Жыл бойғы Жер заңының орындалуына қатысты 8 мыңнан астам тексерудің 46 пайызында, оны заңсыз басып алу жайттары тіркелген. Бұл туралы Астанада маусымның 16 күні парламенттің үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік төрағасы Өмірзақ Өзбеков хабарлады. Даулы аймақтарда баспана тұрғызып алғандар жер дауына байланысты агенттікті кінәлап отыр. Ал агенттік басшылығы болса, 2008 жылы Жерге қатысты заңдарды күшейтпекші.
Жер ресурстары агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков жерге қатысты заң бұзу әрекеттерінің, көбінесе жергілікті атқару билігі тарапынан болатынын айтып отыр. Мысалы, Астана маңындағы «Маман» ауылдық оқу шаруашылығы Астанаға қосылған 5 мың гектардың қолдану мақсатын өзгертіп, 10 соткадан бөліп, үй салатындарға сатып, миллиардтаған теңге пайда тапқан.
Қазақстан Конституциясында мемлекеттің әр тұрғынына жер тегін берілу керек деген бап болғанымен, онда тұрғындардың белгілі бір категориясы ғана ескерілген. Сонымен қатар агенттік атына топографиялық түсірімдерді заңсыз таратқан деген айыптаулар да болған. Бұған байланысты Өзбеков агенттік жер телімдерімен айналыспайды деп жауап берді.
«Мұнда құжаттардың техникалық дайындау үдерісі ғана бар, алайда жемқорлық мүлде жоқ деп айта алмаймын», - деді ол.
Астана маңындағы саяжайдағы үйі күреліп кете ме деп қорқып жүрген тұрғын Қанымжан Исабекова, бұл мәселеде жер ресурстары агенттігі жауапкершіліктен қашып отыр деп есептейді.
Парламент Мәжілісінің депутаты Сансызбай Есіловтың пікірінше, агенттік дұрыс жұмыс істемей отыр.
«Мысалы, Астана іргесіндегі Өндіріс кентінде біршама тұрғын жер телімдерін заңсыз басып алған. Бірақ, жер инспекциясы осы жерде бірінші құрылысшы келген кезде, бұл мәселені көтеруге тиіс еді. Олай болмады. Проблема көбейе беріп, әлеуметтік саяси проблемаға дейін өсті», - дейді депутат Есілов.
Жер ресурстары агенттігінің төрағасы Өзбеков бұл сұраққа өзінше жауап берді. Оның айтуынша агенттікте маман тапшы.
«Барлық Қазақстан бойынша 250 адамнан сәл асады. Сонда бір адам 2 миллион гектар жердегі тәртіпке жауап береді. Екіншіден, машина тапшы. Бір облысқа небәрі екі көліктен келеді. Үшіншіден, бірде бір жер инспекторында өзі жұмыс істейтін бөлмесі жоқ, ал кеңселерді жалдауға бөлінетін қаржы жыл сайын қысқарып барады», - деді Өзбеков.
Парламент Мәжілісінің депутаты Бағила Баймағанбетованың айтуынша, барлығы бас жоспарды желеу қылып тұрғындардың үйлерін күрейді.
«Ал орнына монша, мейрамхана сияқты ғимараттар салады. Мұны мен мемлекеттік қажеттілік деп санамаймын», - дейді депутат Баймағанбетова.
Жер ресурстары агенттігінің төрағасы Өзбековтың айтуынша, мемлекеттік қажеттілікпен жер телімдерін қайтарып алу мәселесі қазіргі жер кодексінде дұрыс жазылмаған.
«Сондықтан толықтыруларды көздейтін жаңа заң жобасы дайындалып жатыр», - дейді ол.
Жаңа заң жобасы қазір мемлекеттік органдардың қарауына берілген. Шілде айында жоба үкіметке, ал осы жылдың қыркүйек айында парламентке беріледі. Онда ауыл-шаруашылық мақсаттағы жер телімдеріне жеке меншік үй салуға тыйым салынады.