
«Республика» апталығындағы «ОБСЕ-ге крест қоямыз ба?» деген журналист Сергей Дувановтың мақаласында былтыр Мадридте, ЕҚЫҰ мүше мемлекеттер өкілдерінің алдында сөйлеген Қазақстан сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің үкіметтің атынан берген уәдесінде, не айтылғанына баса назар аударылыпты. «Тәжиннің уәделеріне мұқият үңілер болсақ, онда демократиялық мақсаттағы нақты реформаларды жүзеге асыру емес, тек қана шаралар қабылдау, жігер жұмсау деген секілді жалпылама сөз тіркестерін көреміз. Яғни, елде саяси процестерді демократияландыруға байланысты ешқандай міндеттемелер жоқ. Қазақстан билігі үйреншікті әдетімен еуропалықтарды сылдыр сөзбен алдап соқты. Бұндай «қызықтың» алда әлі талайын көретін боламыз» деп жазады Дуванов.
«Айқын» басылымында «Астанада Ұлттық телеарналар орталығы құрылмақшы» деген мақала жарияланыпты. Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің осы мекеменің кеңейтілген алқалы мәжілісінде, басты міндеттердің бірі ретінде Астанада «Қазақстан», «Хабар», «Ел арна» және «Cospionet» телекомпанияларының кеңселері орналасатын, Ұлттық телеарналар орталығы мен жаңа телемұнара құрлысын салу керектігін сөз етіпті.
«Литер» газеті Қазақстандағы 14 жинақтаушы зейнетақы қорының бәрі салымшыларға еш пайда әкелмей, шығынға ұшырап жатқанын жазыпты. «Оның себебі, қолданыстағы заң бойынша, әлі күнге шейін салымшы зейнетақы қорындағы ақшасын өзі тиімді деп тапқан инвестициялық мақсатқа жұмсай алмайды. Парламент Мәжілісі таяуда мақұлдаған жаңа заң жобасы бұл олқылықты түзеуге мүмкіндік берер» деп үміттенеді мақала автор Алексей Храмков.
«Деловой Казахстан» газетінде қаржы маманы Бақтияр Бақасұлының «Құнды қағаздар базарында Буратино керек пе?» деген мақаласы жарық көріпті. Онда автор Қазақстанда халық қор базары туралы әлі жеткілікті білмейтіндігіне тоқталып, мемлекет, тұрғындармен жұмыс істеген кезде, олардың әлеуметтік ерекшелігін айқындап алу қажеттігін ескертіпті. Қаржы базарын насихаттауға қатысты абай болған жөн дейді, сарапшы. «Қазір акцияларға қызығушылығы артып отырған көп адамның қаржы саласынан тәжірибесі жоқ, сол себепті, инвестициялық ағартушылық жұмыстың мақсаты акцияларды немесе пайларды сатып алуды жарнамалау емес, білікті инвесторлар базасын қалыптастыру. Сондықтан, жерге алтын ділдә көміп, содан ұлан-асыр байығысы келген Буратино – қаржы базарына қолайсыз кейіпкер» деп қорытады автор.
«Егемен Қазақстан» газетінің 13 маусым күнгі санында, Айбатыр Сейтақтың «Астана күні – жаңа мемлекеттік мереке» деген мақаласы жарық көріп, онда Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы 20 мамырдағы тапсырмасына сәйкес, үкімет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға толықтыру енгізу туралы заң жобасын мәжіліске ұсынғаны айтылыпты. Бұл заң жобасы елде шілденің 6-сын «Астана күні» деп, жаңа мемлекеттік мереке ретінде белгілеуді көздейтіні айтылған.