Қырғыз жолаушы ұшағы Манас әуе жайы маңында апатқа ұшырады. Хабарларға қарағанда ұшақта болған жолаушылардың көбісі қаза тапқан.
Ұшақта болған кісі санына орай екі түрлі хабар таратылып отыр. Ресми қызметкерлердің кейбірі ұшақта 123 адам болған десе, енді біреулері апат сәтінде ұшақта 90 адам болған дейді.
Қырғыз президентінің кеңесшісі Токон Мамытовтың сөзінше, апаттың себебі ланкестік әрекет емес.
Қырғызстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Қамчыбек Тачиевтің айтуынша, апаттан 25 кісі аман қалған. Олар түгелдей ауруханаға жеткізіліпті.
Жеке меншік Итек-Эйр компаниясының Бойнг 737 үлгісіндегі ұшағы Қырғыз астанасы Бішкектен Ирандағы Мешхед қаласына бет алған болатын. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін ұшқыштар техникалық ақаудың барын хабарлап, Манас әуе жайына қарай кері бұрылған.
Манас әуе жайындағы Американ әуе базасының бұқарамен байланыс бойынша офицері майор Дамиан Пикарттың айтуынша, Қырғыз тарабының өтінішіне сай, американдықтар апат болған жерге өрт сөндіруші және дәрігерлік көмек машиналарын жолдаған.