Соңғы уақытта елде әсіресе азық-түлік бағасының өсуі байқалады. Осыған орай бюджет қызметкерлері Үкіметтен өздерінің жалақыларын өсіруді сұрап отыр. Егер талаптары орындалмаса олар шеруге де шығуға әзір екендіктерін мәлімдеді.
Сессиясын тапсырып, жазғы демалысқа шыққан студент Асқар Біләл 1-2 ай болса да жұмыс істеп, ақша тапқысы келеді. Асқарды уақыт өткен сайын белең алып келе жатқан қымбатшылық алаңдатады.
- Мардымсыз шәкіртақымен ешкім күнін көре алмайды, студенттердің барлығы мен сияқты бос уақытында жұмыс іздеп, қаңғырып кетеді. Қазір Алматыда жүру өте қиын. Мысалы, болашақ жастардың қолында деп айтып жатады. Жастардың қолында қалай болады? Егер олардың жағдайлары жоқ болса, оқудың орнына жұмыс іздеп кезіп жүрсе. Мысалы, бұрындары 35 теңгеге нан алатын болсақ, қазір 60 теңгеге аламыз. Бір нанға тоймайсың. Бір бөлмеде 4 бала болса, 4 нан алуың керек. Қарның ашады. Егер қарның аш болса, мақсатыңа деген сүйіспеншілігің жоғалады ғой.
Қазақстан Статистикалық агенттігінің деректері елде әлі де қымбатшылық тоқтамағанын көрсетіп отыр. Мәселен, өткен маусым айында нан өнімдері мен дәнді дақылдар 4.8 пайызға өскен. Әсіресе, республика көлемінде қымбаттау көрсеткіші бойынша күріш алдыңғы орында тұр. Қазіргі таңда базарда күнбағыс майы, ет өнімдері мен қанттың бағасы да тұрақсыз. Сондай ақ, қымбатшылық өзге салаларда да белең алып келеді. Мәселен, жолаушыларды тасымалдау қызметі өткен аймен салыстырғанда 2.9 пайызға өскен. Бұл тек есеп қана. Ал оның іс жүзінде салмағы қарапайым көпшілікке түсіп отыр. Алатын жалақыларының қымбатшылық заманға сай келмейтіндігіне бюджет саласының қызметкерлері де наразы. Осыған байланысты таяуда олар Үкіметке тағы бір мәрте хат жолдады.
- Біз Үкіметке осыған дейін талай мәрте хат жолдадық. Әу баста билікке үніміз жетпей шаршап едік, енді олардың құрғақ уәделерінен шаршадық. Міне, жақында тағы бір хат жолдадық. Әзірге жауап жоқ. Біз бюджет қызметкерлерінің жалақысын ең болмағанда 15-20 пайызға көтеруді сұрап отырмыз. Қазір мысалы денсаулық саласындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 35 мың теңге. 12 мың теңгемен күн көріп отырған қызмет көрсетуші медбикелер бар, - дейді ҚР-сының денсаулық сақтау кәсіподақ ұйымының төрайымы Мереке Бутина.
Кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, бюджет қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайының төмендігі аталған салалардың дамуына нұқсан келтіріп отыр.
- Қазірдің өзінде ауылдарда мұғалімдер тапшылығы байқалады. Оған жастардың не үшін бармайтыны да түсінікті, - дейді олар.
Экономист-сарапшы Үсен Аманбев мамандар айтып жүргендей әлемдік дағдарыс ызғары Қазақстанға да әсер етті деген пікірге сенбейді. Елдегі қымбатшылықтың бәрі жасанды түрде жасалып отыр дейді ол.
- Базардың делдалдары, т.б делдалдар бір-бірімен ақылдасып алып, бағаны көтеріп отыр ғой. Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Ресейдің кеденінде отырғандар ұйымдасып, жасанды қымбатшылық жасап отыр. Олар сол жерден төмен бағамен алады да 10 есе қымбат бағамен сатады.
Ал экономист Рахман Алшанов болса, елде бір ғана себептен қымбатшылық болып отырған жоқ деп есептейді.
- Ішкі де, сыртқы да себептер бар. Қазір дүниежүзінде азық-түліктің қымбатшылығына байланысты түрлі қорлар бар. Олар тауар нарығында емес, қаржы нарығында жүр. Кешегі бидай, қант, өсімдік майларының бағасының өсуі осының салдарынан болды. Ел үкіметі осыған дейін қымбатшылықты құрықтауға уәде бергенімен, әзірге тиімді шаралар жасай қойған жоқ. Ал жүгенсіз кеткен алыпсатарлар еркіндіктің арқасында бағаны өздеріне бағындырып қойды. Біздің Үкімет кейде өрт сөндірушілер сияқты. Негізі жүйелі түрде жұмыс істеу керек қой. Елдің қалтасына қол сұғып жатқан алыпсатарларды тоқтату керек. Бізде баяғыдай еркін нарық жоқ. Мемлекет реттеуші функциясын атқару керек. Дамыған мемлекеттердің тәжірибесін пайдалану керек. Иә, сұраныс өсті. Бірақ енді қарап отырмау керек қой. Оның себеп-салдарын анықтау керек. Индустрия және сауда министрлігі не қарап отыр? - дейді Рахман Алшанов.
Қазақстанда маусым айында өткен 2007 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы 29,3 пайызға көтерілген. ҚР-сының статистикалық агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, өткен маусым айында Қазақстанда инфляция көрсеткіші 1,2 пайызды құраған. Сөйтіп, жалпы алғанда 2008 жылдың қаңтар мен маусым айларында елдегі инфлиция деңгейі 5,7 пайызға жеткен.