Ресейдің шабуылдары ұлғайған сайын Грузия мемлекеттік тәуелсіздігіне қатер төнгенін сезіне түскендей. Нәтижесінде көзқарастары бір –бірімен қабыспайтын бұрынғы жаулар енді ұлтшылдықтың туын көтеріп, саяси бірлікке жұмыла түсті.
Грузиндердің көпшілігі 1921 жылды ұмыта қойған жоқ.
Сол жылдың ақпан айында Қызыл Армия Тбилисиге басып кіріп, Казвказ аймағы елдерінің үш жылдық тәуелсіздік кезеңін Грузияны Совет Одағына қосып алумен аяқтаған еді. Енді грузиндердің көпшілігі сол тарих тағы қайталана ма деп қорқатын тәрізді.
Жексенбі күні мемлекеттік теледидардан берілген сөзінде парламент спикері Давид Бакрадзе:
-Бәріміздің де куә болып отырғанымыздай бұл кең көлемді әскери басқыншылық 1921 жылға ұқсап барады. Біз, Грузия билігі, оны болдырмаймыз. Біз Грузия азаматтарымен және барлық тұрғындарымен бірге бұлай болуына жол бермейміз.
Грузия үш күнге жалғасқан қақтығыстардан кейін өз күштерін 10-шы қыркүйек күні Оңтүстік Осетиядан шығарды. Ал Ресей әскерлері жексенбі күні Грузияның ішін, Тбилисиге жақын әуежайды бомбалауын жалғастырды.
Тбилиси ресмилерінің сөзіне қарағанда, Мәскеу 10 мыңға жуық жасағын Оңтүстік Осетияға орналастырған.
Парламент спикері Бакрадзе елді біліккке шақырып, өз тәуелсіздігін қорғауға үндеді. Грузияның саяси элитасы да ел туы астына жиналды.
Президент М. Саакашвилидің басты сыншысы, Парижде қашқында жүрген бұрынғы қорғаныс министрі Иракли Окруашвили Грузияға қайтып барып, Ресей әскерлеріне қарсы қатардағы жауынгер ретінде күресуге әзір екендігін мәлімдеді.
Оппозицияның да бір жұдырық болып, бір-бірін бірлікке шақырып жатқаны байқалады.
Тамыздың 7-і күні Азаттық радиосының грузин редакциясына берген сұхбатында Жаңа құқтар партиясының жетекшісі Давид Гамкрелидзе баршаны ұлттық бірлікке шақырды.
Басқа да оппозициялық партиялар жетекшілері осыған ұқсас мәлімдемелер жасады.
Дегенмен де бұл негізі жаңа қаланып жатқан ұлттық бірліктің бір жағы әскери мақтаншақтық, даңғазалыққа да ұласып жатқандай.
Мәселен Азаттық радиосының грузин редакциясына берген сұхбатында парламенттің қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жетекшісі Гиви Таргамадзе сан жағынан өзінің аздығына қарамастан, грузин күштері жеңіске жетеді деп, Ресей әскерлерінің күш-қуатын менсінбеу сыңайын танытты.
Нью-Йорктағы Колумбия университетінің халықаралық істер бойынша Грузия мәселелеріне қатысты маманданған профессоры Линколн Мишель Грузияның жаңа бірлігі және үкіметтің батыс үлгісіндегі азаматтық патриотизмі осы жанжал тұсында ғана өмір сүре алатын қысқа мерзімдік ахуал дегенді айтады.
Бомбалау жалғаса беретін болса, Саакашвили үкіметінің билік басында әрі қарай қалуының өзіне қатер төнеді дейді сарапшы.