Орталық Азияда тәуелсіз басылымдарға ешқашан оңай болған емес. Бішкектің салық комитетіндегі жемқорлық туралы жазғаны үшін Қырғызстанда кеңінен танымал "Де-Факто" газетінің редакторына қарсы қылмыстық іс қозғалды. Президент Құрманбек Бәкиевтің жиені туралы сын мақала жарық көргеннен бері газеттің басына үйірілген бұлт арылмай тұр.
"Де-Факто" газетінің бас редакторы, бес жыл түрме жазасына кесілуі мүмкін Чолпон Орозобекова жоғары билік қатарындағы непотизм мен жемқорлық туралы жазылған мақалалар үшін билік газетті жауып тастағысы келеді дейді.
12 маусым күні "Де-Фактода" Замира Молдоева деген бүркеншік атпен ашық хат жарық көрген болатын. Онда ашық хат авторы Бішкек салық комитетіндегі жемқорлық туралы жазып, пара алатын шенеуніктердің есімдерін атаған еді. Міне осыдан кейін газет редакторына қарсы айып тағылды.
Шекарасыз репортерлер ұйымы Орозобековаға қарсы азаматтық іс емес, қылмыстық іс қозғалғанына наразылық танытқан болатын. Чолпонның өзі былай дейді:
- 3-шілдеде мені тағы да жауапқа шақырды. Тергеуші маған бір қағаз ұсынып, қол қойыңыз, бұл сіз үшін күтілмеген нәрсе деді. Мен қамап қоятын шығар деп ойладым, ол маған сіз енді куәгер ретінде емес, айыпталушы ретінде жауап бересіз деді. Олар менi сөйтіп моральдық тұрғыда тізe бүктіргісі келеді.
Бұл тергеу амалдары Молдоеваның хаты жарияланған күннің ертесінде басталып, Орозобековаға қарсы айып 14 шілдеде тағылды.
- Маған күлкілісі олар бір күннің ішінде біз тексердік, жемқорлық жоқ деп, барлық кінәні бізге, редакцияға қарай аударып жібергісі келеді, сөйтіп газетті айыптап, жауып тастағылары келіп отыр.
"Де-фактоның" барлық қағаздары мен құжаттарын бір емес бірнеше рет тексерістен өткізген. Орозобекова өзінің үйінің де тексерілгенін айтады. Газет ұжымы енді 20 тамызға дейін мәжбүрлі демалысқа шыққан.
Газет редакторы жарияланған ашық хаттың авторын таба алмай қалғанын айтып, бұндағы мәселе оның енді жоқ болып кеткенінде дейді.
2007 жылдан шыға бастаған "Де-Факто" басылымының таралымы жылдың соңына қарай 25 мыңға жетіп, Қырғызстандағы оқырмандар арасында жақсы танылған еді. Бұл басылым, жыл қорытындысында Ұлттық сыйлықпен де марапатталған болатын.
"Де-Фактоның" негізін бұған дейін Азаттық радиосының қырғыз редакциясында жұмыс істеген журналист Чолпон Орозобекова кәсіби журналист күйеуі екеуі бірлесіп қалаған. Ол газет кеңінен танымал бола бастағанда оған қарсы қысым да көбейді дейді.
Өткен айда "Де-Факто", "Әліби" деп аталатын газетпен бірге президент Бәкиевтің жиені Асылбек Сәлиевпен арада болған сот ісінде ұтылып, 28 мың доллар айыппұл төлеу туралы шешім шыққан еді.
Онда газеттегі Сәлиевтің жаяу жүргінші қаза тапқан жол-көлік оқиғасына қатысы турасында басылған мақаласы үшін іс қозғалған болатын. "Де-Факто" редакторы газетке қарсы науқан қарапайым тұрғындардың елдің жоғары билігінде жемқорлық пен непотизм тереңдеп бара жатқанына наразылығы күшейіп тұрған шақта ұйымдастырылып отыр дейді.
Орозобекова билік өзінен кек қайтару шараларын жасап жатқанын айтады:
- Мен бұл істі жеңіп шығамын деп ойламаймын. Олар мені түрмеге отырғыза қоймас, бірақ ең жеңіл дегенде олар маған шартты түрде жаза кесуі мүмкін. Олар мені ақтай қояды деп мүлде үміттенбеймін, өйткені қырғыз соттары Ақ үйдің қоңырауымен ғана жұмыс істейді.
3 шілде күні Шекарасыз репортерлер ұйымы Орозобековаға қарсы қылмыстық іс қозғалғанын сынап, мәлімдеме таратты.
Қырғызстандағы Демократия мен әлеуметтік қоғам үшін коалициясы "Де-Факто" газетіне қарсы қозғалған істің саяси астары бар деп, бұл сөз еркіндігін шектеу, журналистерді қорқыту-үркіту деп атады.
Ал азаматтардың шағым арыздарын тыңдап, олардың құқтары үшін күресуі тиіс омбудсмен болса, "Де Факто" газеті нақты деректерге негізделмеген мақалаларды баспауы керек еді деп атап өткен. Дегенмен де, Турсунбек Акун осындай себептермен газетті жабуға тырысып, журналисті қудалау дұрыс емес, бұл іс елдегі сөз бостандығы жайында көптеген сұрақтар тудырады деп атап көрсеткен.