Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров германиялық әріптесімен соңғы кездесуінен кейін, Берлиннің бастамасы дағдарыстан шығуда ымыраға әкелетіндей өте пайдалы болды деді. Абхазия ол жоспардан жарамсыз деп бас тартқан еді.
Лавров осыған дейін Германияның жоспары дұрыс бағытта, бірақ босқындарды қайтару мәселесі болмайтын жағдай деген. Бірақ оның бұл қатты сыны жұма күні кешкісін Германия сыртқы істер министрі Франк- Уолтер Штайнмайермен кездесуден кейін өзгеріп отыр:
“Германия тарапынан жағдайды реттеу жөніндегі Франк- Уолтер Штайнмайер ұсынған үш сатылы жоспар талқыланып жатыр. Және біз мұның тұжырымдық жағы өте дұрыс деп санаймыз”.
Лавров сондай-ақ, Штайнмайер екеуі БҰҰ-ның бес мүшесінен құралған достастық тобының жұмысы күшейе береді деген.
Штайнмайердің төрағалығымен Британия, Франция, Германия, Ресей және Құрама Штаттардан құралған ол топ Абхазия дағдарысын шешуге тырысады.
Германия жоспарының бірінші сатысында Грузия мен Абхазия арасындағы ресми құжат бойынша әскери күш қолданбауға шақырып, Абхазияға 1992-93 жылдардағы соғыста босып кеткен грузиялықтарды қайтару сұралады.
Жоспардың 2010 жылы басталуы тиіс екінші сатысы- қақтығыстан кейінгі қайта қалпына келтіру жағдайларына бағытталған. Ал соңғы үшінші сатысы- Грузияның жікшіл аймағы- Абхазияның мәртебесіне байланысты мәселе болмақ.
Абхазияның жетекшісі Сергей Багапш болса, Грузия өзінің Ішкі істер министрлігінің күштерін Кодори шатқалынан әкетпейінше, Абхазия ешқандай бейбіт ұсынысты талқыламайды деп отыр.
Жұма күні Багапш Галиде Штайнмайермен кездесуден кейінгі баспасөз- мәслихатында:
-Грузия өзінің Кодори шaтқалынан әскерін әкеткенше, бұл келісім туралы сөйлесу немесе басқа жағдайларды қарау пайдасыз нәрсе, өйткені бұл бізге тіпті жарамайды. Және біз сол үшін өзіміздің баламалы келісіміміз туралы жұмыс істеп жатырмыз,-деді.
Абхазия мен Ресей бұл Грузия мен Абхазия жетекшілер арасындағы бейбіт келіссөздер алдында Грузия әскери күш қолданбауға сөз беретін құжатқа қол қоюы керек деген еді, ресми Тбилиси оны қабылдамады.
Жұма күні Азаттыққа берген сұхбатында АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері бойынша орынбасарының көмекшісі Мэтью Брыза Абхазия мен Ресей ұсынып отырғандай, алдын- ала жағдайды алға тартуды сынға алды:
“Бұл келіссөз бастау үшін алдын- ала шарттарды қарастыруды алға тарту сияқты саудаласудың негізгі элементері қандай да бір тараптың келісімге келуіне мүмкіндік жасамайды, бұл жақсы жағдай емес. Онда Грузия ашық айтуы керек "иә, әлбетте біз аймақтық саудаласудың бір шегі ретінде күш қолданбауға дайынбыз" деп,"дейді Брыза.
Штайнмайердің Грузия, Абхазия және Ресей жетекшілерімен келіссөздері аймақта шиеленісті жағдай күшейіп кеткен соң болып отыр. Тбилисидің НАТО-ға мүшелікке өту талпынысына байланысты және Мәскеудің Грузияның екі жікшіл аймағы Абхазия мен Оңтүстік Осетияға қолдау танытуынан кейін, Ресей мен Грузия қарым-қатынастары ушыға түскен болатын