Қоғамның моральдік қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыс деген тұрғыдағы заң жобасын Иран парламенті мақұлдайтын болса, блог жазушылардың талайы өмірлерінен айрылатын болады. Ондайлардың қатарына интернетте сыбайласқан жемқорлықты, жезөкшелікті және діннен шығуды қолдап жазушылар енуі мүмкін. Бұл жобаны парламент осы айдың басында, алғашқы оқылымында-ақ өткізген болатын. Енді оны Жасақ кеңесі және заң шығарушы билік мақұлдаса, заң өз күшіне енетін болады. Ол жобада қарулы топ ұрлығы, есірткі тасымалы, зорлау сияқты бірнеше қылмыс түрлері тізбеленген.
Ал интернетте сыбайласқан жемқорлықты, жезөкшелікті және діннен шығуды насихаттағандарға қарсы оң қолы мен сол аяғын кесуден бастап, дарға асу жазалары қолданылуы мүмкін. Техранда тұратын заңгер Мұхаммед Хусейн Сейфзаденің Фарда радиосына айтуынша, осы әрекеттер- интернеттегі еркін ой мен ақпаратқа Иран билігінің бөгет жасауға тырысуы. Бұл ресми Техранның интернетті ауыздықтауға тырысуының алғашқы қадамы емес. Талай саяси веб парақшалар мен тәуелсіз жаңалықтар сайты, тіпті музыка сайттары жабылып тасталған болатын. Сондай-ақ Ирандағы веб парақшалар баяу жұмыс істейді. Блог жазуға қарсы бұған дейін заң жоқ еді. Енді міне ел билігі блог жазуды да ауыр қылмыстар тізіміне енгізіп қойды дейді Сейфзаде.
Хұқық қорғаушылар мен заң саласы сарапшыларының айтуынша, осы жаңа заңның қабылдануы елде өлім жазасы мен оның орындалуын көбейте түседі. Өлім жазасын тым көп қолданатыны үшін Иран елі бұдан бұрын да талай сындарға душар болған-ды. Нобель сыйлығының иегері Ширин Ебади басқаратын Адам хұқын қорғаушылар орталығы бұл заңды айыптаған болатын. Сыбайласқан жемқорлық пен діннен шығу қылмыстары деңгейін сот орындары анықтайды. Сондықтан блог жазғаны үшін айыпталып, өмірінен айрылатындар саны көбейе түсуі мүмкін дейді аталған орталық сарапшылары.