Америкалық “Мэрилл Линч” компаниясы мен франциялық “Кэпджемини групп” компаниясының әлем миллионерлеріне арналған дәстүрлі “Әлем байлығы” деген жылдық баяндамасы осымен он екінші рет жарыққа шықты. Баяндама ғаламдық қаржы дағдарысына қарамастан миллионерлер қатары ұлғайып жатыр, олардың аса қымбат заттарға деген сұранысы көбейіп жатыр дейді. Миллиардерлер қатары кедей елдің бірі - Қазақстанда да кеңейген. Бірақ халықтың басым көпшілігі күнделікті нәпақасын әзер айырады.
Америкалық “Мэрилл Линч” компаниясы мен франциялық “Кэпджемини групп” компаниясы әлем миллионерлеріне арналған дәстүрлі баяндамасын 24 маусымда жариялап, бір миллион доллардан артық ақшасы бар адамдардың қатары 2007 жылы оның алдындағы жылға қарағанда алты пайызға өсті дейді. Нақты айтқанда, миллионерлер саны былтыр 10 миллион 100 мың адамға жетті.
Миллионерлер саны алты пайызға өсті дегеніміз, миллионерлер клубына былтыр тағы 600 мың адам қосылды деген сөз. Негізінен бизнес-консалтингпен айналысатын “Мэрилл Линч” пен “Кэпджемини групп” компанияларының зерттеуі миллионерлер клубы мүшелерінің жалпы байлығы былтыр 9,4 пайызға өсіп, 40 триллион 700 миллиард долларға жетті дейді.
Ассошейтед-пресс агенттігі хабарлап отырғандай, әлемде 10 миллион 100 мың миллионер бар дегеніміз көп боп көрінуі мүмкін, бірақ олар әлем халқының 0,15 пайызын ғана құрайды.
Ал енді миллионерлер қатарының ұлғаюы шапшаң жүріп жатыр ма, бұл жерде заңдылық бар ма? “Глобал инсайт” компаниясының экономисі Брайен Бетюне инфляция өсіп жатқандықтан, аса бай адамдар қатарының ұлғаюы да түсінікті, керісінше, миллионерлер қатары бірден 15-20 пайызға ұлғайса, таңқалушы едік дейді. “Кэпджемини групп” компаниясының директоры Илияна ван дер Линде миллионерлер қатарының өсу қарқыны былтыр қайта азайды дейді. 2006 жылы миллионерлер қатары 8,3 пайызға өссе, былтыр тек ғана алты пайызға өскен.
Миллионерлер қатарының ұлғаюындағы келесі ерекшелік – аса бай адамдардың санаты әсіресе Үндістан, Қытай және Бразилияда өсе түсті. Қытайда, мәселен, миллионерлер қатары 20 пайызға көбейді. Ал енді әлем миллионерлерінің үштен бірі Америка Құрама Штаттарында тұрады.
Әлем миллионерлеріне арналған зерттеу ғаламдық дағдарыстың оларға кері әсерін етпей қоймағанын көрсетеді. Америка Құрама Штаттарында тұрғын үй базары мен банк жүйесінде былтыр дағдарыс шыққанда, миллионерлер санатында кері құбылыстар басталды. Бай адамдар ақшаларын тәуекелі көбірек салалардан шығарып, депозит мен тұрақты өсу пайызы бар инвестицияларға сала бастады. Мұндай инвестициялардың үлес салмағы 44 пайызға жетіп, 2006 жылға қарағанда тоғыз пайызға өсті.
Аса бай адамдардың санаты Қазақстанда да өсе түсті. Миллионерлер былай тұрсын, кедей Қазақстанда миллиардер деп ашық аталатын тұлғалар пайда болды. Олардың қатарына биыл Қазақстан президентінің іс басқарушысы Болат Өтемұратов қосылды, мемлекеттік қызметте жүрсе де, оның кемінде бір миллиард доллары бар екені анықталды. Америкалық “Форбс” журналы наурыз айында жариялағандай, әлем миллиардерлерінің қатарына биыл сегіз қазақстандық азамат қосылды. “Форбс” журналы Қазақстандағы ең бай адам деп “Қазақмыс” компаниясының президенті Владимир Кимді айтады, оның байлығы 4 миллиард 700 миллион долларға жетті. Қазақстан миллиардерлерінің қатарында президент Н.Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева және оның күйеуі, мұнай алпауыты Тимур Құлыбаев атанды.
Бұлардың ешқайсысы “Форбс” журналының мәліметі асыра сілтенді деп айтқан жоқ, ал кейбіреуі тіпті миллиардтаған доллары бар екенін мойындады, бұл байлық кезінде ешкімге керек болмаған акциялардың аяқ астынан қымбаттағанынан келді дейді. Алайда, Қазақстан оппозициясының белсенділері елдің табиғи байлықтарын ат төбеліндей азамат иеленіп отырғанда, ел экономикасы талан-таражға салынғанда мұндай миллиардерлердің пайда болғанына таң қалуға болмайды, елде миллиардерлер қатары іс жүзінде одан да кең дейді.
Қалай болғанымен, Қазақстан халқының басым көпшілігі кедей. Қазақстан статистика агенттігі бір айлық күнкөрістің ең төмен деңгейін 12 мың теңгеге жуық деп көрсетті, бұл 100 долларға жетер-жетпес сома. Алматы ардагерлерінің ұйымы сәуір айында мәлімдеме жасап, күнкөрістің ең төменгі деңгейіне іс жүзінде ай сайын кемінде 300 доллар қажет деген. Мұндай жалақыны Қазақстанда табатын жан баласы өте аз.