Совет үкіметі құлағалы бері Батыс пен ТМД елдері арасындағы байланыстарда өтпелі кезең үлгілері деген ұғым қолданылып келеді. Алайда мұнайлы елдерде жағдай басқаша арнаға түскен дейді сарапшы Дэниел Киммидж
Коммунистік, репрессияшыл өткенінен тезірек арылып, демократиялық саясат пен еркін нарыққа бет алу жолында өтпелі кезең өрнектері бұрынғы советтік мемлекеттерге аса маңызды боп көрінген еді. Осы демократиялық реформаларға ұмтылыс үдерісінде, оларға көмектесу мақсатында Батыс елдері Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты демократиялық ұйымдарды құрған болатын. Біраз бұрынғы советтік республикаларға бұл үлгі қазір де қажет.
Алайда мұнайға бай Әзірбайжан, Қазақстан, Түркменстан және Ресей сияқты елдер үшін өтпелі кезең заңдылықтары лайықты көрінбей қалғандай. Мұнайдан түсіп жатқан ірі қаржы мен толып жатқан басқа да пайдалар бұл елдерде ауторитаризмді орнықтыра түсті.
Сонымен бүгінгі мұнайлы елдерде комунизмнен өтпелі кезең аяқталып, олар ауторитаризмге аялдаған. Мұнай долларымен ол ел басшылары саяси саланы бақылауында ұстап, демократияның атын жамыла отырып, күлкі шақыратындай дәрежеде сайлаулар өткізуде. Сөйтіп, ондай басшылар шынайы да талантты қарсыласының билікке келуіне жол бермей отыр. Реформалар жүргізу өздерінің экономикалық қызығушылықтары мен саяси биліктеріне нұқсан келтіреді деп есептейді аутократтық билеушілер. Сондықтан бұл елдерде технократиялық жаңашалауды жүзеге асыру мүмкіндігі бар, алайда демократияландыру мүмкіндігі емес.
Шығыс блоктан шыққан диссиденттерге заңды түрде қолдау көрсету үдерісі 1975 жылы қабылданған Хельсинки келісімі аясында жүзеге асатын еді. Оның ең жемісті қызмет атқарған мерзімі 1990 жылдар еді.
Енді міне Ресей елі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының сайлау бақылаушыларын өз сайлауларына қатыстырмады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев болса “Қазақстанның демократияға қарай өз жолы бар”,- деді. Міне осы және өзге де мысалдар жиынтығы Хельсинки келісімі күнінің таяу қалғанына мегзеуде дейді Азаттық радиосының геосаясат бойынша сарапшысы Дэниел Киммеж.
Жаңа дәуірде, әлем энергия көздеріне тәуелді боп тұрған тұста, халықаралық қарым-қатынастарда демократияландыру мен адам хұқықтарын қорғау тұрғысындағы міндеттемелердің орындалуы маңызды мәселе болмайын деп тұр.
Ендеше жаңа кезеңдегі бұрынғы Совет үкіметі елдеріне қатысты іс-әрекеттер мынандай тұрғыда болуы керек: Ол елдер “өтпелі кезеңді бастан кешудеміз” деген міндетсуін тоқтатуы тиіс. Себебі Батыстың ойлағанындай жетістіктерге олар өтпелі кезеңде қол жеткізе алмады.
Сондай-ақ, ауторитаризмнен гөрі демократиялық басқару жүйесінің артықшылықтарын көпшілік алдында айқын түрде түсіндіру керек. Себебі мұнайлы елдер қазіргі кезде уақытша болса да экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіп, бұл жағдайды өз ауторитарлық билік жүйесін ақтап алу үшін оның басшылары қолдануда. Ендеше мұндай жағдайда білікті қарсы шабуыл қажет болады дейді мақала ауторы Киммидж.
Демократиялық үдеріс ол елдердің ұлттық қызығушылықтарына да қызмет етеді. Атап айтқанда мықты заң жұмыс істеген жерде бизнес жүргізу оңай болады. Демек, халыққа осы жағын Батыс демократтары айқын жеткізуі тиіс.
Сондай-ақ демократияға қолдау көрсетудің жаңа стратегиясын жүзеге асыру ләзім.
Тағы бір айтатын жағдай, мұнайлы-ауторитарлық билік құлаған жағдайда не істеу қажеттігі жөнінде бізде жоспар болуы керек дейді аутор Киммидж.
Әдетте мұнайлы мемлекеттер мықты ауторитаризм жолына түсіп алады да, ол бірнеше онжылдықтарға ұласады. Алайда ауторитарлық билеушілердің бірінші ұстанатын заңы өмір сүруін тоқтатқанға дейін ол билік тамаша тұрақтылыққа ие болып тұра алады.
Мұнайлы елдер қисық жолмен жүруі мүмкін. Әлсіз ұйымдар мен демократиялық емес саясат және мұнай мен газға негізделген экономикасы бар мұнайлы елдерде ерте ме, кеш пе болатын дағдарыс салдарларына біз қазірден дайын болуымыз керек дейді Азаттық сарапшысы Дениел Киммидж.